Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет32/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт

    

В2  Студент  берілген  деңгей  негізінде  мынандай  коммуникативтік 

тапсырмаларды орындай алуы қажет:  

кәсіби  қатынас  саласындағы  әр  түрлі  қатысымдық  міндеттерді  шешу 



кезінде мамандығы бойынша түрлі қатысымдық-тілдік құрылымдарды түсініп, 

қолдана білуі қажет; 

кәсіби  қатынас  саласындағы  қатысымдық-тілдік  құрылымдарды 



бірнеше топқа бөлуге болады: 

1. 


барлық шағын стилдерге тән тілдік құрылымдар; 

2. 


жеке шағын стильдерге тән; 

3.   


барлық шағын стилдерге тән тілдік құрылымдар: 

– 

нысана анықтамасы; 



– 

нысаналарды, құбылыстар мен заттарды топтастыру; 

– 

құбылысты, үрдісті, қызметті сипаттау



– 

құбылыстың, заттың жай-күйінің өзгеруін сипаттау; 

– 

заттың тұрған жерін, орын тәртібін, жағдайын сипаттау. 



4

. жеке шағын стильдерге тән: 

жазушының, автордың, тарихи тұлғаның қызметтерін сипаттау; 



бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  өзекті  мәселелер  төңірегінде 

сипттама жасау. 

Студент  берілген  деңгей  аясында  төмендегідей  тақырыптар  төңірегінде 

тілдік қатысымға түсе алуы қажет: 

– 

адам және табиғат; 



– 

жер біздің ортақ үйіміз; 

– 

адамның рухани дамуы, т.б. 



С1  Студент  берілген  деңгей  негізінде  мынандай  коммуникативтік 

тапсырмаларды орындай алуы қажет.  

Кәсіби қатынас саласында төмендегідей қатысымдық-тілдік құрылымдарға 

түсе алады: 

– 

жай-күйдің, құбылыстың, заттың, нысананың өзгеру процесі



– 

нысананың қолданылуын сипаттау; 

70 

 



  

– 

нысаналар арасындағы байланыс пен тәуелділіктің көрінісі; 



Жеке шағын стильдерге тән қатысымдық құрылымдар: 

– 

елдің экономикалық, географиялық жағдайын сипаттау; 



– 

өмір сүру ортасын сипаттау; 

– 

тарихи тұлғалардың қызметтерін сипаттау; 



Студент  берілген  деңгей  аясында  төмендегідей  тақырыптар  төңірегінде 

тілдік қатысымға түсе алуы қажет:  

– 

адам және қоғам; 



– 

адам және саясат; 

– 

адам және ғылым; 



– 

адам және экономика т.б. 



С2  Студент  берілген  деңгей  негізінде  мынандай  коммуникативтік 

тапсырмаларды  орындай  алуы  қажет.  Тіл  иесінің  жылдам  айтылған  сөзін 

түсіну.  Ғылыми  еңбектерді  оқып  баяндай  білу.  Мәжіліс,  жиналыстарда  өзіне 

қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, 

пікір  білдіруі.  Өзінің  ғылыми  зерттеу  тақырыбы  бойынша  мақала  баяндама 

жазып,  өз  пікірлерін  қорғай  білуі  қажет.  Ғылыми  еңбекке  эссе,  жоспар  (жай 

және күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті.  

Студенттердің  қазақ  тілін  сөйлесім  әрекеті  түрлері  бойынша  меңгеру 

іскерліктеріне қойылатын талаптар 

Негізгі деңгей  

Негізгі деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1200-1500 сөз  



Тыңдалым  бойынша  студент  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени, 

ресми-іскери,  саладағы  250-300  сөзден  тұратын  мәтінді  тыңдап,  оның 

мазмұнындағы  негізгі  және  қосымша  ақпараттарды  түсе  алуы  қажет.  Мәтінге 

баға  бере  білуі  керек:  мәтінді  қолдау,  ризашылығын  (қарсылығын)  білдіру 

таңданысын,  қызығушылығын,  мақтаныш  сезімін,  өкінішін,  қуанышын, 

ренішін, қорқынышын, үмітін білдіру. 

Мәтінді оқу қарқыны минутына 220-250 буын. 

Мәтін бір рет тыңдалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет