Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет22/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Коммуникативтік  құзіреттерінің  қалыптасуы  ұстанымы.  Оқушылардың 

коммуникативтік  құзіреттерін  қалыптастыру  бірнеше  құзіреттермен 

сабақтастықта  жүзеге  асырылады.  Мәселен,  лингвистикалық  құзірет  тілді 

сөйлесім  әрекетінің  құралы  ретінде  пайдалануға  дайын  болуы  арқылы 

39 

 



  

қалыптасады.  Прагматикалық  құзірет  қарым-қатынас  жағдаятындағы 

коммуникативтік  мазмұнды  жеткізуге  дайын  болуды  білдіреді.  Когнитивтік 

құзірет  коммуникативтік-танымдық  әрекетке  дайын  болуды  білдіреді. 

Ақпараттық  құзірет  қарым-қатынастың  мазмұндық  пәнін  меңгеруді  білдіреді. 

Коммуникативтік  құзірет,  оның  іске  асуын  қамтамасыз  ететін  сөйлесім 

әрекетінің  барлық  түрлерінде  –  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым, 

тілдесімде қалыптасып, тілді қажетті деңгейде меңгертуге ықпал етеді. 



Аутентикалық  тұрғыдан  оқыту  ұстанымы.  Бұл  жерде  тек  өмірден 

алынған  оқу  материалы  ғана  емес,  табиғи  қарым-қатынас  тудырудың 

әдістемелік  мақсатына  орай  оқу  жағдаяттары  маңызды  саналады.  Олар 

оқушылардың  сөйлесім  әрекеттерін  қалыптастыруға  бағытталып  беріледі.  Ол 

үшін сабақ үдерісінде «тілді шынайы қолдануға» дайындық жасалады. Жұмыс 

барысында  қатысымға  бағытталған  аутентикалық  оқыту  сөйлесім  арқылы 

оқушылардың  өзара  әрекеттесуіне  арналған  тапсырмалар  негізінде  жүзеге 

асырылады.  Олар  жұптық  немесе  топтық  жұмыс  түрінде  орындалады. 

Қатысымға  бағытталған  аутентикалық  оқыту  оқушылардағы  «ақпараттың 

теңсіздігі»  жағдайында  құрастырылған  тапсырмаларды  пайдалану  арқылы 

жүзеге асады.  

Интерактивтік  оқыту  ұстанымы.  Интерактивті  (inter  –  өзара,  akt  – 

әрекеттесу)  оқыту  ұстанымы оқыту  үдерісінің барлық оқушылардың  тұрақты, 

белсенді,  өзара  қарым-қатынас  арқылы  әрекет  етуін  жүзеге  асырады.  Оқушы 

мен  мұғалім  оқытудың  тең  құқылы  субьектісі  болып  табылады.  Мұнда 

жұмыстың  нәтижесінен  оны  шешу  үдерісі  маңызды  саналады.  Себебі 

интерактивті  оқыту  ұстанымының  мақсаты  –  оқушылардың  өздігінен  жауап 

іздеуге бейімделуі. Қазақ тілін орыс тілді оқушыларға меңгертуде қатысымдық-

әрекеттік  бағыт  әдіснамалық  тұжырым  ретінде  ұсынылатындықтан, 

интерактивті оқыту ұстанымы ұсынылып отырған әдістемелік жүйенің барлық 

деңгейінде  көрініс  тауып  отырады.  Себебі  жағдаяттық  тапсырмалар,  рөлдік 

ойын 

тапсырмалары, 



сұқбаттық 

тапсырмалар, 

құзіреттіліктерді 

алыптастыратын  тапсырмалардың  барлығы  интерактивті  түрде  орындалады. 

Бастауыш  мектепте  білім  мазмұнын  жетілдіруде,  оқу-тәрбие  процесін 

ұйымдастыруда жоғарыда аталған ұстанымдардың қай-қайсысының да қызметі 

ерекше.  Себебі,  бұл  ұстанымдардың  негізінде  анықталған  білім  мазмұны 

оқушылардың  берілген  білімді  жүйелі,  терең,  берік,  сабақтастықта  және 

біртұтастықта,  ғылыми  білімдер  жүйесін  практикамен  байланыста,  жеңiлден 

ауырға,  қарапайымнан  күрделіге,  нақтыдан  белгiсiзге  қарай  жүретін  бағытта 

белсенді түрде әрі қызығушылықпен меңгеруін қамтамасыз ете алады және, ең 

бастысы,  олардың  фунционалдық  сауаттылығының  қалыптасуына  жағдай 

жасайды. 

Сонымен,  мемлекетте  жүргізіліп  отырған  тіл  саясатының  бір  бағыты 

ретінде  аталған  бағдарламаны  жүзеге  асыруда  жалпы  орта  білім  беретін 

мектептердегі қазақ  тілі пәнін оқыту тенденцияларының алатын орны ерекше 

екенін байқап отырмыз. 

40 


 


  

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқу  бағдарламасы  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  Қаулысымен 

бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді. 

 

Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік 



меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді. Атап айтқанда: 

1) 5-7- 


сыныптардағы Негізгі деңгей-А2.1.2 үш игерімді қамтиды: 

қалыптасу қарсаңындағы орташа  игерім А 2.1 – 5-сынып;  



қалыптасу қарсаңындағы толық  игерім А2.1.1 – 6-сынып;  

қалыптасқан  бастапқы игерім  А2.1.2 – 7-сынып. 



2) 8-9-

сыныптардағы Орта деңгей-А 2.+   екі игерімді қамтиды: 

қалыптасқан орташа  игерім А 2.2 – 8-сынып; 



қалыптасқан толық игерім А 2.+ – 9-сынып; 

3)10-11-

сыныптардағыОртадан жоғары деңгей-В 

 

екі игерімді қамтиды: 



-

тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В 

1.1

 – 10-


сынып;  

-

тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В 



1.2

 

В 



1.2

 – 11-


сынып. 

Білім берудің барлық деңгейлерінде «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі 

үш  аяға  бөлініп  ұсынылған:  әлеуметтік-тұрмыстық  ая;  әлеуметтік-мәдени  ая; 

оқу-еңбек  аясы.  Әр  сыныптың  базалық  білім  мазмұнын  төмендегі                     

10-18 

кестелерден көруге болады[17]. 



 

10-


кесте- 5-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

 



11- 

кесте- 6-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

Әлеуметтік-тұрмыстық  ая  –

32/18 сағат 



Әлеуметтік-мәдени  ая  –36 

/26 сағат 

 

Оқу-еңбек аясы–34/22 сағат 



«

Біз 

үйде 

бір-бірімізге 

көмектесеміз» –12/8 сағат 

 «

Досыма е-mail жіберемін» – 

10/6 сағат  

 

«Ас  дәмді  болсын!  Таңғы, 

түскі, кешкі ас» –10/6 сағат 

«Менің  елім  –  Қазақстан»  –

12/9 сағат 

«Біз  мектепте  жаңа  жыл 

тойлаймыз» –12/8 сағат:  

«

Спортпен  айналысамыз»  –

12/9 сағат 

«Менің  мектебім.  Мектеп 

ғимараты» –12/8 сағат 

«Демалысты  (каникулды) 

асыға күтеміз» –10/6 сағат 

«Қазақ  тілі  сабағында  біз 

не үйренеміз?» –12 /8 сағат 

Әлеуметтік-тұрмыстық  ая  ––

36 /24 сағат 



Әлеуметтік-мәдени  ая  –36 

/24 сағат 

Оқу-еңбек аясы–30/20 сағат 

«Менің отбасым», «Менің анам 

– 

ең сұлу адам» –10 /6  сағат 

«Менің  достарым  (олардың  мінезі, 

жақсы қасиеттері)» – 8/6 сағат 

«

Менің елімнің ақшасы» – 8/6 сағат 

«

Елнұр  туған  күнге  сыйлық 

таңдайды» – 10 /6 сағат 

«Астанамен танысу. Астананың 

көрікті жерлері» – 12 / 8 сағат 

«Көлік  түрлері.  Мен  мектепке 

немен барамын?» – 8/5 сағат: 

«

Табиғатты  қорғайық»  –  8/5 

«Менің сүйікті кейіпкерім» –10 /6 

сағат  


«Мен 

мектептемін. 

Мектепте  не  істеймін?»  –

10/7 сағат  

«Менің сүйікті заттарым» 

– 

10/7 сағат: 



«Мектептегі  үйірмелер»  – 

10 /6 сағат 

41 

 



  

12- 


кесте- 7-сыныптағы базалық білім мазмұны 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет