Na+ катионынасапалық реакциялар 1. Калий дигидроантимонаты КН2SbO4 Na+ катионымен ақ
кристалдық натрий дигидроантимонаты тұнбасын түзеді:
NaCI + KH2SbO4 → NaH2SbO4 ↓ + KCI
Na+ + H2SbO4- → NaH2SbO4 ↓
Тәжірибе. 5-6 тамшы натрий тұзы ерітіндісіне осындай
мөлшерде KH2SbO4 ерітіндісін құйып араластырғанда ақ
кристалдық NaH2SbO4 тұнбасы түзіледі.
2. Микрокристаллоскопиялық реакция.
Тәжірибе. Заттық әйнекке натрий тұзы ерітіндісі тамшысын
алып, құрғағанша қыздырады. Суытып, уранилацетат ерітіндісін
UО2(СН3СОО)2 қосқанда натрий уранилацетатының NaCH3COOUО2(СН3СОО)2 кристалдары түзіледі.
3. Жалын түсінің өзгеруі.
Тәжірибе. Платиналы немесе нихромды сымтемірді натрий тұзы
ерітіндісіне батырып, жалында қыздырғанда, жалынның түсі
сары түске өзгереді. Реакция өте сезімтал, 10 – 15 секундта
сары түс жоғалады.
NH4+ катионына сапалық реакциялар.
1. Сілтілер аммоний тұздарын аммиак газы бөлінгенше
ыдыратады:
NH4СІ + NаОН → NH3↑ + NаСІ + Н2О
NH4+ + ОН- → NH3 ↑ + Н2О
Тәжірибе. Заттық әйнекке 2-3 тамшы аммоний тұзы ерітіндісі
мен 3-4 тамшы сілті ерітіндісін құйып, қыздырады. Бөлінген газ
иісіне көңіл бөлу керек.
2. Несслер реактиві К2[НgJ4] NH4+
катионымен қызыл –күңгірт тұнба түзеді:
NH4СІ+2К2[НgJ4]+4КОН→[ОНg2 NH2 ]J↓+КСІ+7КJ + 3Н2О
NH4+ + 2[ НgJ4]2+ + 4 ОН- → [ОНg2 NH2] J↓ + 7J- + 3Н2О
Тәжірибе. Аммоний тұзының бір тамшы сұйытылған ерітіндісін
әйнекке тамызып, үстіне 1-2 тамшы Несслер реактиві ерітіндісін
құйғанда тұнба түзіледі. Реакция өте сезімтал.
Бірінші катиондар тобының қоспасын талдау барысы
NH4+
катионы К+
Nа+ катиондары қатысында және Несслер реактивімен немесе натрий гидроксидімен әрекеттестіру арқылы
бақылауға болады. К+, Nа+катиондарын анықтауда NH4+ ионы
қабаттаса жүреді. Сондықтан зерттелетін ерітіндіде NH4+катионы болса, К+ және Nа+ катиондарын анықтамас бұрын, оны ерітіндіден жоғалту керек. Ол үшін зерттелетін ерітіндінің 15-20 тамшысын тигельде немесе фарфор табақшаға құйып, ерітіндіні ақ «тұман» бөліну тоқтағанша қыздырады. Суытып, 8-10 тамшы дистильденген су құйып, әбден араластырып, сонан соң
аммоний тұзы жоқтығын Несслер реактивімен тексеріліп, басқа
катиондарды анықтауға болады.
2.