Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет35/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

76 


 


  

Қорытынды 

 

Адамзат  тарихының  сандаған  ғасырлар  бойы  жинақтаған  тәжірибесі 

көрсеткендей  қоғам  мен  мемлекет  құрылымындағы  күрделі  құбылыс  –  тіл 

мәселесі болып табылады. 

Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында 

шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, 

сондықтан 

да 


тіл 

өзіне 


деген 

құрметті 

талап 

етеді. 


«Тіл  тағдыры  –  ұрпақ  тағдыры,  ұрпақ  тағдыры  –  ел  тағдыры»  деген  ұранды 

ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу 

жолында  талай  қиын-қыстау  кезеңдерді  басынан  кешірді.  Өйткені  ана  тілі 

мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін 

таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. 

Елдіктің  негізгі  шарттары,  түптеп  келгенде  мемлекет  тілінің,  ұлт  рухының 

көтерілген биігімен өлшенеді[27]. 

Мемлекеттік  тіл  тәуелсіздігіміздің  жырын  жырлап,  мемлекетіміздің 

бұғанасын  қатайтты.  «Ұлттың  сақталуына  да,  жоғалуына  да  себеп  болатын 

нәрсенің  ең  қуаттысы  —  тіл»  деген  Ахмет  Байтұрсыновтың  қасиетті 

қағидасына сүйенсек, Ата Заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл 

саясатын 

да 

дұрыс 


жүргізудің 

жемісі 


екені 

анық. 


Жалпы,  тіл  жеке  адамның  шаруасы  емес.  Мемлекеттік  де  басыбайлы  дүниесі 

емес.  Тіл  –  халық  қазынасы,  ұлттық  жаны.  Тілдің  мәселесі  -  ұлттық 

мәселесі[10].  

Осыған орай, бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында 

белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің 

басты  факторы  ретінде  мемлекеттік  тілді  жан-жақты  дамытуға  басты  назар 

аударылып  отыр.  Сондықтан  қоғамда  қазақ  тілінің  мемлекеттік  дәрежесін 

нығайту  және  оның  әлеуметтік-коммуникативтік  міндеттерін  кеңейту  еліміз 

саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді[28].  

«Тiлдердi қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттiк 

бағдарламасында»  Мемлекеттік  тілді  үйретудің  жүйесін  жасау  бағдарламада: 

«Үздіксіз  білім  беру  моделі  арқылы  қазақ  тілін  оқыту  жүйесін  әзірлеу  және 

енгізу»  деген  арнайы  бағыт  ауқымында  айқындалған.  Бағдарламының  осы 

бағыты  бойынша  қазақ  тілін  оқытудың  стандарт-  технологиясы  дайындалды, 

тіл  үйрету  қарапайым  пайдалануды  қамтамасыз  ететін  А1-А2  деңгейлері 

бойынша,  дербес  пайдалануды  қамтамасыз  ететін  В1-В2  деңгейлері  бойынша 

және  іскерлікпен  пайдалануды  көздейтін  С1-С2  деңгейлері  бойынша 

мемлекеттік  тілді  оқытудың  көп  деңгейлі  жүйесі  жасалды.  Бұл  стандарт-

технология  мектепке  дейінгі,  орта,  арнайы  орта,  жоғары  және  жоғары  оқу 

орынан  кейінгі  мемлекеттік  білім  беру  стандартына  енгізілді.  Яғни, 

бағдарламада  көзделген  үздіксіз  білім  беру  моделі  арқылы  қазақ  тілін  оқыту 

стандарт-технологиясы міндеттілікке айналады[10]. 

Әдістемелік құралда: 

77 


 


  

Халықаралық стандарттар негізінде мемлекеттік тілді деңгейлеп 



меңгертудің негізгі шарттары; 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді оқытудың 



жолдары; 

Жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың 



ерекшеліктері; 

Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  мемлекеттік  тілді 



меңгертудің тиімді жолдары; 

Жоғары оқу орны жағдайында мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік 



негіздеріне  қатысты    зерделеу  мен  насихаттауға  арнап  жүрген  ғалымдардың 

ғылыми-зерттеу еңбектеріне шолу жасалды.  

Сонымен қатар, әдістемелік құралда бірнеше үлгілік сабақ жоспарлары қоса 

беріліп отыр. Бұл құрал қазақ тілін оқытуда  мұғалімдерге әдістемелік жағынан 

көмек ретінде ұсынылады.  

Қорыта  келгенде,  жоғарыда  айтылған  ой-пікірлерді  қорытындылайтын  

болсақ, тілдік ахуал уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Қазақ тілін меңгерту 

үшін  көптеген  технологиялар,  әдіс-тәсілдер  қолданылып,  оқыту  әдістемесі  де 

әлемдік  тәжірибеде  қалыптасқан  игі  үрдістің  нәтижесін  ескере  отырып 

жасалды.  Отандық  білім  жүйесінің,  қазақ  тілінің  өзіндік  ерекшеліктері  осы 

үрдіспен  үндесіп,  тілді  меңгертудің    Қазақстандық  жаңа  үлгісі  әзірленді.        

Енді  тіл  үйренуге    ықылас    артып,  үш  тілде  еркін  сөйлейтін  жастар  қатары 

көбейіп, еліміздің жаңа қоғамын қалыптастырады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



                                                                                                                   

78 


 


  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет