Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет30/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
ақпараттық  технологиялар.  Оларды  пайдалану  барысында  компьютер 

қолданылып, 

сабақтар 

түрлендіріліп, 

студенттердің 

пәнге 


деген 

қызығушылықтары  артады.  Осындай  сабақтардың  өтуі    оқыту  процесін 

дараландырады  және  студенттердің  ойын  дербестігі  мен  белсенділігін 

арттырады. 

Компьтердің  әдістемелік  және  дидактикалық    мүмкіншіліктерін 

пайдаланып,  ақпараттық  технологияларды  қолдану  студенттердің  танымдық 

және өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту 

процесін тұрақтандыруға мүмкіншілік береді. Компьютер арқылы мәтінді теру, 

берілген  қателерді  түзету,  мәтін  бойынша  тапсырмалар  орындау  және  тағы 

басқа  сабақ  түрлерін  өткізуге  болады.  Оқу  барысында  студенттердің 

ақпараттық  технологияларды  пайдалануы,  өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі 

ұйымдастыру,  өзіндік  сараптау,  жоспарлау  мүмкіндіктеріне  негізделген 

оқытылу мүмкіндігін береді. 

Инновациялық  технологияларға  мультимедиялық  сабақтар  да  жатады. 

Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media, medium –

жинақ  дегенді білдіреді, яғни құрамына бірнеше мәтін, сурет, бейне, көрініс, 

анимация  кіреді.  Мультимедиялық  сабақтарда  қойылатын  мақсаттар: 

студенттердің  компьютерлік  технологиясын  қолдану  арқылы  оқыту,  үйрену, 

танымдық  әрекетін  жүзеге  асыру  және  өз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдысы  мен 

шығармашылыққа қабілеттерін дамыту.  

Мультимедиялық  сабақ  өткізу  кезінде    студенттер  ақпаратты  тек  қана 

қабылдаушы  ғана  емес,  сонымен  бірге  оны  өңдеп,  жеткізу  әрекеттерін 

орындайды.  Бұл  кезде  оқытушының  мақсаты  студенттерде  қажетті  ақпаратты 

табу,  сұрыптап,  оны  жүйелеу  мен  жеткізу  дағдыларын  қалыптастыруға 

бағытталады. 

66 


 


  

 

Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде – электрондық оқулықтар да 



жиі  қолданылуда.  Оқытушы  бағдарламаға  сай  өз  электрондық  оқулығын 

дайындайды.  Білім  саласында  компьютер  студент  үшін  құрал,  ал  оқытушы 

үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы аспап болып табылады. 

Электрондық  оқулықтар  –  ғылыми  негізінде  дайындалған  педагогикалық-

ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға 

орындайды,  кейде  қателерін  өздері  табады.  Электрондық  оқулықтар  – 

оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық  түрдегі әдістемелік 

жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-әдістемелік электрондық 

оқулықты  пайдаланғанда  сабақтың  ыңғайына  қарай  қосымша  материалдарды 

кірістіруге болады.  

Студенттердің тілін дамыта оқытудың нәтижесінде студент қазақ тілінің сөз 

байлығын  толық  игеру,  тілдің  фонетикалық  және  сөзжасам  жүйесін  жақсы 

меңгеру, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді игеріп, оларды практикалық 

тіл  жасау  дағдысында  дұрыс  пайдалана  білуі  тиіс.  Сонда  ғана  студент  тілді 

күнделікті  өмірінде  дұрыс  пайдаланумен  қатар  тілдің  қатысымдағы  стильдік, 

эмоциялық,  көріктеу,  көркемдеу  қызметтеріне  де  түсініп  қолдана  алады. 

Сондықтан,  студенттердің  тілін  дамыту  үшін,  ең  алдымен,  олардың  сөздік 

қорын  байыту;  әдеби  тілдің  нормасында  сөйлемдерді  дұрыс  құрауды  үйрету; 

ойларын  жүйелі  ауызша,  жазбаша  жеткізе  білу  дағдылары  мен  шеберлігін 

қалыптастыруы қажет. 

Қалыптасқан  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  ісінде  қазіргі  заманғы 

ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялардың  маңызы  жөніндегі 

мәселе соңғы екі онжылдық бойына өзекті болып отыр. Әрбір педагог: мектеп 

мұғалімі  немесе    жоғары  оқу  орнының  оқытушысы  болсын,  басты  мақсат  - 

білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету.  Ал  ол  үшін  ақпараттық  және 

коммуникациялық  технологиялардың  қолданылуы  үлкен  дәрежеде  септігін 

тигізетіні сөзсіз. 

Жоғарыда  көрсетілген  инновациялық  технологиялардың  түрлері  қазіргі 

жағдайда  жоғары  оқу  орнының    оқу  процесінде  қолдануға  өте  тиімді.  Білім 

берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір 

нұсқан  келтірмейді,  керісінше  оқу  пәндерінің  бағдарламасында  көрсетілген 

мақсатқа  оқытудың  бұрыннан  қалыптасқан  әдістерімен  өзара  бірлікте  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді. 

ЖОО-да өзгетілді топтарда қазақ тілі курсы Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрлігі  бекіткен  Типтік  бағдарламаның  негізінде  іске 

асырылады. Қазақ тілін оқыту мазмұнын өзгертіп, сапасын арттыру мақсатында 

бірқатар  мемлекеттермен  қабылданып  отырған  Тілдерді  меңгертудің 

халықаралық  стандарттарында  (Страсбург,  2001)  көрсетілген  тілді  меңгеру 

басшылыққа алынған. Олардың сипаттамасы төмендегідей: 

А1-А2 – негізгі деңгей, В1-В2 – кәсіби бағдарлы деңгей, С1-С2 – мамандық 

тілі деңгейі: 

67 


 


  

А1-  күнделікті  қарым-қатынаста  өзі  туралы,  отбасы,  университеті  туралы 

айтады, сұрақтар қояды, шағын мәтіндерді түсінеді. 

А2  –  өзіне  қатысты  тақырыптар  бойынша  жекелеген  сөздер  мен  сөз 

тіркестерін  түсінеді.  Өз  елі,  тарихы,  табиғаты,  өзінің  қызығушылығы, 

мақсаттары туралы әңгімелей алады. Осы тақырыптағы мәтіндерді оқып, негізгі 

ақпаратты түсіне алады. 

В1 – кәсіби бағдарлы мәтіндерді негізгі ойды түсінеді, БАҚ-тағы күнделікті 

жаңалықтан  кәсібіне  ақтысты  ақпаратты  түсінеді.  Өз  мамандығы  бойынша 

жалпы  тақырыптарға  әңгімелесе  алады.  Өзін  қызықтыратын  тақырыптарға 

ойын  жаза  алады,  өз  мамандығы  бойынша,  болашақ  қызметі  туралы  баяндай 

алады. 


В2  –  мамандығы  бойынша  таныс  тақырыптардағы  баяндамалар  мен 

дәрістерді  тыңдап  түсінеді.  БАҚ-тан  берілетін  өзіне  қажетті  ақпараттарды 

толық  түсінеді.  Тіл  иесімен  дайықдықсыз  сұхбаттаса  алады.  Өз  мамандығы 

бойынша пікірталасқа  қатысады,  өз  көрқарасын дәлелдей алады.  Өз  саласына 

байланысты негізгі ұғым, түсініктерді сұхбат барысында қолданады. 

С1  –  теледидар,  радиодан  хабарларды  тыңдап,  түсінеді.  Өз  мамандығына 

байланысты  тілдік  бірліктерді  орынды  қолданады.  Кәсіби  сөйлеу 

жағдайяттарында  қатысымға  түседі.  Өз  саласы  бойынша  мәтіндерді,  ғылыми 

еңбектерді  оқып  түсінеді.  Хабарлама,  жоба  т.б.  жазғанда  ойын  мейлінше 

жүйелі, дәлелді бере алады. 

С2 – тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсінеді. Ғылыми еңбектерді оқып 

түсінеді.  Мәжіліс, жиналыстарда өзіне  қажетті  ақпарат пен  мәліметтерді жаза 

алады. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіреді. Өзінің ғылыми зерттеу 

тақырыбы бойынша мақала баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай алады. 

Қазіргі таңда ЖОО-дағы қазақ тілі бойынша Республикалық оқу-әдістемелік 

бірлестігі  оқу  топтарын  деңгейге  төмендегідей  бөлуді  ұсынады.  Оқу  жылы 

басында  әр  факультет  бойынша  1  курс  студенттерінің  білім  деңгейі  тест 

арқылы анықталып, 3 топқа бөлінеді. 

Оқу  үрдісінде  әрбір  факультеттердің  1  курс  топтарында  қазақ  тілі  сабақ 

кестесіне бір  уақытта  қойылып, үш деңгей  бойынша  бірнеше оқу  топтарында 

бір  мезгілде  сабақ  жүргізіледі.  Деңгейлер  арасындағы  сабақтастықты    сақтап, 

берілген кредит санына қарай (20-кесте) нақты нәтижеге жету үшін қазақ тілін 

төмендегідей оқыту ұсынылады. 

20-


кесте-  Деңгейлердің кредит санына қарай топтасуы 

 

1 семестр 



2 семестр 

Кредит саны 

1 топ 

1 негізгі деңгей 



(А1 - А2) 

А2 –В1 


6 кредит 

2 топ 


2 кәсіби бағдарлы деңгей  

(В1 – В2) 

В1 – В2 

6 кредит 

3 топ 

3 мамандық тілі 



В2 – С1 

6 кредит 

С2 деңгейі магистратурада оқытылады. 

68 


 


  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет