Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет31/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Негізгі  деңгейде  грамматикалық  минимум  ретінде  мыналар  оқытылады: 

жалғау  түрлері,  етістіктің  шақтары,  есімше,  көсемше,  көмекші  сөздер, 

шылаулардың    қолданылуы.  Құрмалас  сөйлемдер,  түрлері.  Сөз  мағыналары, 

омоним,  синонимдер,  антонимдер  жасалуы.  Тұрақты  сөз  тіркестері,  жасалуы, 

қанатты сөздер. 

Кәсіби  бағдарлы  деңгейде  оқытылатын  грамматикалық  материалдар: 

Көсемшелі бірыңғай баяндауыштар, есімшелі үйірлі мүшелер, көмекші етістікті 

құрылымдар, 

бірыңғай 

мүшелі 

сөйлемдер. 

Көмекші 

сөздердің 

байланыстырушы  қызметі.  Түсіндірмелі,  талғаулы  салалас  құрмалас,  мезгіл 

мәнді, қарсылықты, мақсат мәнді бағыныңқылы сабақтас құрмаластар. 



Мамандық тілі деңгейде мынадай грамматикалық ережелер өтеді: сөзжасам 

тәсілдері,  терминдердің  жасалу  жолдары,  мәтінді  көркемдеуші  құралдар, 

сипаттау, баяндау, дәлелдеу мәнді күрделі фразалық бірліктер.  

А1  –  тіл  үйренуші  мынандай  коммуникативтік  тапсырмаларды  орындай 

алуы қажет: 

қарым-қатынасқа  түсу,  біреумен  танысу,  өзін  немесе  өзгені  таныстыру, 



амандасу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сұрау, алғыс пен кешірімге жауап беру, 

қайталауды өтіну, ризашылығын білдіру, әңгімені анықтау; 

зат, адам, оқиға туралы айту және сұрақ қою, заттың немесе адамның бар, 



жоқтығы туралы баяндау, заттың сапасы туралы, оның кімдікі екендігі туралы 

айту, оқиға, іс әрекет туралы, іс әрекеттің уақыты, орны туралы хабарлау; 

өтініш  білдіру,  шақыру,  қандай  да  бір  іс  әрекетпен  келісу  немесе 



келіспеу; 

өзінің  көзқарасын  білдіру:  адамға,  затқа,  оқиғаға,  болған  іске  өзінің 



бағасын білдіру, кінәлау, таңдану, өкіну т.б. 

Тіл  үйренуші  қарапайым  деңгей  үшін  берілген  төмендегідей  тақырыптар 

төңірегінде ауызша қарапайым тілдік қатысымға түсе алуы қажет. 

1.Өзі туралы әңгімелеу ( балалық шағы, оқуы, жұмысы, қызығушылығы) 

2.Менің досым (танысым,құрбым, апам, ағам т.б.) 

3.Отбасым 

        

4.Менің жұмыс күнім 

5. Бос уақыт, демалыс, қызығушылық. 

А2 өзіне қатысты тақырыптар бойынша қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді 

түсінеді.  өз  елі,  тарихы,  табиғаты,  өзінің  қызығушылығы,  мақсаттары  туралы 

әңгімелеу.  Осы  тақырыптағы  мәтіндерді  оқып,  негізгі  ақпаратты  баяндау. 

Студент  мынандай  коммуникативтік  тапсырмаларды  орындай  алуы  қажет. 

Мәтінге қатысты өзінің көзқарасын білдіру, болған іске өзінің бағасын білдіру, 

таңдану,  құптау,  қарсы  пікір  білдіру.  Студент  негізгі  деңгей  үшін  берілген 

төмендегідей тақырыптар төңірегінде тілдік қатысымға түсе алуы қажет:  

1. 


оқу жүйесі, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарындағы оқу жүйесі; 

2. 


оқу  орнын,  мамандығын  таңдау,  таңдаған  мамандыққа  байланысты  өз 

көзқарасын білдіру; 

3. 

адам өміріндегі тілдің маңызы; 



69 

 



  

4. 


өмір кейпі (оқу кестесі, демалыс, әдет, достарымен қарым-қатынас) 

5. 


бос уақыт: демалыс, қызығушылық (өнер, спорт, саяхат т.б.) 

6. 


қала, мемлекеттің астанасы, туған өлке; 

7. 


Қазақстан  мемлекеті,  оның  аймақтары  (географиясы,  экономикасы, 

географиясы, тарихы және т.б.) 

8. 

қазақтың атақты ғылым, мәдениет қайраткерлері. 



В1 Студент мынандай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет: 

кәсіби қатынас саласындағы қатысымдық-тілдік құрылымдарды түсіне және 



қолдана білуі керек; 

кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі  ойларды түсінуі, оған қатысты өз 



ойын  білдіруі,  мәтін  мазмұнын  құптауы  немесе  келіспеуі,  қосымша  деректер 

негізінде  баяндай  алуы  қажет.  Студент  өз  мамандығы  бюойынша  ойын  жаза 

алуы, болашақ қызметі туралы баяндай алуы міндетті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет