Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет24/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт

тыңдалым:  жеке  сөз  тіркестерін  және  сөйлесу  кезінде  өзіне  қатысты  жиі 

қолданылған сөздерді; өзі және өз отбасы туралы, мектеп өмірі туралы, мекен 

жайы  туралы,  оқуы  жайлы  айтылған  сөздерді;  жай  сөйлем  түрінде  қысқаша 

айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну дағдыларын; 



оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мәтіндерді  түсіну;  өзіне  таныс 

тақырыптар  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқу; 

тақырып  көлеміндегі  мәтіндерден  өзіне  қажетті  сөзді  оқып  түсіну;  мәтіннен 

тірек  сөздерді  табу,  ұқсас  заттарды  салыстыра  сипаттау;  қазақ  тіліндегі 

өлеңдерді жаттау дағдыларын; 

айтылым: қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы 

және басқа адамдар туралы, өздерінің өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өз 

ойын қысқа сөйлемдер арқылы білдіру дағдыларын; 

жазылым: тақырыптар көлемінде қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар 

жазу;  мәтіні  оңай  хат  жазу;  біреуге  жазбаша  алғыс  білдіру;  тақырып  аясында 

түрлі мәліметтер жазу дағдыларын; 

тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзіне  таныс  тақырыптар  бойынша 

қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша 

сөйлемдер  арқылы  қолдай  алу;  еркін  сөйлесу  үшін  қарапайым  сөздер  мен 

тіркестерін түсіну, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс. 

6- 


сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

тыңдалым:  жеке  сөз  тіркестерін  және  сөйлесу  кезінде  өзіне  қатысты  жиі 

қолданылған  сөздерді,  жеке  басына  байланысты  айтылған  мәліметтерді, 

сұрақтарды  түсіну  (жасы,  туған  жері,  тұратын  жері,  қызығушылығы,  оқуы, 

сүйікті  нәрселері);  үнтаспадан  тыңдаған  қысқа  хабарлардың  дұрыс, 

бұрыстығын  түсіну;  өзінің  достары,  тұрған  жерінің  табиғаты  және  өз  отбасы 

туралы,  мектеп  өмірі,  сүйікті  кейіпкерлері  жайлы  айтылған  сөздерді  түсіну; 

қысқаша айтылған хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын; 

оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мәтіндерді  түсіну;  өзіне  таныс 

тақырыптар  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқи  алу; 

түрлі  жанрдағы  мәтіндерді  дауыс  ырғағын,  фонетикалық  және  орфоэпиялық 

ережелерді сақтай отырып, мәнерлеп және жүргізіп оқу; тақырып көлеміндегі 

мәтіндерден  өзіне  қажетті  сөзді  оқып  түсіну;  мәтіннің  тақырыбы,  берілген 

қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын болжай немесе анықтай 

алу дағдыларын; 

айтылым:  қажетті  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып,  өз  отбасы 

және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; жеке 

басы,  отбасы,  досы,  жақсы  көретін  ісі,  кейіпкері  және  мектептегі  үйірмелері, 

Астана, өзі тұратын жердің табиғаты т.б. туралы әңгімелей білу; оқыған мәтін 

бойынша хабарлама жасау, өз ойын жеткізу дағдыларын; 

жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жаза алу; мәтіні оңай 

хат  жазу;  біреуге  жазбаша  алғыс  білдіру;  түрлі  мәлімет  жеткізе  алу;  оқыған 

мәліметтерді жазу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін спортшысы, әншісі 

45 


 


  

т.б.  туралы  мәліметтерді  қосып  хат  жазу;  тірек  сұрақтарға  сүйене  отырып, 

берілген тақырыпта шағын шығарма жазу дағдыларын; 

тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзіне  таныс  тақырыптар  бойынша 

қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша 

сөйлемдер  арқылы  қолдай  алу;  еркін  сөйлесу  үшін  қарапайым  сөздер  мен 

тіркестерін  түсіну;  әңгімені  бастау,  жалғастыру  және  аяқтау;  амандасу, 

қоштасу,  танысу  сияқты  жағдаяттарда  диалог  құрау,  полилогке  қатысу 

дағдыларын меңгеруі тиіс. 

7- 

сынып оқушылары сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет