И. А. Зимняя педагогикалық психология


Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде



Pdf көрінісі
бет92/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   210
Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
 
Орта мектеп (жеткіншек) жасында (10-11-ден 14-15 дейін) 
жеткіншек ӛз іс-әрекеті контексінде қҧрдастарымен қарым-қатынасқа 
тҥсу жетекші рӛл ойнайды. Осы жастағы балаларға тән іс-әрекет ӛзіне 
оның оқу, қоғамдық-ҧйымдастырушылық, спортттық, кӛркемдік, еңбек 
сияқты тҥрлерін қамтиды. Пайдалы іс-әрекеттің осы тҥрлерін 
орындауда жеткіншекте қоғамдық қажетті жҧмысқа қатысуға, қоғамдық 
мәнді болуға саналы ҧмтылу пайда болады [144]. Ол тҥрлі ҧжымдарда 
қабылданған нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуды, 
ӛз «Менінің» мҥмкіндіктерін бағалау іскерліктерін ҥйренеді. Бҧл 
балалықтан ересектікке ӛтудің неғҧрлым кҥрделі жасы, бҧл кезде 
адамның орталық психикалық, тҧлғалық жаңа қҧрылымдары – 
«ересектік сезімі» пайда болады.
Жеткіншектің ерекше әлеуметтік белсенділігі ҥлкендер әлемінде, 
олардың қатынастарында кездесетін мінез-қҧлықтың нормаларын, 
қҧндылықтарын және тәсілдерін меңгеруге деген қабылдампаздығында, 
сензитивтілігінде жатыр. Жеткіншек шақты алдыңғы зерттеушілердің 
бірі Д.И. Фельдштейн атап кӛрсетуінше, адамның әлеуметтік пісіп 
жетілуі, оның белсенді әрекеттенуші субьект ретіндегі ӛзін-ӛзі тануы 
мен ӛзін-ӛзі анықтауының қҧрылымдануы «Мен қоғамға деген қатынас 
бойынша» жалпы позициясының екі, бір-бірін алмастыратын 
«қоғамдағы Мен» және «Мен және қоғам» деген позицияларға 
трансформациясымен анықталады. [220, 127 б.]. Бҧл жерде маңыздысы, 
жеткіншек басқа да жас кезеңдері сияқты біртекті емес, сатылы болып 
табылады. Осы кезеңде Д.И. Фельдштейн ҥш сатыны бӛледі: локальды -
қырсықтық (10-11 жас), бҧл кезде ҥлкендердің мойындауына деген 
қажеттілік ӛршіген; «қҧқықтық-мәнді» (12-13 жас), қоғамдық 
мойындауға деген, әлеуметтік қҧпталған пайдалы іс-әрекетке деген 
қажеттілікпен сипатталады, және де бҧл «менің де қҧқым бар, мен істей 
аламын, мен істеуім керек» деген сӛздік формаларда кӛрінеді; 
«мақҧлдаушы-әрекеттік» (14-15 жас), бҧл кезде ӛзін кӛрсетеуге, кҥш 
жҧмсауға дайындық ҥстем болады [220, 131-138 б.]. В.А. Караковский 
белгілегендей, кіші жеткіншекке: қатарластар ҧжымы мен отбасындағы 


168 
лайықты жағдайға деген қажеттілік; сенімді дос табуға ҧмтылу; 
сыныпта да, шағын ҧжымда да оқшау болудан қашу; сыныпта «кҥш 
теңестіру» мәселесіне деген жоғары қызығушылық; балалық шаққа тән 
қасиеттерден мҥлдем арылуға ҧмтылу; жас авторитетінің болмауы
негізделмеген тыйым салуларға деген жиіркеніш; мҧғалімнің 
қателіктеріне зеректік; жҥзеге асуы алыс болашаққа ҧйғарылған ӛз 
мҥмкіншіліктерін асыра бағалау; сәтсіздіктерге бейімделудің болмауы;
«ең жаман» жағдайға бейімделудің болмауы; армандауға беріліп кету 
тенденциясы, арманды аяқа таптаудан қорқу; сӛздің іске сай болуына 
талап ету; спорттқа деген аса қызығушылық; коллекциялар жинаумен
әуестену; кино ӛнерімен әуестену және т.б ерекше тән. Осылармен 
қатар, кіші жеткіншек тез шаршағыштықпен, айқын кӛрінетін 
эмоционалдықпен, кейде пайымдаулардағы ӛткірлікпен (дӛрекілікке 
дейін) сипатталады. Кіші кезеңінің соңына қарай шәкірттер білім 
берудің ары қарайғы бағдарламасын ӛз бетінше таңдаудың қажеттілігін 
саналы тҥсіне бастайды, мҧның ӛзі жеткілікті тҧрақты қызығушылықтар 
мен қалаулардың, еңбек пен қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің тҥрлі 
сфераларындағы бағдарланудың қалыптасқандығын ҧйғарады.
Егер кіші мектеп жасы ҥшін оқу іс-әрекеті жетекші болса (оған 
ену, осы іс-әрекет субъекті ретіндегі рӛлін қабылдау, оқу мотивтерінің 
қалыптасуы, оның пәндік мазмҧны мен қҧрылымын меңгеру және т.б.), 
онда орта жас оқушысы ҥшін (жеткіншек) жетекші ретінде сан алуан 
формалардағы қоғамдық пайдалы іс-әрекет болады, оның арнасында 
қҧрдастарымен интимдік-тҧлғалық қарым-қатынас та, басқа жыныс 
ӛкілімен ӛте маңызды қарым-қатынас та жатыр. Бҧл жерді оқу іс-әрекеті 
іске асырылып жатқан белсенділік бола бастайды – ол жасӛспірімнің 
дараландыруын «қамтамасыз» етеді. Әсіресе, оқу іс-әрекетінің 
қҧралдарын, тәсілдерін таңдауда ол ӛзін мақҧлдап, бекітеді. Бір мезгілде 
жаңа бір қоғамдастыққа бейімделу, ӛзіне таныс, екіншісінде, 
дараландыру және ары қарайғы ықпалдасу – бҧл жеткіншек ҥшін 
неғҧрлым мәнді әлеуметтік-психологиялық процестердің кҥрделі 
шиеленісуі. Ӛзін ӛзінен және басқалардан табу – осы жас кезеңінің 
негізгі саналы тҥсінілген немесе ішкі тҥйсікпен жҥзеге асырылатын 
қажеттілігі.
Оның негізгі қҧндылығы – қатарластарымен, ҥлкендермен
қатынастар жҥйесі, «идеалға» саналы еліктеу немесе санасыз еру, 
болашаққа ҧмтылу (қазіргіні жеткілікті бағаламау). Ӛзінің дербестігін 
қорғай отырып, жасӛспірім рефлексия негізінде ӛзінің сана-сезімін, 
«Мен» бейнесін, шынайы және идеалды «Мен» арақатынасын 
қалыптастырады 
және 
дамытады. 
Психикалық 
процестерді 


169 
интеллектуалдандыру негізінде олардың неғҧрлым кӛп ырықтылығы, 
жанамалылығы бағыттары бойынша сапалық ӛзгерулері жҥрді.
Осы жасӛспірімдік дәуірі дараландырудың макрофазасымен 
теңестіріледі, ол А.В. Петровский бойынша, «ӛзінің жеке тұлғалығын
белгілеу үшін құралдар мен тәсілдерді іздеумен сипатталады... осыған 
байланысты, дос-жарандарының алдында идеалды кӛріну қабілетін 
максималды дәрежеде жүзеге асыра отырып, жеткіншек ӛзінің бүкіл 
ішкі ресурстарын ӛз даралануын
 
іс-әрекеттік тұрғыдан тарату үшін 
жинақтайды (оқығандық, спорттағы жетістіктер, жыныстар 
арасындағы қатынастардағы «кӛп кӛргендік», батылдық, билеудегі 
ерекше мәнер, және т.б.), ӛзі үшін референтті топтан ӛзінің оңтайлы
дербестендірді қамтамасыз етеін кісілерді іздеуді үдетеді» [167, 22 
б.]. Сонымен бірге, барлық ҥш микрофазаларды – бейімделу, 
дараландыру және ықпалдасуды жҥзеге асырады.
Оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде жеткіншек ӛзінің субъекттік 
ерекшелік позициясын, «даралығын» мақҧлдату, бір нәрсемен 
ӛзгешеленуге ҧмтылу (әсіресе, ҧлдарда байқалатын) беталыспен 
сипатталады. Бҧл, егер оқу іс-әрекетінің мазмҧнымен – оның пәнімен, 
оқу міндеттерін орындау қҧралдарымен, тәсілдерімен теңестірілсе, 
танымдық мотивацияны кҥшейтуі мҥкін. «Ерекше болуға» ҧмтылу 
жетістікке жету мотивациясына да кіріп, оның «сыйлық», «табыс» 
сияқты қҧраушыларынан байқалады. Оқу мотивациясы танымдақ 
мотивация мен жетістік мотивациясының бірлігі ретінде жеткіншекте 
әлеуметтік, топтық болмыстың жеке мәнді және шынайы әрекеттегі 
мотивтерінің призмасы арқылы сынып опырылады. Жеткіншектің 
әлеуметтік белсенділігі мінез-қҧлық нормаларын, қҧндылықтары мен 
тәсілдерін меңгеруге бағытталады, бҧл оқу іс-әрекетінің мазмҧнында 
және оны ҧйымдастыру жағдайларында кӛрсетіле отырып, осы 
мотивтердің қанағаттандырылуына жауап береді. Сондықтан да 
педагогикалық психология жеткіншектің интеллектуалдық іс-әрекетін 
белсендендіруші барлық оқыту принциптерін жҥзеге асырудың 
маңыздылығын атап кӛрсетеді: оның мәселелендіру,
диалогтандыру;
даралануды, меңгеруді ҧйымдастырудың белсенді-әрекеттік формалары. 
Оқу іс-әрекетінің мазмҧны қазіргі кҥнгі әдебиеттің, музыканың, 
бейнелеу ӛнерінің, бидің жалпы әлеуметтік мәдени контексіне, сондай-
ақ қоғамдық-экономикалық, ӛмірлік-тҧрмыстық қатынастардың қазіргі 
кҥнгі жағдайларына қосылуы керек.
Жеткіншек жас ҥшін авторитетке деген қатынас та тән. Егер кіші 
мектеп жасында мҧғалім беделі отбасы беделінен кем болмаса, 
жеткіншек ҥшін ҥлкен адам беделдігі проблемасы білінбейді.
Бір 


170 
жағыннан, жеткіншектің «мен – ересек адам» позициясы оны 
ҥлкендерге қарама-қарсы қоятындай, ал келесі жағынан – олардың 
беделі жеткіншек ӛмірінің маңызды факторы болып қалады. Ҥлкен адам 
(мҧғалімнің) беделінің сақталуына келесілер ықпал етеді: «1) 
жеткіншектің қоғамдық жағдайының ӛзгеріссіздігі, ол оқушы болды 
және болып қалады; 2) оның ата-анадан толықтай материалдық 
тәуелділігі, олар мұғаліммен қатар тәрбиелеуші рӛлінде болады; 3) 
жеткіншекте ӛз бетімен әрекеттену іскерлігінің болмауы» [43, 111 б.].
Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде тек ғана ӛз 
мотивациясымен, 
позициясымен, 
қатынастарымен, 
«Мен» 

тҧжырымдамасымен ӛзгеше емес, сондай-ақ ҥздіксіз, кӛп сатылы білім 
беру қиындысындағы ӛмірдегі орнымен ӛзгеше. Ол ӛз ҥшін осы білім 
беруді жалғастыру формасын болжайды, шешеді, және осыған 
байланысты не оқудың, не еңбек іс-әрекетінің, қоғамдық айналасу, 
тҧлғааралық ӛзара әрекеттесу қҧндылығына бағдарланады. Оқуға 
бағдарлануда жеткіншек жоғары мектепте оқушысы мәртебесіне ӛтеді. 
Жоғары мектеп оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде – бҧл оқуды 
жалғастыруды таңдаған (немесе ӛзі ҥшін референтті ортаға бағынған) 
адам. Дәл осы оның субъект ретіндегі ӛзгешелігін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет