І аналитикалық топ катиондарына сапалық реакциялар мен бақылау жұмысы



бет3/3
Дата19.09.2023
өлшемі20,13 Kb.
#108569
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
практика (1)

К+ катионын анықтау. Зерттелетін ерітіндінің 2–3
тамшысына 3-4 тамшы натрий гексанитро(ІІІ) кобальтаты
Na3[Co(NO2)6] ерітіндісімен әсер етіліп, біраз уақыттан соң
пайда болған сары натрий – калий гексанитро(ІІІ) кобальтаты
Na2К[Co(NO2)6] тұнбасы К+
катионы бар екендігін көрсетеді. К
+
катионын натрий – қорғасын гексанитро–(ІІ) купраты
Na2Pb[Cu(NO2)6]-мен тексеріп, тұнбаны микроскоппен қарайды.
3. Nа+ катионы К+ катысында калий дигидроантимонатымен
анықталады. Зерттелетін ерітіндінің булану арқылы концентрленген 3-4 тамшысына осындай мөлшерде калий дигидроантимонатын КН2SO4 құйып, шыны таяқшамен араластырады. Тұнба кристалл екендігіне көз жеткізу қажет.
Зерттелетін ерітіндінің 2 тамшысын заттық әйнек бетіне құйып,
құрғағанша қыздырып, суыған соң уранилацетат UО2(СН3СОО)2
ерітіндісінің бір тамшысын қосады. Түзілген кристалдарды микроскоппен қарайды. NН4+ және Nа+ катиондарын әртүрлі талдау жолымен К +
катионы қатысында анықтауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Аналитикалық химия пәні, оның құрылымы, мақсаты мен
міндеттері.
2. Аналитикалық химия пәнінің қолданбалы мәселелері.
3. Зертханада қолданылатын іс-шаралар.
4. 1-топ катиондарының негізгі сипаттамаларын атаңыз.
5.Калий, натрий және аммоний катиондарының
спецификалық реакцияларын келтіріңіз.
6.Калий және натрий катиондарынының тұздары жалынның
түсін қандай түске ендіреді?
7.Калий және натрий тұздарының кристалдарының пішіндері
қандай?
8. Бақылау жұмысында неге аммоний катионынан құтылу
қажет?
9. 0,105М калий бромиді, 1,1 х 10-2М кадмий бромиді және
2,03·10-2М бромсутек қышқылы қосылып алынған ерітіндідегі
бромид-ионының концентрациясы қандай?
Жауабы: 0,038М
10. 3х10-5 және 4,05х10-4 М мыс сульфаты ерітінділері қосылып
дайындалған ерітіндіде қанша грамм мыс бар?
Жауабы: 1,4 10-2 г

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет