И. А. Зимняя педагогикалық психология


негізгі немесе жетекші типімен



Pdf көрінісі
бет91/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

негізгі немесе жетекші типімен (бала 
дамуының белгілі бір кезеңдерін сипаттайтын іс-әрекеттің бірнеше 
алуан түрлері бар!; 
3) негізгі психикалық жаңа құрылымдармен (әр кезеңде олар 
жекеленген психикалық процестерден тұлға қасиеттеріне дейін 
болады)» [238, 42 б.]. 
Осы кӛрсеткіштердің барлығы Д.Б. Эльконин бойынша, ӛзара 
әрекеттесудің және ӛзара әсер етудің аса кҥрделі қатынастарында 
орналасқан. Алайда, егер Л.С. Выготский ҥшін дамудың негізгі ӛлшемі 
жаңа қҧрылым болса, онда іс-әрекеттік тҧжырымдаманы дамытушылар 
Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов ҥшін іс-әрекеттің жетекші типі негізгі 
болып табылады. А.В. Петровский анықтаушы ӛлшем деп дамудың 
әлеуметтік 
ситуациясын, 
дәлірек 
айтқанда, 
саналы 
ортаны, 
қауымдастықты есептейді [167]. А.В. Петровскийдің осы келісіндегі 
педагогикалық психология ҥшін мәндісі жас ерекшеліктік кезеңдерге 
бӛлудің әлеуметтік-психологиялық аспектісі болып табылады, яғни 
тиянақты және ӛзгермелі орта тҥсінігін, тҧлға дамуы мен ерекшелігінің 
байланысын, топқа, ортаға, бейімделу процесінің алмасуы мен 


163 
сабақтастығын, ондағы дараландыру
мен ары қарайғы ықпалдасуды 
ҧйғаратын жақ.
«Тұлғаның дамудың жаңа кезеңдеріне ӛтулері осы жағдайларда, 
дамушы тұлғаның ӛзін-ӛзі жылжыту сәттерін кӛрсететін 
психологиялық заңдылықтармен анықталмайды, – деп кӛрсететді А.В. 
Петровский, – керісінше, олар іштей индивидтің қандай да бір 
әлеуметтену институтына енуімен детерминацияланған немесе осы 
институт ішіндегі объективті ӛзгерістермен шартталған, осы 
ӛзгерістерден тұлға ӛз қалыптасуында тәуелді болады. Сондықтан, 
қоғам мектептер құрғаннан соң ғана тұлға дамуының сатысы ретінде 
мектеп жасы пайда болады» [168, 21 б.].
Баланың іс-әрекетінің жетекші типтерінің ӛзгеруі сипаты бойынша 
оның дамуының тҥрлі әлеуметтік ситуацияларында, яғни іс-әрекеттік 
негізде, Д.Б. Эльконин психикалық дамудың жас ерекшеліктік 
кезеңдерін және іс-әрекеттің алты жетекші тҥрлерін анықтады: 1) 
ҥлкендермен тікелей - эмоционалдық қарым-қатынас, 2) заттық-
манипулятивтік іс-әрекет, 3) рӛлдік ойын, 4) оқу іс-әрекеті, 5) интимді-
тҧлғалық қарым-қатынас, 6) оқу-кәсіби іс-әрекет. Бҧл жерде, Д.И. 
Фельдштейн ӛте әділ байқағандай, интимді-тҧлғалық қарым-қатынас, 
жеткіншектіктің жетекші іс-әрекеті ретінде бола отырып, Д.Б. Эльконин 
бойынша, ӛздігінен әлеуметтік мәнді, әлеуметтік мақҧлданған, 
просоциалды іс-әрекетке қосылуы тиіс. Ол осы жастағы нағыз жетекші 
іс-әрекет ретінде қарастырылуы тиіс [219, 93-103 б.].
Іс-әрекеттің атап ӛтілген тҥрлері ішінде қоғамдық ӛндірілген 
әрекет тәсілдерін меңгеру жҥретін, яғни «бала – қоғамдық зат» 
қатынастар жҥйесіндегі іс-әрекеттер тобына енеді, не адамзат іс-
әрекетінің негізгі мәндеріндегі қарқынды бағдарлану және адамдар 
арасындағы қатынастардың міндеттерін, мотивтерін, нормаларын игеру 
жҥзеге асатын іс-әрекеттер тобына, яғни «бала–қоғамдық ересек адам» 
қатынастар жҥйесіндегі іс-әрекеттерге енеді. Бірінші «адам–зат» тобына 
іс-әрекеттердің екінші, тӛртінші, алтыншы тҥрлері кіреді, екінші «адам–
адам» тобына бірінші, ҥшінші, бесінші тҥрлер кіреді. Қатынастардың 
тҥрлерінде 
меңгерілгендердің 
арасындағы 
қарама-қайшылықтар, 
айырмашылықтар дағдарыс деп аталады. Осы қатынастар жҥйесі мен іс-
әрекет тҥрлерінің кезектесуінің жалпы заңын Д.Б. Эльконин мерзімділік 
деп атайды [238, 74-75 б.]. 
Оқушы мен студентті оқу іс-әректінің субъекті ретінде қарастыру
Д.Б. Эльконин тезистеріне сҥйенеді: баланың жетекші іс-әрекеті (ойын, 
оқу іс-әрекет, тҧлғалық қарым-қатынас т.б.) белгілі бір әлеуметтік 
ортада, даму ситуацияларында ӛтеді, бҧл жиынтығынд психикалық 


164 
және тҧлғалық жаңа қҧрылымдарды қалыптастырады. Сондай-ақ 
назарға алатын жағдай: «...тарихи даму процесінде бала дамитын 
жалпы әлеуметтік жағдайлар ӛзегереді, оқыту мазмұны мен әдістері 
ӛзгереді де, осының барлығы дамудың жас ерекшеліктік кезеңдерінің 
ӛзгеруіне әсерін тигізбей қоймайды. Әр жас ӛз тарапынан психикалық 
дамудың сапалық ерекше кезеңі болып келеді және кӛптеген 
ӛзгерістермен сипатталады, олар жиынтығында дамудың берілген 
кезеңіндегі бала тұлғасы құрылымының ӛзіндік ерекшелігін құрайды» 
[43, 43-44 б.].
Әр жас кезеңінің мәні оның бала дамуының жалпы 
айналымындағы алатын орнымен анықталады. А.Н. Леонтьев ішкі және 
кезең аралық даму ӛзгешелігін белгілей отырып, кезеңнің ішінде екі 
жетекші бағыттар жҥзеге асатынын атап кӛрсетеді: ӛмірлік қатынастар 
шеңберінің ӛзгеруінен әрекеттердің, операциялардың дамуына дейін 
және керісінше – осы функциялар мен операциялардың қайта 
қҧрылуынан жаңа іс-әрекетке дейін. Кезеңдер арасында заттық іс-
әрекеттің қоғамдық қатынастардың жаңа шеңберіне енуі жҥрді. Осы 
жерден әр жастағы тҧлғаның таным, қарым-қатынас, еңбек субъекті 
тҥрін тҧтастай даму кезеңі ретінде генетикалық қарастыру беталысы
бастау алады. Бҧл жерде, Б.Г. Ананьевтің психологиялық мектебінің 
зерттеулерінің нәтижесі бойынша, дамудың ӛзі инволюциялық-
эволюциялық сипатқа ие. Осыған дейін атап кӛрсетілгендей, ол баланың 
интеллектуалдық, тҧлғалық және іс-әрекеттік қалыптасуының негізгі 
бағыттары бойынша іске асырылады. Осы бағыттар бірі-бірінен 
ажыратылмайтындай, мҧның ӛзі адамның жалпы тҧлға, іс-әрекет 
субъекті ретіндегі дамуын анықтайды және шарттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет