Ы. Алтынсарин және Торғай ақындық мектебі


Ы. Алтынсарин және торғай ақындық мектебінің үндестігі



бет4/7
Дата26.05.2022
өлшемі51,38 Kb.
#35670
1   2   3   4   5   6   7
2.3.Ы. Алтынсарин және торғай ақындық мектебінің үндестігі.


Ыбырай Торғай даласындағы ауылдарды аралап, мектеп құрылысына қаражат жинайды және Троицкідегі таныстарына хат жолдап, керекті құрылыс материалдарын және оқу құрал – жабдықтарын, кітаптарын алдырады. Кітаптардың ішінде Николай Ивановичтің «Самоучитель русского языка для киргизов» аталатын оқу құралыда болған.
1963 жылы Ы. Алтынсарин өзі жоболаған мектептің құрылысын бітіреді және 1964 жылы қаңтардың 8 – ші жұлдызында көп халық жиналып салтанатты түрде мектеп ашылады. Бұл мерекеде 14 бала мектепке жазылады. Біраз уақыт өткен соң тағы да екі ауыл баласы қосылады.
1879 жылы Ыбырай Алтынсарин ресми түрде Торғай облысының инспекторы болып тағайындалады. Торғай облысы ол кезде – Елек, Ырғыз, Торғай және Николаевск уездеріне бөлінетін еді. Орынбор губерниясына бағынатын Тройцк уезіндегі мектептерді де Ыбырай Алтынсарин басқарады.
Ы. Алтынсариннің тікелей өз инициативасымен қазақ жерінде жұртшылыққа арналған бүтін бір мектептер жүйесін құруы – оның теңдесі жоқ тарихи қызметі болып табылады. Бұл мектептерде ол қазақ тілі пәнін оқытуды енгізе отырып, күштеп орындастыруға, сондай – ақ реакциялық мұсылман дінінің ықпалына қарсы бірдей күресті.
Инспекторлық қызметтке тағайындалысымен Ы. Алтынсарин бірден жаңа мектептерді ашу ісіне кіріседі. Ең алдымен облыстағы барлық уезік қалаларда бір – бірден училищелер ашуды ұйғарады. Осы мақсатпен ол ауыл – ауылды аралап қаржы жинайды да, артынша Елек, Николаев,Торғай және Ырғыз уездерінде екі кластық орыс – қазақ училищелерін ашып, оларды оқушылар мен ұстаздармен қамтамасыз етеді.
Осы жылы Ы. Алтынсарин орыс – қазақ мектептеріне арналған Орынбор баспасынан екі оқу құралын — «Қазақ хрестоматиясын» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жарыққа шығарады. Бұл еңбектер ғылыми деңгейде жазылған асыл мұралар, қазіргі кезде де қадір – қасиетін жоймаған қымбат қазына.
Ыбырай Алтынсарин-тұңғыш халық мұғалімі, Қазақстандағы халық мектептерін бірінші ұйымдастырушы және қазақ халқынан шыққан тұңғыш педагог-теоретик. Алтынсариннің қызметі біз үшін қоғамдық ойды дамыту тұрғысынан оның халық ағарту ісі мен қазақ әдебиетінің тарихындағы орны біздің көңілімізді ерекше аударып тұрады.
Қазақ балалары үшін ана тілінде құнды әңгімелер мен өлеңдер жазған Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихында Абаймен қатар жазушы- суреткер ретінде тиісті орын алды. Оның шын ниетімен, жан-тәнімен жазған шығармаларының соншалықты ол күні бүгінге дейін жастарды жалықтырып, ескерген жоқ.
Алтынсарин өз халқының игілігі үшін қажымай еңбек етіп, дарындылығын, мәдениетке қабілеттілігін дәлелдейді. Ол жастарды жарқын болашақ үшін қажымай күресуге , көршілер ( орыстар) мәдениетін қабылдап, ұғынуға жол көрсетті. Ол болашаққа деген сенімді қолдады. Өзінің барлық сөздерінде еңбекші қазақ халқын, қарапайым халықтың бишаралық халге түскен балаларын ескеріп, сонымен бірге билеуші топтардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарының жарамсыз жақтарын көрсетті.
Алтынсариннің тарих, этнография, өлке танудағы бағытта да үлкен маңызды жұмыс атқарғанын да көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет