Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет34/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
Оқылым әрекеті бойынша студент көлемі 900-1000 сөзден тұратын мәтінді 

оқып, түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша 

түсінгенін  өз  сөзімен  әңгімелеп  беруі  қажет.  Бұдан  студент  мәтін  мазмұнын 

түсінген-түсінбегенін  және сөздік  қорының  ауқымын бірден  аңғаруға  болады. 

Мәтіндер  кәсіби-іскери,  арнайы  ресми  бағытта  оқиғаны  хабарлау,  мазмұндау, 

суреттеу негізінде арнайы құрастырылуы қажет. 

Кәсіби мәтінді оқу барысында студент мыналарды орындай білуі қажет: 

– 

оқудың єр түрлі стратегияларын қолдана білуі; 



– 

мәтіннің тақырыбын анықтап, оның негізгі идеясын түсіне білуі; 



Жазылым  бойынша  жұмысты  орындауда  студенттер  таңдаған  тақырып 

мазмұнын терең түсініп,  оны өз  сөзімен  жазбаша жеткізе білуі және сонымен 

қатар  өзінің  осы  тақырып  бойынша  жеке  көзқарасын,  тұжырымын  да  жеткізе 

білгені жөн. Мұның өзі студенттің кәсіби қазақ тілін қалай меңгергенін, оның 

қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Шығарма-эссе көлемі – 600-700 

сөзден тұруы тиіс. Студент сонымен қатар кәсібі бойынша оқыған кітаптары, 

мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме 

жаза білуі қажет. 



Айтылымда  студенттер  өздеріне  ұсынылған  кәсіби  бағыттағы 

тақырыптардың  біріне  сұхбат  (сөйлесім)  құрады.  Таңдаған  тақырыпқа  сай 

сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі:  

– 

берілген тақырып бойынша студент байланыстырып, еркін сөйлей білуі 



қажет; 

– 

мамандығы  бойынша  тыңдаған  немесе  оқыған  мәтіннің,  естіген 



ақпараттың мазмұнын  айта білуі,  ондағы оқиғаға өз  көзқарасын білдіре  білуі, 

оны өзінше толықтыра білуі тиіс. 

Студенттің  берілген  тақырып  бойынша  көлемі  700-800  сөзден  тұратын 

мәлімдеме  жасау,  сұхбат  құру,  әңгімені  қоштау  т.б.  бағытта  білім,  білік 

дағдысы болуы қажет.  

Мамандық тілі деңгейі 

Мамандық тілі деңгейінің лексикалық минимумы шамамен 1800-2000 сөз. 



Тыңдалым  бойынша  бейтаныс  түпнұсқа  900-1000  сөзден  тұратын  кәсіби 

мәтінді таспадан тыңдап, студент: 

73 

 



  

берілген  нақты  мамандық  саласындағы  танымдық-қатысымдық  міндетті 



шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі; 

түсіндірмелі  сипаттағы  монолог  түрінде  берілген  мамандық  саласы 



жайындағы  ойды,  тақырыпты,  негізгі  мазмұнды,  оның  жеке  мағыналық 

бөліктері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс.  

Сонымен қатар: 

іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы 



бойынша сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек. 

Мәтіндердің тақырыбы студенттердің таңдап алған мамандықтарына сәйкес 

алынады. 

Оқылым  әрекеті  бойынша  көлемі:  1000-1200  сөзден  тұратын 

мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып, студент: 

оқылған  мәтіннің  негізгі  мазмұнын,  жеке  мағыналық  бөліктері 



арасындағы логикалық жєне себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек. 

Студент  мамандық  саласы  бойынша  берілген  мәтіннің  мазмұнын  өз 

көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере 

білуі  қажет.  Мәтіннің  түрі:  жалпы  ғылыми,  жалпы  кәсіби  және  арнайы 

мамандық  саласы  бойынша  құрастырылуы  тиіс.  Мамандық  саласы  бойынша 

берілген  мәтінді,  ғылыми  мақаланы,  баяндаманы  оқу  барысында  студент 

мыналарды орындай білуі қажет: 

оқудың басты стратегияларын қолдана білуі; 



мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала 

білуі;  

хабарға,  апаратқа  өзінше  түйіндеме  жасап,  автордың  ойына  баға  бере 



білуі тиіс. 

Жазылым  бойынша  жұмысты  орындауда  студенттер  таңдаған  тақырып 

мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен  жазбаша жеткізе білуі және сонымен 

қатар  өзінің  осы  тақырып  бойынша  жеке  көзқарасын,  тұжырымын  да  жеткізе 

білгені жөн.  

Егер  эссе-шығарма  болса,  мәтін  мазмұнының  ауқымы  800-1000  сөзден 

тұруы  тиіс.  Реферат  мәтінінің  ауқымы  10-15  бет,  аннотация  жєне  кәсіби 

іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы3-5 болуы тиіс. 

Студент сонымен қатар: 

мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы 



тақырып  бойынша  естіген,  оқыған  мәтін  мазмұнында  берілген  ойды  қайта 

жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс; 

ғылыми  баяндама,  мәлімдеме,  хабарлама  жазу  үшін  ойды  логикалық 



жүйемен жазбаша құра білу тиіс; 

нақты  мамандығы  бойынша  оқыған  кітаптары,  мақалалары  немесе 



тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.  

Әдеби  шығармалар  немесе  мақлаларға  сыни  баға  беріп,  күрделі  жоспар, 

эссе, түйіндеме, пікір жаза алады. 

74 


 


  

Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне 

таңдауы  бойынша  сұхбат  (сөйлесім)  құрады.  Таңдаған  тақырыпқа  сай 

сөйлесімде  төмендегідей  шарттар  ескеріледі:  Студенттің  берілген  тақырып 

бойынша 800-900 сөз аясында таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгемелеп 

айта  білуі,  баяндама  жасай  алуы,  сұхбат  құра  білуі  тиіс.  Егер  тапсырма  жеке 

немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 

минут, қарқыны- минутына 170-200 сөз болуы тиіс. Ал диалогтық сөйлеу болса, 

айтылым қарқыны – минутына 160-180 сөз. 

 

Диалогтық сөйлеуде студент: 



айтушының  ой-пікіріне  өзінің  тұжырымдарымен  жауап  беріп,  әр  түрлі 

сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі; 

мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын 



серіктесіне жеткізе білуі; 

естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс. 



Студент  мағынаның  түрлі  реңктерін  дәл  беретіндей  тыныс  белгілермен 

дауыс  ырғағын  ұтымды  қолдана  отырып,  тез  және  ешқандай  қиындықсыз 

хабарлама  жасай  алады.  Күрделі  тақырыпты  талабына  сай  мейлінше 

жеңілдетіп,  түсінікті,  дәл  жеткізе  алады.  Аудиторияда  берілген  кез-келген 

сұраққа еш қиналыссыз жауап бере алады.  

Идиомалық және ауызекі оралымдарды жақсы біледі. Мағыналық реңктерді 

дәл бере алады. Пайда болған қиындықтарды тез тауып, түзей алады. 

Қазақ  тілін  меңгеруде  жаңа  технологияларды  қолдана  оқытудың  маңызы 

зор.  Мысалы,  оқытушылар  өз  тәжірибелерін  білім  берудің    мынадай 

технологиялар түрлерін қолданады: 

-   

деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы; 



-    

модулдік технология; 

-    

дамыта оқыту технологиясы; 



-    

ақыл-ой, іс-әрекеттердің кезең бойынша қалыптасу технологиясы; 

-    

танымдық  іс-әрекеттерді  жандандырудың    тәсілдерін  оқыту 



технологиясы; 

-     


ынтымақтастықта оқыту технологиясы. 

Студенттің дамуын үйлесімді нәтижеге жеткізу үшін  оқу жүйесі  ғылыми-

педагогикалық    негізінде  жасалуы  қажет.    Сабақ  кезінде  модульдік  оқыту 

технологиясын  қолдана  отырып,  студенттердің  жеке  дамуына  көңіл  бөлуге 

болады.  Модульдік  оқыту  технологиясы  жаңа  технологиясының  әр  пән 

бойынша  ерекше  қолдануда.  Оқу  модулі  3  құрылымдық  бөлімнен  тұрады: 

кіріспеден,  негізгі бөлімінен және қорыту. Әр модульге оқытушы өз уақытын 

бөліп,  қойылған  ақсаттарына  жетуге  тырысады.  Оқытушы  сабақты 

ұйымдастыру    түрлерін  ойластырады.  Оқу  материалдарын  тақырыптың 

мазмұнына  сәйкес  деңгейлік  тапсыру  болуы  қажет.  Әр  деңгейді  орындап,  ең 

соңғыда студент баға алады. Модуль үлгісі 21-кестеде берілген[25]. 

 

75 



 


  

21- 


кесте - Модуль үлгісі 

 

Модуль  



Құрылымы 

Сабақ  


саны 

                 

                 

Сабақтың түрі мен мазмұны 

  

  

Минут 



саны 

 

Бекіту 



бөлімі 

  

1 – 2  



сабақ 

Модуль құрылымымен таныстыру. 

Студенттер алдына қойылатын мақсаттарын айту. 

Сабақта  ережені  .тірек  сызбалар  арқылы    

түсіндіру. 

Практикалық тапсырмаларды орындау  

Алған білімдерін бекіту. 



 

10 


 

20 


  

Мұндай жұмыс түрі оқытушы студенттерден  жоғары әдіскерлік шеберлікті, 



жоғары кәсіби деңгейді талап етеді.  

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  білім  берудің  мақсаты  –  қазіргі  қоғам 

талабына  сай  алынған  терең  білім,  ойын  еркін  білдіру,  тиімді  шешімдер 

қабылдауға  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Біз,  оқытушылар,  бұл    мақсатты 

жүзеге  асыру  үшін,    түрлі  тәсілдер,  әдістер  және  инновациялық 

технологияларды  қолдануымыз  керек.  Әр  оқытушы  заман  талабына  сай  өз 

жүргізетін  пәні  бойынша  жаңа  технологияларды  пайдаланса,  болашақ 

маманның  білім  сапасын  тереңдетіп  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға 

болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет