И. А. Зимняя педагогикалық психология


Жас ерекшеліктік кезеңдерге бӛлу – оқу іс-әрекеті



Pdf көрінісі
бет89/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Жас ерекшеліктік кезеңдерге бӛлу – оқу іс-әрекеті 
субъекттерін жеке ыңғайдан қарастыру негізі ретінде 
 
Жас ерекшеліктік кезеңдерге бӛлу психологиядағы кҥрделі және 
бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, 
Ж. Пиаже, В. Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.). Білім 
берудің және ең алдымен мектептік жҥйенің тҥрлі сатыларындағы 
типтік субъектті анықтау ҥшін бастапқы болып табылатын, жас 
ерекшеліктік кезеңдерге бӛлу деген келістерді қарастырайық.
Л.С. Выготский келістердің, немесе осы проблеманы шешу 
схемалардың ҥш тобын анықтады. Бірінші топ шегінде, биогенетикалық 
ықпалды есепке ала отырып, балалық шақтық кезеңдерге бӛлу 
филогенетикалық даму кезеңдеріне негізделген. Л.С. Выготский осы 
топқа, сондай-ақ, тәрбиелеу мен білім беру сатыларында негізделген
кезеңдерге бӛлуді жатқызады. Мҧндай схеманың жалпылығы жайлы 
айта отырып, Л.С. Выготский келесі жағдайды мойындайды: осы 
сатыларды жас ерекшеліктік ӛзгерістермен теңестіретін, білім берудің 
орасан зор практикалық тәжірибе салдарында «балалық шақты 
педагогикалық принцип бойынша бӛлшектеу бізді балалық шақты 
жекеленген кезеңдерге шынайы бӛлшектеуге ӛте жақындатады» [49, 
244 б.]. Келістердің екінші тобы (ӛте кӛп) кезеңдерге бӛлу негізі ретінде 
қандай да бір (кӛбінесе сыртқы) белгінің ӛзгеруін алады, мысалы тіс 
жару мен алмасу (дентиция), сексуалды жетілу және т.б. келістердің 
ҥшінші тобы базальдыны, дамудағы мәндіні мысалы, дамудың ішкі 
қарқыны мен ырғағын айқындауға бағытталған.
Отандық психологияның психикалық дамуды психикалық және 
тҧлғалық жаңақҧрылымдардың пайда болуымен байланысты процестің 
ішкі қарама - қайшылығы ретінде тҥсінуі арнасында (ІІ бӛлім, 2 тарау, 
2§ қараңыз), Л.С. Выготский, П.П. Блонскийдан кейін, белгілі бір 
дәуірлерді, 
сатыларды, 
фазаларды 
даму 
ӛзгерістері 
немесе 
дағдарыстарының жалпы схемасында қарастырады. Бҧл жерде оларды 
шектеу ӛлшемдері ретінде, біріншіден, әр жастың мәнін сипаттайтын 
жаңа қҧрылымдар болады. «Жас ерекшелік жаңа құрылымдар деп– 
берілген жас сатысында алғаш рет пайда болатын және негізінен 
баланың санасын, оның ортаға деген қатынасын, оның ішкі және 
сыртқы ӛмірін, берілген кезеңдегі оның бүкіл даму барысын 
анықтайтын, тұлға құрылуының және оның іс-әрекетінің жаңа типі, 
психикалық және әлеуметтік ӛзгерістерді түсінген жӛн» [49, 248 б.].
Екінші критерий ретінде Л.С. Выготский бір кезеңнен екінші 
кезеңге ӛту динамикасын есептейді, бҧл динамика шҧғыл, қиын және 


160 
баяу, біртіндеп, созылмалы
болуы мҥмкін. Осыған сәйкес Л.С. 
Выготский жас ерекшелік дамудың келесі тиянақты және қиын-қыстау 
кезеңдерін бӛледі: нәрестелік дағдарыс, сәбилік жас (2 ай – 1 жыл ), 

жас дағдарысы, ерте балалық (1 жыл – 3 жас), 3 жас дағдарысы, 
мектепке дейінгі жас (3 жас –7 жас), 7 жас дағдарысы, мектеп жасы (8-
12 жас), 13 жас дағдарысы, пубертатты жас (14-18 жас), 17 жас 
дағдарысы. Осы схемада ӛзіне назар аудартатыны – мектепке дейінгі 
және мектеп жасы (педагогикалық схема бойынша), пубертатты (бір 
белгі схемасы бойынша) кезеңдерді бӛлу негіздерінің тҥрліше болуы. 
Алайда, екі ӛлшемдерді біріктіру келісінің ӛзі осы кезеңдерге бӛлуді 
(Д.Б. Эльконин бойынша кӛпсимптоматикалық сияқты) ең кең таралған 
және ӛнімділердің бірі қылады. Мысалы Д.Б. Эльконин Л.С. Выготский 
схемасын бастапқы ретінде қабылдай отырып, 7 жас дағдарысынан 
кейінгі кезеңдерді келесі тҥрде анықтайды: 7 жас дағдарысы, кіші 
мектеп жасы, 11-12 жас дағдарысы, жеткіншектік балалық шақ (ерте 
жастық шақ кезеңі де бӛлінетінін елей отырып). Бҧл схема жалпы 
тҧтастай педагогикалық негізде қҧрылған.
Жалпы педагогикалық психология ҥшін және білім беру жҥйесінің 
әр сатысындағы ҥйренушінің типтік «психологиялық портретін» 
анықтау ҥшін Д.Б. Эльконин тҧжырымдамасы маңызды: «қиын-қыстау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет