Ы. Алтынсариннің оқу-ағарту саласында жазған еңбектері бүгінгі күні халқымыздың ұлттық-рухани қазынасына, мәдениеті мен тарихының алтын қорына айналған қазақтың сарқылмас мәдени мұрасы болып отыр



Дата15.05.2022
өлшемі17,58 Kb.
#34429
Байланысты:
null


Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту саласында жазған еңбектері бүгінгі күні халқымыздың ұлттық-рухани қазынасына, мәдениеті мен тарихының алтын қорына айналған қазақтың сарқылмас мәдени мұрасы болып отыр. Оны зерттей беру, жаңаша пайдалану — болашақ ұрпақтың міндеті.
Білім беру саласындағы өзгерістер, жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшелікті ескеру, даралап, саралап оқыту бүгінгі буынның басты мәселесіне айналуда. Осы тұрғыдан алғанда, осыдан бір жарым ғасыр бұрын қазақ сахарасында мәдениет пен оқыу ағартудың туын көтерген, халыққа қажетті бар байлық, бақыт та, жақсылық та біліммен келетінін насихаттаған, ғылыми еңбегімен де, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау сияқты табанды істерімен де үлгі-өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұраларының маңызы ерекше. Ә. Сыдықов Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары және ағартушылық қызметі атты еңбегінде Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептердің жүйесін, оқу-тәрбие ісінің мазмұнын саралай келе, оқытудың ағартушы ұстаз ұсынған дидактикалық принциптерін: Ы. Алтынсариннің педагогикалық жүйесі халық ағарту саласында аса зор, пайдалы рөл атқарады, оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Оның ілімі өз алдына дербес, тұтас бір пелагогикалық жүйе болып табылады. Онда адал көңілден шыққан сын да, жаңашыл бастаманы қолдау

да, өзіндік ой-пікірді орынды айта білу де бар деп түйіндейді. Сол заманның өзінде дәл бүгінгідей қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп таныған Ы. Алтынсарин өз ойын іске асыруда көптеген кедергілерге кездесе отырып, табандылықпен және білген, өмірінің соңғы сәтіне дейін өз мақсатын берік ұстанған. қазақ халқы деген-оқу-білімге сусап отырған халық, өттің бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде күйінесің.Бұл жағынан алып қарағанда, кейде жылы сөзге ынтазар жетім бала сияқтымыз. Қандай қиыншылықтарға кездессекте, біз әйтеуір өз ойымызды орындап келеміз дейді Н.И. Ильминскийге жазған хатында. Оның халықтан қаражат жинап, мектеп ашуы, инспекторлық қызмет атқара жүріп, мектептер санын көбейтуі, оқулық, әдістемелер жазып таратуы- қазақтарға осы дарынды, ақылы мол халыққа қазір, кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру-қалай дегенмен аса қажет болып отыр пікірінің іс жүзіндегі көрінісі. Сол кездегі мектептердің басты мақсаты етіп баланың жеке басының ақыл-ойын өсіру үшін мінез-құлқын жетілдіру үшін нақтылы білім беру кереклегенді Скачать қояды. Бұл Ойды қазіргі оқу мен тәрбиенің бірлігі, жан-жақты білім
Ыбырай Алтынсарин алдымен мұғалімдік пен жазушылықты бір-біріне ұштастыра білген ұлы ұстаз, білім берудің ұлттық парадигмасының негізін қалаушы. Қазақ мәдениетінің алғашқы қайраткерлерінің бірі. Қазақ даласында бұрын-соңды болмаған жаңа үлгідегі мектеп алып, оның өзіне ғана тән ерекшелігі бар бағдарламасын, оқу-құралдарын жазушы, шаруашылық есеп-қисабын да жүргізуші. Өзі ұстаз, өзі ұйымдастырушы. Қазақ тарихында педагогикалық ой- пікірдің, педагогтік - демократиялық көзқарастың негізін тұңғыш қалаушы.

Ыбырайдың бұрынғы ел қамын ойлаған озық ойлы қазақ оқығандарынан айырмашылығы - ол халықты оқу-білімге шақырып қана қоймай, іс жүзіне де асыра білді. Мектептегі басты тұлға - мұғалім екенін ескертіп: «Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде гана», деп мектеп туралы тұңғыш ой-пікір қозғаған да, адам бойына қайырымдылық, ізгілік, ізет, мейірім шуағын сіңіріп, Ар ілімін (Шәкәрім) ардақтаған, тәрбие ісін алғаш жолға қоя білген де Ыбырай Алтынсарин болатын.

Кейбіреулер қазақ даласында 1841 жылы Ордада мектеп ашылғанын желеу етіп; алғашқы мұғалім Ыбырай Алтынсарин емес дегілері келеді, 1841 жылы қазақтар арасынан чиновниктер дайындау мақсатында Ордада екі сыныптық мектеп ашылғаны, онда алғашында 25 бала оқығаны шындық Бірақ онда үкіметке қызмет істеп көзге көрінген, жаққан, жағынған атақты бай би- болыстардың балалары ғана алынған. Оқу тек орыс тілінде жүргізіліп, орыстар ғана сабақ берген. Хан ордасындағы, 1844 жылы 14 маусымда ашылған Орынбор шекара комиссиясы жанынан ашылған мектеп жайында Ә. Сыдықовтың 1949 жылы Алматыдан жарық керген «Ы. Алтынсариннің педагогикалық пікірлері және ағартушылық қызметі» кітабында кеңінен баяндалады. «Қазақ әдебиетінде нағыз мәдениетті прозалық шығармаларды тұңғыш жазған Ыбырай Алтынсарин" [Шалабаев Б. «Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы" Алматы: 1983.
Ыбырай тұңғыш рет тәлімдік-тәрбиелік мәні зор И.А. Крылов мысалдарын аударып, баспасөз беттерінде жариялаушы, аудармашы. Осы Ыбырай аудармалары негізінде қазақ әдебиетінде жаңа түр - мысал жанры пайда бола бастады. Сондықтан да Ыбырай әрі қазақ әдебиетіне мысал жанрын алғаш әкелген одебиетші. «…Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, бұдан бұрын да кіре бастаған еді, Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең карта сөздегі әралуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай A Алтынсарин болатын» [Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы, -Алматы: Жазушы, 1985. 12 том. -212 б.]. Алайда ескертетін бір жайт - мысал бұрын қазақта жеке жанр ретінде көрінбегенімен, хайуанаттар туралы ертегілерде кездеседі. Ыбырай - әдебиеттанушы, ауыз әдебиеті үлгілерін алғаш жинаушылардың бірі. 1879 жылы Орынбор қаласында басылған ұлы ұстаздың «Қазақ хрестоматиясы» («Киргизская хрестоматия») оқу құралына енгізген ертегі, аңыздары мен мақал-мәтелдері, өлеңдері соның айғағы. Мәселен, құрдасы, атақты ақын, жырау Марабай Құлжабайұлының аузынан жазып алған «Қобыланды батыр» жырының үзіндісін «Тайбурылдың шабысы» деп осы кітабына енгізуінің өзі оның таным-түсінігінің молдығын көрсетеді. Яғни, «Қобыланды батыр» жырын тұңғыш рет баспа бетіне шығарған да Ыбырай. Ыбырай жатырқап, жатсынуды білмей, ұлтқа, руға бөлмей, «Бәріміз бір адамның баласымыз» деп Шығыс, Батыс әдебисті үлгілерін де «Қазақ хрестоматиясына» қосуы «Әдебиетімізде кейінірек мол дамыған шетел өмірін суреттеу дәстүрі-қазақ ағартушыларының мұраларынан басталатыны анық» деп Ш. Сәтбаева айтқандай, үлкен жаңалық еді.

«Қазақ хрестоматиясы» негізінен Ыбырайдың төл шығармаларынан «құралып», педагог Ыбырай - ақын Ыбырайға, жазушы Ыбырайға айналып қана қоймай, сыншы-ғалым ретінде бой көрсетті. Өзінің төл шығармаларын, ауыз әдебиеті үлгілері мен аудармаларды белгілі жүйемен орналастыра білген Ыбырай сыншылық ой мен оқымыстылықтан кенде емес. Міне, осы қасиеттер «Қазақ хрестоматиясын» әдебиеттану ғылымының сонау XIX ғасырдағы үлкен көрінісі етті» [Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы 1-бөлім, (Оқу құралы) - Алматы: «Білім», 2002 - 41 б.].
Ыбырай - тарихи әңгіме жазған тұңғыш қазақ жазушысы («Жәнібек батыр»). Ыбырай - білікті заңгер. Ыбырай - қазақтың алғашқы этнографтарының бірі, ғалым. «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және той жасау дәстүрінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очеркі» т.б.). Ыбырай Алтынсарин алғашқы публицистердің бірі. «Оренбургский листок» газетіне мақалалары жарияланып тұрған. Сондай-ақ ұлы ағартушының «Қазақ хрестоматиясы» оқулық болуымен қатар, публицистика әрі көркем әдебиет үлгілері, әрі танымдық-тағылымдық мәні зор еңбек. Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұлы» - очерк. Өйткені Сейітқұл Маманұлы өмірде болған адам. Ол 1770 жылы туып, 1830 жылы дүниеден өткен. әлі күнге дейін сол Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Қабырға өзені бойында өмір сүріп жатыр, Ыбырай «Малды пайдаға жарату», «Дүние қалай етсең табылады», «Білгеннің пайдасы», «Мұжық пен жасауыл», «Петр патшаның тергелгені», «Жомарт», «Сараңдық пен жинақылық» атты әңгімелерінде әр нәрсені қажетіне қарай үнемдеп, жұмсау (экономика) мен кәсіпкерлік жайында ой толғайды. Еңбек етуге үндеп, кәсіптік білім алуға шақырады. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, Орынбор, Торғай қалаларында ер балаларға арналған ағаш ұсталығын, қыз балаларға арналған киім тігу үлгілерін үйрететін қолөнер училищелерін және ауылшаруашылық мектептерін, олардың жанынан монша салып, кітапханалар ашуы патриоттық іс еді. Жоғарыда айтылған «Қыпшақ Сейітқұл» очеркіндегі Сейітқұл - қазақ топырағынан шыққан тұңғыш кәсіпкер. Кәсіпкерлік, кәсіпкер жайында тұңғыш очерк жазған кісі де - Ы. Алтынсарин деуімізге негіз бар.

Ыбырай - қазақша газет шығаруды ойлаған тұңғыш адам. Ы. Алтынсарин ұлттық газет шығаруды ойлап 1879 жылы жергілікті патша әкімшілік орындарының алдына ұсыныс хат жазады. Тіпті болашақ газеттің атын «Қазақ газеті» деп қойып, макетін жасап, 45х35 формат көлемінде сегіз бет болып шығатынына дейін көрсетеді. Басылымның алғашқы төрт беті қазақ тілінде, кейінгі төрт беті алдыңғы төрт беттің аудармасы ретінде орыс тілінде жарық көруі керектігін айтқан. Алайда, патша әкімшілігі бұл газетті шығаруға рұқсат бермеген.

Бір Құдайға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! деп бүкіл қазақ даласына жар салып, оқуға шақырып, ғылым- білімнің мәнін алғашқылардың бірі болып тәптіштей түсіндіріп берген де Ыбырай Алтынсарин. Балаларға арналған осы үгіт- насихатқа, жастарға деген махаббатқа, сенімге толы, балалар ұғымына лайықталып түсінікті таза қазақ тілінде жазылған өлең 1876 жылы 2 желтоқсанда Торғай қаласында жазылыпты. Содан бері қаншама жыл өтсе де әлі күнге мән-мазмұнын жоймай, балалар жүрегінен орын алып, қоғамға қызмет етіп келеді. Осы өлең туған күннің ертеңінде Н.И.Ильминскийге қазақтың табиғи тілін бұзатын татаризмге қарсылығын білдіріп: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым» [Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Н.И.Ильминскийге». - Алматы: Жазушы, 1988. -210 б.]. «…екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін (бұл - қазақты татарландырудың ең сенімді тәсілдерінің бірі ғой), мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын үйрене бастап, осыған қоса жіберіліп отырған оқу құралын құрастыруға кірістім» [Сонда 244 б.].- деп жазды. Ыбырай мектеп ашқан тұста іс қағаздары татар тілінде жүргізіліп, ауыл молдаларының бәрі дерлік татарлар болды. Қазаннан, Уфадан шыққан кітаптардың дені де осы тілде жазылды. Ыбырай оқыған Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан ашылған мектепте де татар тілі оқытылды. Бұл өкіметтің ислам дінін татар тілі арқылы насихаттап, халықтың сана-сезімін улау, тілінен айыру саясаты еді.
Міне, осы саясатты алғаш түсініп, оған қарсы шыққандар да Шоқан, Ыбырай, Абай болатын. «Қазақ тілінің тазалығын сақтау жолындағы күрес Ыбырай Алтынсариннен басталған. Шоқанның да бұл жайлы жазғандары бар, бірақ Ыбырайдай принциптік деңгейге жеткізбей, жол- жеменей ғана айтқан. Бұл мәселенің Қазан революциясына, тіпті бүгінгі күнге дейінгі қазақ қоғамының ең бір түбегейлі проблемасы болғаны Абай мен Сұлтанмахмұттың сыншылық ойларынан, газет-журналдарда жарияланған материалдардан анық байқалады» [Кәкішұлы Т. "Қазақ әдебиеті сынының тарихы. 1-бөлім. Алматы: «Білім», 2003. -42 6.] Ел қамын күйттеп, халқын қараңғылық құшағынан шығаруды ойлаған азаматтар аз болмаған. Алайда шынжыр балақ, шұбар төс, елге өктемдік жүргізіп отырған бай-шонжарлар тұқымынан шыққан, не ішем, не жеймін демейтін жағдайы бар Ыбырайдың шен-шекпен, дүние-байлық қумай, «Еліме қайткенде пайдалы адам бола аламын» дегенді тұңғыш айтып, сол жолда ерінбей, шалдықпай-талмай, жанқиярлықпен еңбек етуі де Отанды сүю үлгісі, өнегесі!

Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ыбырайдан да бұрын қазақ ауыз әдебиетінде балаларға арналған ертегілер, өлеңдер, жаңылтпаштар, санамақтар болған. Ыбырай соларды жинастырып, өзі де жасөспірімдерге арналған шығармалар жазды. «Қазақ хрестоматиясы» қазақ тарихындағы балаларға арналған тұңғыш жинақ, Ыбырай - балалар әдебиетінің негізін салып, жазба әдебиетте қалыптастырған тұңғыш жазушы, Ыбырай - тұңғыш әліппенің авторы. Ақтөбе облысы бойынша ең алғашқы кітапхана 1883 жылы күзде Ыбырай Алтынсариннің ұсынысымен Ырғыз қаласындағы училище жанынан ашылды. Мұнда 300-400- дей кітап қоры болған. Сапабек Әсіпов қазақстандағы тұңғыш кітапхана осы деген пікір айтады [Әсіпов С. «Ұлы ұстаз», «Ыбырай Алтынсарин тағылымы» Алматы: -»Жазушы», 1991. -220 б. Ыбырай - Ислам діні жайында экзетикалық дәстүрде (Діни кітаптарды оқып зерттеп, талдау жасау, түсініктер жазу) қазақ тілінде тұңғыш оқулық жазушы,«Мұсылманшылықтың тұтқасы» соның куәсі. Бұл кітапта қазақ әдеби тілінің бастапқы табиғи қалпы сақталуымен бірге араб тілінен кірген сөздердің мән- мағынасы да айтылады. Яғни, Ыбырай араб тілінен кірген діни сөздерді-терминдерді қолданып, қалыптастыруды да тұңғыш қолға алған ағартушы.

Ыбырай - табиғатты суреттейтін реалистік поэзияның бастаушысы. Яғни, қазақтың жазба көркем әдебиетінің қарлығашы. «Алтынсарин Пушкин жазған, орыс тұрмысынан алынған жылдың төрт мезгілі турасындағы әлеңдерден көп үлгі алады.
Еліктеу түрінде емес, классик ақынның стиліне ден қойып, соның дәстүрін меңгерді. Ыбырай осы көктем жайындағы жалғыз өленнің өзімен қазақтың пейзаж жайындағы болашақ реалистік поэзиясын бастап кетті деуге болады. Абайдың кейін жазатын осы алуандас «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс» дейтін өлеңдерінің бәрінен біз жаңағы айтылған, Алтынсарин салған тың жолдың түгелімен қабыл алынып, онан да ары көркейіп, дами түскенін білеміз [Әуезов М. Жиырма томдық шығ. жинағы. - Алматы: «Жазушы», 1985. -20 т. 212-213 6.6.]. Ыбырай ұлы ақынның ұстазы демесек те үлгі алғаны осы жолдардан көрініп тұрған жоқ па?! Сонымен бірге біз бұл пікірден Абайдың Ыбырайды білгенін, шығармаларымен таныс болғанын да аңғарамыз. Жазба әдебиеті өкілдері ішінде нәзиралық дәстүрді алғаш бастап берген ақын да Ыбырай.

Тұлғасыз ел - тұлдыр, болашағы бұлдыр. Елді алға жетелеп ілгері бастыратын ірі тұлғалары. Ы. Алтынсарин маңына жарық шашқан сондай ұлы тұлғалардың бірі, өзінен кейінгі талай тұлғалардың тәрбиешісі. Ыбырай - Торғай уездік шаруалар бастығының көмекшісі болған, Орынбор генерал-губернаторлығының….. латурасына енген Қорғанбек Бірімжановтың, 42 жыл Торғай облысының Тосын болысын басқарған Дәуренбек Бірімжановтың, 1-інші және II Ресей Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланған Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжановтың, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, көрнекті химик-анорганик, химия ғылымдарының докторы (1966), профессор (1965), Қазақ ССР- інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Бірімжанов Батырбек Ахметұлының, журналист, Германняда оқып білім алған, «Алаш» партиясы бағдарламасын жасаушылардың бірі Ғазымбек Бірімжановтың ұстазы. Қорғанбек - Ыбырай ашқан Торғай мектебінің тұңғыш түлектерінің бірі болса, Дәуренбек, Ахмет, Батырбек, Ғазымбектер де сол мектепті бітірген. Қорғанбек кейін Ыбырай мектебінің құрметті қамқоршысы болып, ақшалай қаржы беріп тұрған. Бұлардың бәрі Ыбырайдың кағашылары.
Ыбырай - ұлттың ұлы ұстазы, Алтынсарин салып кеткен сара жолды әрі қарай жалғастырушы Ахмет Байтұрсынұлының, «Оян, қазақ!» деп жар салған Міржақып Дулатовтың, қазақтың алғашқы журналист қызы Нәзипа Құлжанованың, Ыбырайдан білім алып, кейін ізін жалғастырып, бірнеше мектеп ашқан Ғабдолғали Балғынбаевтың, Спандияр Көбеевтің, Бекет Өтетілеуовтің, бар қазақтың анасына айналған ақын Мәриям Хакімжанованың ұстазы. Олардан тәлім-тәрбие, өнеге алып, халықтың қамын жеген, білім-ғылым нұрын шашқан шәкірттері қаншама?! Нұрғали Құлжанов пен Назипа Құлжанова Семей мұғалімдер семинариясында оқыған Әбікей Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев, Қази Нұрмұхамедов, Биахмет, Жанахмет Сәрсеновтердің т.б. ұлт зиялыларының ұстазы. Торғай ақындық мектебінің бастауында да Ыбырай тұр. Ү.ы ұстаз осы ақындық мектептің өкілдері Күдері Жолдыбайұлы, Сейдахмет Бейсенұлы, Нұржан Наушабайұлы да Орынбайұлымен аралас-құралас болып, шығармаларының идеялық-көркемдік деңгейінің өсуіне көмектесіп, ақыл-кеңесін беріп отырған. Ыбырай қарын қамын ойлап, ез басын күйттеген жоқ, халқының білім алуын, өнерлі болуын қалады, Білімді, ғылымы дамыған елдің ілгері басатынын білді. Сондықтан да патшалық Ресей чиновниктеріне «қызметшіңіз», «Бағынышты пендеңіз» дей жүріп, ондаған мектептер ашты. «Хаттарында, істерінде патша хүкіметіне жылы сөз, қолайлы іс болса, Ыбырайдың «айла-шарғысы» деп М. Әуезов айтқандай, амалсыздан бас шұлғып, қиынына төзді. Жаңа, бұрын-соңды болмаған мектептер ашу оңайға соққан жоқ. Қарсылық жергілікті жерлердегі кертартпа байлар мен соқыр сенімнің құлына айналған дүмше қожа-молдадалардан да, шовинистік көзқарастағы чиновниктарапынан да көрініп жатты.
Қостанай облысының байларының «өзін шоқынғаныңмен қоймай, балаларымызды шоқындырғың келеді ме?!» - деп, балаларын оқытқысы келмеуі, Торғайда бой көтерген алғашқы мектептің өртеніп кетуі, Троицк уезінің бастығының жалға алынған мектеп үйін тартып алуы, өзінің жақын туыстарының өсек-аяңы соның айғағы. В.В.Катеринскиийге жазған бір хатында: «Қазір жан-дүнием құлазып өте көңілсіз жүрмін, көмек күткен үкімет орындары мені қолдаудың орнына заңды да заңсыз жолдармен үздіксіз қудалауға салып отыр. Бұдан кейін қандай әділеттілік күтуге болады? Осының бәрі ашық сот арқылы анықталса екен деген тілек көкейімнен шықпайды»,- деп жазады. Оның мәнісі - Ыбырайдың жер-жерде мектеп ашып, ағартушылық жұмысын жандандыра түсуі Торғай соғыс губернаторының наразылығын тудырса керек. Сондықтан да «Алтынсариннің жеке бастамасымен барлық жерлерде халық мектептерін ашып, артық қаржы жұмсағаны үшін облыс генералы Проценко оны сот алдында жауапқа тартпақ болады» [Сүлейменов Б. «Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы және қызметі», «Ыбырай Алтынсарин тағылымы», Алматы: «Жазушы», 1991. - 40 б.]. Проценко қызметінен түсіп, Ыбырай от алдына бармай, пәле-жаладан аман қалады. Алайда патша өкіметі тарапынан қудалау тоқтамайды, қайта өрши түседі. Соның бәріне алдына қойған ұлы мақсаты мен елі үшін көніп, мектеп, кітапхана ашу ісін тоқтатпады. Патша үкіметінің қазақ даласына алғаш мектеп ашудағы ойлары қазақ балаларына деген қамқорлықтан емес, өз отаршылдық саясаттарын жүзеге асыратын орыс тілін білетін адамдарды тәрбиелеп шығару болатын. Іс жүзінде бұл мүлде басқа бағыт алып, Ыбырайдың ел алдындағы беделі өсіп, ағартушылық қызметі қарқын ала түсті. Мұны әрине, отаршыл патша өкіметі ұнатпады, оларға қазақ халқының оянғаны емес, ұйқыда жатқаны қолайлы. Надан елді өз ырықтарына көндіріп, шоқындыру оңай. Сондықтан да олар «сылтау таба алмай қалған кезде «орыс алфавитіне қолдағаны үшін» де әурелемек болып көрді. Әсіресе, өмірінің соңғы бір- екі жылында Ыбырай Орынбор губерниясындағы әкімдердің көп қудалауына ұшырады. Бұл жылдарда оның үстінен арыз берушілер де көбейді. Мұның қайсысы да, сөз жоқ, Ыбырайдың демократиялық бағыттағы істерінің 1886-1887 жылдарда үкімет адамдарының көзіне айқын түсе бастағанының айғағы еді. Егер Ыбырай 1889 жылы қайтыс болмаған болса, оның өмірінің қиын жағдайға ұшырауы ықтимал еді [Дербісәлин Ә. «Ыбырай Алтынсарин - ұлы педагог, ағартушы, жазушы", "Ыбырай Алтынсарин тағылымы» 84 б.].
Күндіз-түні дамыл таппай ел аралап мектеп салып, кітапханалар ашу үшін жалынып жүріп халықтан, облыстық, уездік әкімшіліктерден тиындар ақша жинады. Нәтижесінде тұңғыш Торғайда жанған білім шырағы бүкіл елімізге таралды.
Барлық ұстаздардың ұстазы Ыбырай десек, артық айтқандық болмас. 1868 жылғы «Уақытша Ереженің» қазақ халқына желген қасіретін айтып 1872 жылы Торғай облысы әскери… ді. губернаторының атына хат жолдаған да ұлы ұстаз еді. 1880 жылдардағы ашаршылықта ұясын қорғаған шырылдан, «Оренбургский листок» газетіне қайта-қайта мақала жазып, халқын аман алып қалудың бар амалын қарастырған да Ыбырай болатын. Жеріміздің тұтастығын, еліміздің бірлігін ойлап, тәуелсіздік үшін күрескен тұлғаларымыздың да бастауында Ыбырай Алтынсарин тұр. Ыбырайдың ез жұрты - атасы Балғожа да, нағашы атасы Шеген де, қайын атасы Шолақ Әбілов те ел билеген текті адамдар. Ыбырай - қазақ қыздарының оқып білім алуын ойластырып, оларға арнап мектеп интернаттар ашқан алғашқы ұстаз. Ол ашқан мектептерде мыңдаған қыздар оқып шықса, ізбасары Ғ.Балғымбаев 100 қызға арналған мектеп-интернат салдырған. Ыбырайдың бүкіл еткен ісі қайырымдылық, елге жанашырлық. Қаншама бүлдіршінді мейірім шуағына бөлеп, болашағына жол сілтеді, кейін оны шәкірттері жалғастырды. Қайтыс болар алдында өзінің жеке меншігіндегі жерлерді Қостанай қаласында ашылмақ ауыл шаруашылығы училищесіне мұраға калдыруының өзі екінің бірінің қолынан келетін іс емес еді. Ыбырай дүниеден өткенде Мұстапа Қарықболұлы шығарған жоқтау өлеңде де ұлы ұстаздың кайырымдылығы айтылады. (Осы кітаптың 35 бетін қараңыз). Қайырымдылық жан байлығы, қайырым - ешқашан ұмытылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет