Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет29/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
 

 

 

61 


 


  



Жоғары  оқу  орны  жағдайында  мемлекеттік  тілді  оқытудың 

әдістемелік негіздері 

 

Заманауи  білім  беру  үдерісі  ең  алдымен  жеке  тұлғаға  бағытталып,  тіл 

үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен 

ұштасып  жатқандықтан,  қазақ  тілінің  білім  мазмұнын  құрудың  әдіснамасын 

дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай 

мемлекеттік  тілді  меңгертуде  озық  технологияларды,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді 

пайдалану,  білім  беру  саласында  жүйелі  жұмыстар  атқару  –  еліміздегі  ең 

маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. 

Мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік-қатысымдық  қызметін  кеңейту  мен 

дамытуда  оның  ғылымда,  өндірісте,  елдің  халықаралық  байланыстарында 

қолдану аясының кеңейе түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де 

байланысты  екендігін  көрсетеді.  ЖОО  бітірген  жас  буын    ҚР  өндірісін  ілгері 

дамытатын    болашақ  маман  және  кәсіпкер.  Оның  алдыңғы  қатарлы  маман 

болуы  өз  елінің  тілін  жоғары  деңгейде  білуімен  терең  сабақтасады.  Соңғы 

жылдары  әдіскер-ғалымдар  қазақ  тілін  қарым-қатынас  құралы  ретінде 

меңгертумен  қатар,  студенттердің  кәсіптік  мамандығын  ескере  отырып 

игертудің тиімді жақтарын қарастыруда. 

Жоғары  оқу  орындарының  техникалық  бөлімдерінде  қазақ  тілін  оқыту 

әдістемесі  теориялық  білім  берумен  қатар  болашақ  мамандыққа  баулиды. 

Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық 

білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі орын алады, себебі бүгінгі студент 

ертеңгі маман. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір 

– 

бірімен  байланыстыру  мақсаты  басым  болып  тұр.  Бүгінгі  күн  талабы  – 



маманның 

кәсіби 


бағыттылығын, 

іскерлігін 

қалыптастыру.  

       


ЖОО-ның орыс бөлімдерінде қазақ тілі пәні міндетті пәндердің қатарында 

оқытылады.  Сонымен  қатар  кейбір  ісқағаздарын  кәсіби  қазақ  тілінде  жүргізу, 

студенттерге  таңдау  пәндерінің  қатарында  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқу 

ұсынылады. Нәтижесінде, қазақ тілі мектептен кейін ЖОО жағдайында үздіксіз 

оқытылып,  болашақ  кәсіби  мамандардың  қазақ  тілінде  сөйлеу,  жазу 

дағдыларының  қалыптаса  түсуіне  ықпал  етуде.  Сонымен  қатар,  қазақ  тілін 

ЖОО  қабырғасында  жүйелі  оқытуды  көздейтін  маңызды  заманауи 

қадамдардың жасалуы қажет. Бұл арқылы ЖОО-да мемлекеттік тілді оқытудың 

жаңа  сапалық  көрсеткішіне  қол  жеткізіліп  қана  қоймай,  ең  бастысы,  оның 

мемлекеттік  мүддеге  сәйкес  қоғамдық  сұранысты  қанағаттандыруға 

бағыттылған үлесінің еселене түсуіне жол ашылмақ.  

Орыс бөлімдерінде қазақ тілінен бұрын кәсіби қазақ тілі пәнін оқыту сабақ 

кестесінде  ресми  бекітілген  болатын.  Алайда,    бірінші  курсқа  қабылданған 

студенттердің  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейі  ескерілмейтін.Осыған  байланысты  

ЖОО-да  мемлекеттік  тілді  оқытуды  сапалы  ұйымдастыруға  кедергі  болып 

отырған мәселе   туындайтын.  Ол  –  тілді  деңгейлік  оқыту  мәселесінің  жолға 

қойылмауы.  

62 


 


  

Әлемдік  тәжірибеде  тіл  оқыту,  тіл  үйренушінің  коммуникативтік  деңгейін 

анықтайтын  өлшемдер  негізінде  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  қазақ  тілін 

Қазақстан  азаматтарына  мемлекеттік  тіл  ретінде,  шетелдік  студенттерге  шет 

тілі  ретінде  оқыту  барысында  тілді  деңгейлік  оқытудың  дүниежүзілік 

жетістіктері  ескеріліп,  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  анықтау  практикасының 

жолға  қойылуы  сапалық  тұрғыда  тиімді  болмақ. Бүгінгі  күні  тілдік  деңгейді 

анықтау арнайы тест арқылы жүзеге асырылады.  

Орта  мектеп  түлектерінің  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  кезінде  қазақ  тілінен 

емтихан  тапсыратыны  белгілі.  Бірақ,  олардың  қазақ  тілінен  алған  баллдары 

ЖОО-ға қабылдау кезінде де, қабылданғаннан соң да ескерілмейді. Сондықтан, 

бұл  балл  көрсеткіші  ЖОО  студенттерінің  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейінің 

көрсеткіші  ретінде  қабылданып,  студенттерді  шағын  тілдік  топтарға  бөлу 

барысында  ескеру  тиімді  болар  еді.  Себебі  бүгінгі  таңға  дейін  қазақ  тілін 

оқитын студенттерді  шағын тілдік  топтарға  бөлу формальді түрде тек сандық 

көрсеткіш (12-15 студент) негізінде жасалып келеді.  

ЖОО-ға қабылданған студенттердің деңгейлері әр түрлі болғанымен, қазақ 

тілін  жақсы  меңгергендердің  саны  жылдан  жылға  арта  түсуде.  Бұл  үдерістің 

үдемелі  сипатқа  ие  болуын  қоғам  өміріндегі  демографиялық  ахуалдың, 

мемлекеттің  тіл  саясатына  сәйкес  жүргізіліп  отырған  балабақша  мен  орта 

мектептердегі  үздіксіз  еңбектің,  сонымен  қатар  Қазақстан  азаматтарының 

саналы әрекеттерінің жемісі деп түсіндіруге болады.   

ЖОО  қазақ  тілін  деңгейлеп  оқудың  бір  жолы  ретінде  қазақ  тілін  жақсы 

меңгерген  студенттер  ЖОО  қабырғасында  бірден  кәсіби  қазақ  тілін  оқуға 

кірісуі  ұсынылады.  Кәсіби  қазақ  тілі  студенттердің  болашақ  мамандығына 

қатысты  кәсіби  лексика  мен  салалық  терминологиялық  жүйесін   меңгеруге 

мүмкіндік  береді.  Бұдан  кейінгі  сатыда  студенттердің  кәсіби  шеберлік 

(акмеологиялық)  әлеуетін  арттыру  мақсатында  мамандық  бойынша  арнайы 

курстардың  бірі  бойынша  мемлекеттік  тілде  лекциялардың  оқылуы  жақын 

болашақта,  тіпті  бүгіннен  бастап  күн  тәртібіне  енгізілуі  қажет.  Іс  жүзінде 

бүгінгі  күннің  өзінде  орыс  бөлімдерінде  оқитын  студенттердің  қатарында 

қазақша дәріс тыңдауға дайын студенттер бар.  

ЖОО-да  жоғарыда  аталған  шаралар  ғылыми  негізде  жолға  қойылған 

жағдайда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

тапсырмасына  сәйкес  қазақстандықтардың  2020  жылға  дейін  95  пайызының 

мемлекеттік  тілді  меңгеруге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  ашылады.  ЖОО 

қабырғасында білім алушы болашақ мамандардың бірінші кезекте мемлекеттік 

тілді,  сонымен  қатар  шет  тілдерін  еркін  меңгеруі  арқылы  еңбек  нарығында 

бәсекелестікке  қабілетті  кәсіби  тұлға  ретінде  қалыптасуына  мүмкіндік 

жасалады. ЖОО-ны  бітірген  әр  бір  түлектің  мемлекеттік  тілді  меңгеруі  аса 

маңызды  сапалық  көрсеткіш  ретінде  бағалануы  тиіс.  Дәлірек  айтқанда,  ЖОО 

түлектерінің мемлекеттік тілді білуі – ұлттық мүдде, мемлекеттік мүдде ретінде 

қарастырылуы  қажет.  Сондықтан  Мемлекет  басшасы  айтқандай,  «Тілге  деген 

көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз» болуы тиіс.  

63 

 



  

Бүгінгі таңда қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі бойынша [22] 

техникалық  жоғары  оқу  орындарының  орыс  бөлімдерінде  қазақ  тілін 

мамандыққа  қатысты  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негізі  жасалды.  Атап 

айтқанда,  бұл  жұмыста  студенттердің  мемлекеттік  тілде  сөйлеуге  деген 

қызығушылығы мен мүдделігін, олардың білімін рейтинг, тест материалдарын 

талапқа сай пайдалану арқылы арттырудың мәні анықталған. 

Қазақ  тілін  мамандыққа  сай  оқытудың  басты  ерекшеліктерін  анықтауда, 

тиімді әдістемесін ұсынуда әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, 

профессор  Ф.Ш.  Оразбаева  үлкен  үлес  қосты.  Ғалым  теориялық  және 

әдістемелік  тұрғыдан  тілдік  қатынастың  негізін  қалаған  еңбегінде  сөйлесім 

әрекетінің  түрлерін  –  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым,  тілдесім  деп 

бөліп қарастырады.  

Қазақ  тілін  мамандыққа  сәйкестендіріп  қатысымдық  тұрғыдан  оқыту 

әдістемесіне  байланысты  Б.Ш.  Мешімбаева  жоғары  оқу  орындарының 

гуманитарлық бөлім студенттерін диалог арқылы қазақша сөйлеу тіліне үйрету 

әдістемесінің  ғылыми  негізін  жасады.  Автор  мамандыққа  бағытталған 

пікірлесім арқылы сөйлесуді меңгертуде қолданылатын ұтымды әдіс-тәсілдерді 

анықтады, пікірлесімге қатысты қазақша сөйлеу тіліне үйретуде төмендегідей 3 

кезеңді қамтуды ұсынды: 

оқу процесіндегі диалог; 



шығармашылық диалог; 

шығармашылыққа бағытталған диалог құрастыру [22]. 



Зерттеу  жұмысында  сөйлесімді  басқа  ұлт  өкілдеріне  диалог  арқылы 

үйретуде  тілдік  жағдай  тұңғыш  рет  тәжірибеде  қолданылып,  диалогтың 

жаттығулары екі үлкен топқа жіктеліп қарастырылды. Олар: 

дайындық жаттығулар; 



қатысымдық жаттығулар [22]. 

Автордың айтуынша [24], мәтін арқылы тілді оқыту төмендегі міндеттердің 

жүзеге асуына көмегін тигізеді: 

тұрмыста, өндірісте, әлеуметтік ортада қазақша тілдік қатынасты игеру; 



қазақ тілінде мәдени-ресми, кәсіби қатынасқа дайындық; 

өз  мамандығы  бойынша  сұрақтарға  жауап  бере  білу,  осы  тақырып 



төңірегінде ойын айта білу дағдыларын меңгерту; 

кәсіби  бағыттағы  қарым-қатынастық  мәтіндерді  аудармасыз  түсінуге 



ұмтылу; 

оқушылардың сөздік қорын молайтуда аударма, түсіндірме және кәсіби 



сөздіктерді пайдалана білу; 

қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу әуезділігіне жету, үлгісіз, жетексіз өз 



бетінше сөйлеуге, жазуға дағдылану, игеру.  

Студенттердің  мемлекеттік  тілді  тиімді  игеруінің  басты  факторы  –  оқу 

бағдарламалары  мен  оқулық,  оқу-әдістемелік  материалдарды  модульдік  оқу 

жүйесімен  берудің  ұтымдылығын  дәлелдеп,  модульдік  жүйеге  негізделген 

электрондық оқулықтар студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне тиімді құрал 

64 


 


  

болып табылады. Мамандыққа қатысты мәтіндерді іріктеу ұстанымдары дұрыс 

сөйлеуді жетілдіруге қызмет ету үшін: 

мазмұндық және тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленуі керек; 



тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне ынталандырылуы; 

қатысымдық (коммуникативтік) қасиеті басым болуы керек; 



мамандыққа  байланысты  ғылыми  мәтіндер  студенттерде  қажеттілік 

сезімін  туғызып,  білім  беруде  студенттердің  сенімін  күшейтетін  болуы  қажет 

[22]. 


Қазақ  тілін  қатысымдық  тұрғыдан  үйретуде  сөйлесім  әрекеті  мен  оның 

түрлерін  меңгертудің  маңыздылығы  ғылыми  жұмыстардың  зерттеу  нысаны 

бола  бастады.  Осы  ретте    автор  [25]  жазылым  әрекетінің  анықтамасын, 

ерекшеліктерін  және  түрлерін  анықтай  отырып,  жазылым  әрекетін  шетелдік 

студенттерге меңгертудің тиімді жолдарын көрсетті. Жазылым әрекеті бірнеше 

түрге  бөлініп  қарастырылды.  Мәселен,  жазылу  үлгісіне  қарай  жазылымның 

мынадай түрлері берілді: 

дыбыстық жазылым; 



көшіру жазылымы; 

жатқа жазу жазылымы; 



көркемдік жазылым; 

танымдық жазылым. 



Тілді  мамандыққа  сай  үйретуге  арналған  әдістемелік  оқулықтар  мен  оқу 

құралдары  жарық  көре  бастады.  Бұл  оқулықтар  студенттердің  ғылыми  тілді, 

мамандыққа  қатысты  кәсіби  тілді,  ресми-іскерлік  тілін  жеткілікті  түрде 

меңгеруіне ықпал етуде. 

Қазақ  тілін  мамандыққа  байланысты  сала  бойынша  оқыту  әдістемесінің 

жасалуы төмендегідей ұстанымдарға негізделеді: 

қазақ  тілін  мамандыққа  байланысты  оқытудың  ғылыми-әдістемелік 



жүйесінің негізі қаланған; 

тілді  қатысымдық  бағытта  үйретудің  лингвистикалық  негізі  сөйлесім 



әрекеті және оның түрлері қарастырылды; 

тілдік  тұлғаның  қатысымдық  құзыреттілігін  дамыту  басты  міндет 



ретінде алынды; 

қатысымдық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру мақсат етілді; 



кәсіби  тілдік  қатынасты  жетілдіруде  тіл  үйренушінің  қазақша  сөйлеу 

тілін кәсіби қарым-қатынас тілі ретінде дамыту көзделді. 

лексикалық  минимумды  танымдық-бағдарлы  оқыту,  грамматикалық 



минимумды  мамандыққа  сай  мәтіндер  мен  жаттығулар  арқылы  оқыту 

ұсынылды; 

қазақ тілін мамандыққа байланысты оқыту технологиясына байланысты 



әдістемелік кешен ұсынылды, оның тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді. 

Мемлекеттік  тілдің  мәртебесінің  артуы  үшін  ЖОО-ң  саласында  тиісті 

шаралар  артып  келеді.   Біріншіден,  елдегі  қазақ  тілінде  білім  беретін  оқу 

орындарының  желісі  кеңейтілді.  Екіншіден,  қазақ  тілінен  басқа  тілдегі 

65 

 



  

мектептерде,  ЖОО-дағы  орыс  тілінде  білім  беретін  топтарында  қазақ  тілінің 

оқу сағаттары артты. Үшіншіден, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытатын 

мамандар  даярлығының  көлемі  өсті.  Төртіншіден,  «Болашақ»  бағдарламасы 

бойынша шетелге оқуға үміткерлер үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру талабы 

енгізілді.  Бесіншіден,  ұлттық  біріңғай тестілеу  барысында  қазақ  тілінен  басқа 

тілде  оқытылатын  мектеп  түлері  қазақ  тілінде  тест  тапсыратыны  жолға 

қойылды. 

Қазақ  тілін меңгеруде инновациялық технологияларды қолдану оң нәтиже 

берері  анық.  Мысалы,  қоғам  талабына  сай  мынадай  инновациялық 

технологияларының түрлері қолданылады: 

-   


құрылымдық логикалық технология; 

-   


интеграциялық технология; 

-   


ойындар технологиясы; 

-   


тренингтік технологиясы; 

-   


ақпараттық технология; 

-   


сұхбаттық технология. 

Қазіргі  инновациялық  технологиялардың  жиі  қолданылатыны  – 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет