И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет61/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

жалпы маңызды құндылық болып адамның ӛзіндік сана сезімінің
құрылымы болады, оны жалқы есім, ӛзін-ӛзі бағалау және...... , ӛзін 
белгілі бір жыныстың ӛкілі ретінде ұсынуы, ӛзін уақытта елестетуі 
(ӛткен, осы, және болашақта), ӛзін құқық пен міндеттерге қатысты 
бағалау» [145, 58 б.]. В.С. Мухина мен оның оқушыларының жҥргізген 
зерттеулері мҧғалімнің оқушыға қаншалықты мҧқият болуын кӛрсетеді. 
Бірінші сынып оқушысымен қарым-қатынас жасаудың формасын 
таңдағанда, әсіресе, алты жастық оқушыға, баланы тегімен 
(фамилиясымен) атаса, ол оны «жатсынтады» - себебі, ол ӛзінің есіміне 
ҥйренген. В.С. Мухина мҧғалім оқытудың басында балаларға (әсіресе, 
жайсыз отбасыларанан шыққан) есімін атап, «Петя, сен жарайсың!», 
«Маша, бҥгін ҥздік!» және т.б. деп баланың әрекеттерін жақсы 
бағалаудан қорықпауы керек. Ӛзін ҧл немесе қыз бала ретінде сезініп
бала мҧғалімнің кӛмегімен ӛзінің жыныстық (әлеуметтік) позициясын 
қалыптастырады. Ҧл бала кҥшті болуы керек, ол қызды қамқорлыққа 
алуы, оған кӛңіл бӛлуі қажет.
В.С. Мухина балаларды ҥнемі «Балалар!» деп ортақ атауы әбден 
дҧрыс емес деп әділетті атап ӛтеді. Бҧл жерде бала тҧлғасын дамыту 
барысында қыздардың (нәзіктілік, ҧстамдылық, биязылық, мейірімділік, 
тазалық, адамгершіліктік, аяушылық) және ҧлдардың (батылдылық, 
шешімділік, жауапкершілік, кеңжҥректік, адалдылық) назарын неге 
аударудың ерекшелігін тіркеп, атап отыру қажет. Баланың ӛмірлік 
болашағын оның ӛткен, болашақ және осы шақта ӛзін елестетуін 
басқару негізінде қалыптастырудың ерекшеліктері туралы В.С. 
Мухинаның ойлары ӛте маңызды. Бірінші сынып оқушысының ӛмірлік 
позициясын былайша тҧжырымдауға болады: бҥгінгі кҥн ертеңгі кҥн 


108 
ҥшін. Оны зерттеу, балалардың басым кӛпшілігі ӛзінің ӛткен шағына 
емес, болашағына қарайтынын кӛрсетті. Бҧл ереже ең алдымен, 
депривирленген дамуға емес, дҧрыс дамуға қатысты (яғни, ӛзін таныту, 
мойындатуға ҥміт арту сияқты қажеттілік қанағаттандырылмайтын 
процесте даму). Оны қоғамның әлеуметтік қайта қҧрулар, қалыптасқан 
пікірлер, адамдардың, атап айтқанда, баланың жеке санасында
таптаурындардың (стереотиптердің) қалыптасқан кезеңінде жҧмыс 
істейтін мҧғалімге ескеру ӛте маңызды. Мҧғалім саналы тҥрде баланың 
болашаққа оптимистік ойларын мақсатты қалыптастыруы, позитивтік 
ӛмірлік болашақты нығайтуы, ӛмірге пессимистік, нигилистік қарау 
беталыстарына қарсы тҧра білуі қажет.
Толыққанды белсенді тҧлға қалыптастыруға (К.Д. Ушинский, Л.Н. 
Толстой, В.А. Сухомлинский, Я. Корчак, В.В. Давыдов және кӛптеген 
басқалар) бағытталған адамгершіліктік тәрбиелеуші оқытудың жалпы 
тҧжырымдамасын әзірлей келе, В.С. Мухина ерекше назарды қоғамда 
қабылданған қҧқықтар мен міндеттерге баланың қатынасын 
қалыптастыруға аударады. Автор балалардың міндеттерін олардың 
қҧқықтарына айналдыру идеясын ҧсынады, оны тҥсіну баланың ӛзін-
ӛзі сыйлауының деңгейін «кӛтереді». Бізге ҥйренішті екі ӛтінішті 
салыстырайық: «Балалар, сендер тыныш отыруға тиістісіңдер», «Сендер 
сабақта ӛз беттеріңмен жҧмыс істеулерің қажет» және В.С. Мухинаның 
ҧсынатын формасы: «Балалар, сендердің тыныштыққа, ӛз беттеріңмен 
жҧмыс істеуге қҧқықтарың бар, сол қҧқықтарыңды пайдаланыңдар».
В.С. Мухинаның әзірлеген «Мен Петя, - жақсы - бала – 
болғанмын, - қазір бармын – боламын - құқым бар – міндеттімін» деген 
бала тұлғасының ӛзін-ӛзі саналы ұғыну құрылымы ... «адамның барлық 
бойында кӛрінетін негізін кӛрсетеді, ол бір жағынан, дәстүр, 
әлеуметтік құрылысқа, екінші жағынан, және тұлғаның жеке даму 
жолына байланысты мазмұнды жағынан толысады» [145, 64 б.]. Осы 
қҧрылымның компоненттері әрбір оқушының ӛзіндік сана сезімінде 
орын алады, және әрине, оның тҧлғалық, жас ерекшеліктік даму 
деңгейіне байланысты олар оның оқушы ретіндегі позициясын, оның 
оқуға, мҧғалімге, мектепке деген қатынасын анықтайды.
А.В. Петровскийге сәйкес, тҧлғаның дамуы ҥздіксіздік пен бір 
жастан екінші жас ерекшелігіне ауысқан кезеңдерде кідірістің бірлігі 
ретінде ҧсыныла алуы мҥмкін. «Тұлғаның дамуында үздіксіздік (жүйе
ретінде) берілген бірлестікте тұлғаның бір кезеңнен басқа кезеңге 
ауысу заңдылықтарында ол үшін ӛте маңызды, салыстырамалы 
тұрақтылықты білдіреді. Ал кідіріс тұлғаны жаңа нақты-тарихи 
жағдайларға енгізудің ерекшеліктерінен туатын сапалық ӛзерістерді 


109 
сипаттайды, олар оның «кӛршілес» жүйелермен ӛзара әрекеттесуіне 
қатысты факторлардың әсерімен байланысты, берілген жағдайда 
олар сол қоғамда қабылданған білім беру жүйелері болып табылады» 
[168, 21 б.]. А.В. Петровский бойынша, әлеуметтік дамудың барлық 
жағдаяты осы процестің макро - және микрофазалары ретіндегі 
бейімделу, дараландыру және интеграциядан ӛту ҥстіндегі адамның 
тҧлғалық дамуын анықтайды. 
Ең бірінші кезекте отандық психологияда зерттелінген (Л.С. 
Выготский, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, А.В. Петровский) тҧлға 
дамуының келтірілген тҧжырымдамасы Л.С. Выготский бойынша
«даму дегеніміз ең бірінші кезекте, бұрынғы сатыларда болмаған 
жаңаның үнемі пайда болуы және қалыптасуымен…баланың даму 
сатыларына шығу барысында қоғамдық пен жекенің бірлігі ретінде
сипатталатын ӛзін-ӛзі қозғалысқа түсіруші үздіксіз процесс» [49, 248 
б.]. Л.С. Выготскийге сәйкес, дамудың басқа тҧжырымдамасы мақсатты 
ӛзін-ӛзі дамытушы тҧлғаның автономды, ішкі, ӛмірлік екпінімен ӛзін-
ӛзі бекіту және ӛзін-ӛзі жетілдіруге жігер беруге бағытталған, 
шығармашылық эволюция теорияларында кӛрінісін табады [49, 248 б.].
С.Д. Смирновтың кеңінен танымал шет елдік тҧжырымдамаларда 
келтірілген тҧлғаның дамуындағы қозғаушы кҥштер мен шарттардың 
талдауы осы кҥштер мен шарттардың қалайша дәлелденетінін кӛрсетеді 
[202, 147 б.]: 
- З. Фрейд бойынша, жеке және тҧлғалық дамудың негізі туа 
біткен елігу немесе инстинкттер болып табылады, онда психикалық 
энергияның жалғыз кӛзі - биологиялық елігу ғана танылады;
- К. Юнг бойынша, «дараландыру» бірлестіктен жіктеліп бӛлініп 
шығу. Дараландырудың тҥпкі мақсаты - «ӛзім» дегеннің ең жоғары 
нҥктесіне жету, барлық психикалық қҧрылымдардың тҧтас және толық 
бірлігі;
- А. Адлер бойынша, адамға туғаннан бастап «бірлестік сезімі» 
немесе «қоғамдық сезім» тән, ол сезім әдетте адамға ӛмірінің бірінші 
жылдары ӛзін толыққанды сезінбеу сезімін жеңіп, қоғамға кіруге 
ҧмтылуға тҥрткі болады;
- К. Хорни бойынша, тҧлғаның дамуы ҥшін негізгі энергия кӛзі –
мазасыздану, «алаңдау» және содан туған ӛзін-ӛзі қауіпсіздендіруге 
ҧмтылу сезімі.
Тҧлғалық даму, адамның тҧлға, әлеуметтік жаратылыс ретінде 
қалыптасуы кӛпжақтылығы соншама, оны бір уақытта сыртқы немесе 
ішкі шарттар ретінде анықтайды. «Адамның жаратылысын негізгі екі 
қарама-қайшылық анықтайды, оның дамуы және оның жаратылыстық 


110 
қасиеттерінің саналуандылығын мен сипаттаушы кешендерде олардың 
ҥйлесуі. Олар: а) табиғатты жатсыну және онымен байланыста болу; б) 
қоғамнан, басқа адамдырды жатсыну және олармен байланыста болу» 
[232, 27 б.]. Дамудың әрбір шартының әсерін абсолютке апару- 
теоретикалық абстракциялар мен тҥсінік берудің әдіснамалық 
негіздерінің проблемасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет