Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет42/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Сабақтың тақырыбы:Еліммен таныстыру 

Сабақтың мақсаты:   Менің Қазақстаным бөлімі бойынша алған 

білімдерін пысықтау. 

Отанын, туған жерін сүюге, елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.  

Өзге  халықтардың  тілін құрметтеуге  шақыру, қазақ тілінде  сауатты 

сөйлеуге дағдыландыру.  

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.            

Сабақтың түрі:аралас сабақ 

Сабақтың барысы: 

1.Ұйымдастыру кезеңі 

1. 


Оқушылармен амандасу. 

2.  Мотивация  кезеңі:   Басымызды  сипаймыз  жақсы  ойлау  үшін, 

құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, 

алақанымызды  сипаймыз  жақсы  баға  алу  үшін.  Ал,  балалар  сендерге  бүгінгі 

сабаққа сәттілік тілеймін. 

3. 


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. 

2.Өткенді қайталау. 

  

А) Оқушы  «Туған өлкем»Ө.Тұрманжановтың өлеңін орындайды. (Музыка, 

«Туған жер» тақырыбы бойынша слайдтар көрсетіледі). 

 

Көгінде көк нұрын төккен, 

Жерінде гүл жұпар сепкен. 

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем. 

Ә) Мұғалімнің сөзі. 

83 

 



  

Біздің  сабағымызға  Англиядан  қонақ  келіп  отыр.  Оның  осында  келу 



мақсаты- Қазақстан туралы көп мәлімет алу.  

Қазір  осы  қонағымызбен  танысайық.  Алдымен  біз  өзімізді  таныстырып  

өтейік. 

Оқушы: Біз Абай атындағы №6 гимназия мектебінің  оқушыларымыз. Биыл 

біз 7 «Б» сыныбында оқимыз. Біздің сыныпта 25 оқушы бар. Мектепте үш тілді 

меңгеріп жүрміз: қазақ,орыс,ағылшын тілдерін. Біз бәріміз жақсы оқимыз. 

Қонақ:  Менің  атым-  Элис.  Мен  Англиядан  келіп  отырмын.  Журналист 

болып  істеймін.  Қазір  мен  дамыған  елдер  туралы  мақалалар  жазып  жүрмін. 

Енді  Қазақстан  туралы  жазғым  келеді.(Қонақ  ағылшын  тілде  сөйлейді, 

аудармашы аударады)

Мұғалім:  Ал  ,  біз  сендермен  өз  Отанымыз  туралы  көп  білеміз,  берілген 

тапсырмаларды  орындау арқылы  қонақтарға қажетті ақпарат бере аламыз деп 

ойлаймын. 

Айтылым  1- тапсырма. « Бәйге ойыны». Қазір «бәйге ойыны» арқылы 

мына сұрақтарға жауап беріңіздер. 

1. 

Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? 



2. 

Біздің республикамызда қанша ұлт өкілдері тұрады? 

3. 

Мемлекеттік тіл қай тіл? 



4. 

Қазақстанның жер көлемі қандай? 

5. 

Қазақстан рәміздерін ата. 



2- 

тапсырма

Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер  

Шымкентте не өседі?     Қызылордада не өседі?  Астана неге бай? 

Қарағанды не береді?      Павлодар не шығарады? 

Осы қалалардың арасындағы әсем қалалардың бірі – Астана. 

 

 



3- 

тапсырма Тірек- сызба арқылы әңгімелесу. 

Қазақ халқы, қазақ тілі. 

 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет