И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет59/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Тұлғаның дамуы
Адамның тҧлға ретінде дамуы оның «ӛмірлік жолының» жалпы 
контексінде жҥреді (С.Л. Рубинштейн) ол «белгілі қоғамда тҧлғаның 
қалыптасуы мен дамуының, адамның белгілі бір дәуірдің замандасы 


104 
және белгілі бір ҧрпақтың қҧрдасы ретінде дамуының» тарихы ретінде 
анықталады. Б.Г. Ананьев бойынша, ӛмірлік жолдың белгілі кезеңдері 
бар, олар ӛмір сҥру тҥрі, қарым-қатынастар жҥйесі, ӛмірлік 
бағдарламасында және т.б. болап жатқан ӛзгерістермен байланысты. 
«Ӛмірлік жолдың кезеңдері онтогенездің жас ерекшеліктік 
сатыларына ӛз әсерін тигізеді, оның әсер ету деңгейі соншама, қазіргі 
уақытта кейбір жас ерекшеліктік сатылар ӛмірлік жолдың кезеңдері 
сияқты белгіленеді, мысалы, мектеп алды, мектепке дейінгі және 
мектеп шағындағы балалық» [7, 266 б.].
Тҧлғаның «индивидті әлеуметтендіру» процесі ретінде дамуы 
отбасының, жақын қоршаған ортаның белгілі әлеуметтік жағдайында, 
аймақтың, мемлекеттің белгілі әлеуметтік-саяси, экономикалық 
жағдайында, ӛзі соның ӛкілі болып табылатын халықтың этникалық, 
әлеуметтік мәдени, ҧлттық дәстҥрлерінің жағдайында жҥзеге 
асырылады. Бҧл тҧлғалық дамудың макрожағдаяты. Сонымен бірге, 
ӛмірлік жолдың әрбір кезеңінде, Л.С. Выготский атап ӛткендей,
баланың ӛзіндік қатынасы мен оны қоршаған әлеуметтік ӛмір 
шындығының қатынасы ретінде дамудың белгілі әлеуметтік 
жағдаяттары қалыптасады. Л.С. Выготский бойынша, дамудың 
әлеуметтік жағдаяты «тҧлғаның жаңа қасиеттерін бойына сіңіру ҥшін 
бала бағыт ететін жолдар мен формаларды толығымен анықтайды, ол 
оны дамудың негізгі кӛзі - әлеуметтік ӛмір шындығынан алады, бҧл 
әлеуметтіктің индивидуалды болатын жолы» [49, 258-259 б.].
Қарым-қатынастар жҥйесін, әлеуметтік ӛзара әрекеттесудің 
әртҥрлі деңгейлерін, әрекеттің әртҥрлі типтері мен формаларын 
қамтитын дамудың әлеуметтік жағдаяты тҧлғалық дамудың негізгі 
шарты санатында қарастырылады. Бҧл жағдаятты адам ӛзінің қоршаған 
ортадағы орынын оның мҥмкіндіктеріне сәйкес келмейтінін тҥсінгеннен 
соң ӛзгертуге тырысатыны сиқты ӛзгерте алады. Егер бҧл болмаған 
жағдайда, онда баланың ӛмір сҥру дағдысы мен оның мҥмкіндіктерінің 
арасында ашық қарама-қайшылық туады (А.Н. Леонтьев).
А.В. Петровскийге сәйкес, дамудың әлеуметтік жағдаятының ӛзі, 
немесе одан да кең тҥрде - әлеуметтік орта тҧрақты немесе ӛзгеріп 
отыратын бола алады, бҧл дегеніміз баланың, адамның ӛмір сҥретін 
әлеуметтік бірлестігіндегі салыстырамалы тҧрақтылық пен ӛзгерістеді 
білдіреді [167, 21 б.]. Осы бірлестіктің ӛміріне баланың әлеуметтік жан 
ретінде енуі ҥш кезеңнен ӛтуді ҧйғарады: осы бірлестікте қолданылатын 
нормалар, ӛзара әрекеттесу мен әрекеттер формаларына бейімделу; 
«индивидтің ең жоғары дәрежеде дербестендіру қажеттілігі» мен 
тҧлғаның осы бірлестікте ықпалдасуын қанағаттандыру ретінде 


105 
дараландыру. Егер дараландыру «ӛз жеке тҧлғасын белгілеу ҥшін 
қҧралдар мен әдістерді іздеумен» және осы ҧмтылыс пен бейімделудің 
нәтижесі арасындағы қарама-қайшылықтарды жоюмен сипатталса, онда 
интеграция «субъекттің ӛзінің ерекшеліктері және осы бірлестікте 
ӛзіне маңызды ӛзгешеліктермен идеалды кӛрінгісі келетін алдыңғы 
сатыда қалыптасқан ұмтылысы мен бірлестіктің субъектке тән жеке 
ерекшеліктердің 
ішіндегі 
тек 
оған 
ұнайтын, 
және 
оның 
құндылықтарына сәйкес келетін, бірлесіп атқарған қызметте 
табысқа жеткізетін және т.б. ерекшеліктерді ғана қабылдау, құптау 
және енгізу арасындағы қарама-қайшылықтармен детерминирленеді» 
[167, 22 б.]. «Баланың ӛмір сүріп жатқан нақты әлеуметтік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет