І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы



бет5/21
Дата04.05.2023
өлшемі52,11 Kb.
#89858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
І аралы ба ылаулар мен емтихандарды с ра тары Тарихи деректан

6. Араб деректері
Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе, Шыңғысхан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретик. мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатынасын дамытуының нәтижесінде көрші және алыс елдерден жан-жақты мәліметтер жиналды. Орта ғасырлардағы араб тарихнамасында Қазақстан аймағының ерекше орын алуын, біріншіден, арабтардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлеріне билігін нығайтуға, екіншіден, қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға тырысқан әрекеттерімен түсіндіруге болады. Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классик. тарихи шығармалардан белгілі. 9 ғ-да өмір сүрген әл-Белазуридің “Китаб футух әл-бұлдан” (“Жорық кітабы”), әт-Табаридің “Тарих әр-русул уә-л-мулук” (“Пайғамбарлар мен патшалар тарихы”) атты шығармаларында 7-8 ғ-дағы арабтардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары айтылады.
Араб географы, филолог Құдама ибн Джафар (10 ғ.) “Китаб әл-харадж уә сан(ат әл-китаба” (“Харадж және хатшылық өнер жайлы кітап”) деген ресми құжаттар мол пайдаланылған геогр.-әкімш. шығармасында халифаттың әкімш. бөліктері, ірі қалалары, таулары, өзен-көлдері және жеті климат (ықылым) туралы деректер береді. Мұнда аймақтардағы жол қатынасы, жер жағдайы, алым-салық мәселесі туралы айтылады. Шығармада көршілес мұсылман елдері жөнінде мағлұмат беріліп, онда қарлұқ, қимақ, оғыз тайпалары, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шебіндегі жол қатынасы, қалалар мен елді мекендер, олардың ара қашықтығы жөнінде нақты мәліметтер жинақталған. Араб географы ибн әл-Факих (9 ғ-дың соңы — 10 ғ-дың басы) “Китаб ахбар әл-бұлдан” (“Елдер туралы әңгіме кітабы”, 903 ж.) атты тарихи шығармасында, көбінесе өзіне дейінгі авторлардың (әл-Жаһид, ибн Хордадбек, әл-Жейхани) мәліметтеріне сүйенеді. Шығармада Азия мен Батыс Еуропа елдері туралы тарихи-геогр. материалдар мол. Түркі тайпалары (қарлұқ, қимақ, қыпшақ, оғыз, тоғыз-оғыз т.б.) жайлы, олардың орналасуы, шаруашылық және мәдени өмірі, елдер, қалалар, сауда жолдары туралы деректері аса құнды. 10 ғ-дың басында ибн әл-Факихпен бір мезгілде ибн Русте көп томдық энциклопед. шығарма жазды. Бұл еңбектің аймақтардың тарихи-геогр. сипаттамасы жазылған бір ғана томы сақталған. Ибн Рустенің түрлі саяхташылар мен географтардың шығармаларының негізінде түркі тілдес тайпалар туралы жазған “Китаб әл-алақ ән-насифа” (“Қымбат алқа туралы кітап”) атты еңбегінің Қазақстан тарихы үшін үлкен маңызы бар. 10 ғ. — араб геогр. әдебиетінің кемелденген кезі. Бұл дәуірдегі арабтың көрнекті географ-саяхатшысы ирандық әл-Истахридің (10 ғ.) “Китаб масалик уә-л-мамалик” (“Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап”) атты еңбегі әл-Балхидің бізге жетпеген геогр. шығармасының өңделген және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Парсы теңізі, Мағриб, Египет, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Хазар теңізі, Армения мен Әзірбайжан, Хорасан мен Мауераннахрға геогр. сипаттама берілген.
Келесі дерек парсы тарихшысы Абу Са’ид Абд аль-Хай ибн аз-Заххак ибн Махмуд Гардизидің 1049-1053 жылы жазылған Зайн әл-ахбар («Әшекейлі ақпарат») еңбегі. Дерекке аударма жасап пікір жазған А.П. Мартинез (Gardizi's Two Chapters on the Turks) Онда діни мейрамдар мен жыл санаулар туралы ақпараттар бар. Автор Орта Азия географиясы туралы көп мәлімет келтіреді. «Зайн ал-акбар» еңбегіндегі түркілерге арналған бөлімінде қарлұқ, яғма, тұғыл, шігіл, түргеш тайпалары туралы мәліметтер сақталған. Ерте ортағасырлық араб тілді жазба деректерде түркеш, тоғызоғыз, түхси, яғма, қарлұқ, бажанаки, халажды, ғұз, шігіл, қимақ, қыпшақ және тағы басқа түркітілдес тайпалардың орналасуы баяндалады. Түркілер туралы жазылған бөлімдерінде Гардизи, Ибн Хордадбек, Джейхани және Ибн әл-Мукафқа сілтеме жасайды.
Тарихшы әрі географ әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл-бұлдан) деген географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы ауқымды тарихи-этнографиялық материал бар. Оның кең хабардарлығы мен хабарларының дәлдігі біршама жоғары екенін атап өткен жөн. Әл-Якубидің оғыздар, қарлұқтар, кимектер, тоғыз-ғұздар мемлекеттілігі туралы мәліметтері ерекше маңызды. Араб географы және филологы Кұдама ибн Жафар «Харадж және хатшы өнері туралы кітап» (Китаб әл-харадж уә санәат әл-китаба) деген географиялық-әкімшілік шығарма жазған. Онда халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды қалалар, таулар, өзендер, жеті климат (белдеу) туралы мәліметтер бар. Онда мұсылман елдерімен көршілес жерлер туралы да құнды мәліметтер келтірілген; мәселен, түрік тайпалары: қарлұқтар, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары туралы, маршруттар, қалалар, қоныстар және олардың ара-қашықтығы туралы нақтылы материал бар.
Рашид ад-Дин Фазлаллах ибн Хамаданидың 710/1310- 11 жылдары жазылған «Джами ат-таварихы» (Жылнамалар жинағы) [11] деген үш томдық еңбегінің бірінші томының бірінші кітабында қарастырылады. Тайпалар баяны бірнеше бөлімдерге бөлінген: Оғыз және оның ұрпақтары мен аға-інілерінен тараған 24 тайпа баяны; Қазіргі кезде моңғол атанған түрік тайпаларының баяны; Өздерінің жеке билеушілері болған түрік тайпалары; Моңғол аталған түрік тайпаларының баяны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет