Ы. Алтынсарин және Торғай ақындық мектебі



бет6/7
Дата26.05.2022
өлшемі51,38 Kb.
#35670
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды
20 ғасырда замандар бойы қазақ халқының рухнаи қажетін өтеп келген жыраулар поэзиясы тарих сахнасынан кетіп, олардың орынына ақындар поэзиясы келді. Халықтың мұң-мұқтажын жырлаған ақындар елдің құрметіне бөленіп,халықтың қадірлі ардақты адамдарына айналды. Ақындардың тарих сахнасына шығуына Ресейдің отрашылдық саясатының да әсері болды. Елішіндегі келеңсіз жайттар ақындардың тақырыбына айналды. Өткен өмірді аңсау,азаттықты көксеу,отаршылдықты сынау, болыс-билерді әжуалау ақындар шығармашылығының негізгі арқауы болды. Жекелеген ақындардың рөлі арта бастады. Кейіннен ол ақындардың маңайында ақындық мектептер қалыптасты.
Қазақ жерінің әр аймағында қалыптасқан ақындық мектептер бір-бірінен шығармашылығындағы әдеби дәстүрі мен көркемдлік ерекшеліктері мен айырықшаланады. Осындай ақындық мектептің бірі 19 ғасырдың 70- жылдары Торғай өңірінде қалыптасты. Бұл мектептің қалыптасуына Уақ Жұмабай Шалабайұлы,Таңат Сейдахмет Бейсенұлы, Есенжол Жанұзақұлы, Әбіқай Нұртазаұлы сияқты ақындар мұрындық болды.
Торғай ақындық мектебінің дамуында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімін де атап өтуге тиістіміз. Сол кезңде Торғай өңірінде қызмет еткен ұлы ағартушы Торғай ақындарына ақыл кеңес беріп отырғаны туралы деректер көп. Ыбырай Алтынсарин Торғай ақындық мектебінің кейбір өкілдерінің шығармаларын өзінің атақты «Қазақ хрестоматиясы» атты еңбегінде жариялады.
Торғай ақындық мекбетінің бастау көзі болып қазақтың ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясы,19 ғасырдың басындағы ақындар шығармашылығы табылады. Торғай ақындарының шығармашылығының дамуына әдеби байланыстардың ықпалы болды. Торғай ақындық мектебі көршілес ақындық мектептермен-батыс Қазақстандағы жыраулық дәстүрдегі ақындық ортамен , сыр сүлейлермен,Арқадағы ақындық мектеппен үнемі әдеби байланыста болған.
Қорыта айтқанда,19 ғасырдың 70-жылдары мен 20 ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген ,көркемдік ерекшеліктерімен ,өзіндік әдеби дәстүрлерімен ерекшеленген Торғай ақындық мектебінің қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орны бар. Бұл мектеп өкілдері өз шығармашылықтарымен қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет