10. Әдеби шығармалар дерек ретінде Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.
11. Естеліктер мен мемуарлар 12. Мерзімді басылыидарды классификациялау Мерзімді басылымдардың тарихи дерек ретіндегі қызметі айқындалып, олардың тарихтағы орны көрсетілді. Қазақ баспасөзінің тарихы ХІХ ғ. аяғында басталып, бүгінгі күнге дейін жеткендігі жəне тарихи дамудың əр кезеңдерінінен өткен отандық газет-журналдардың жалпы жағдайы туралы баяндалады. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында, кеңес кезеңінде жəне тəуелсіздік жылдарындағы Қазақстанда басып шығарылған газеттер мен журналдарға салыстырмалы талдау жасалды. Мерзімді басылымдарды зерттеу барысында қосымша дерек ретінде цензура мен цензура құжаттарының рөлі талданды.
Тарихи деректердің бір түрі мезгіл-мезгіл шығып тұратын ұзақ мерзімді басылымдар болып табылады. Оның атқаратын қызметтері — қоғамдық ой-пікірді ұйымдастыру, мемлекетке идеологиялық тұрғыдан ықпал ету, экономикалық, саяси жəне мəдени ахуал бойынша ақпарат беру, басқару жүйесінде кері байланыс орнату.
Мерзімді басылымдар үш түрге бөлінеді: газеттер, журналдар жəне ғылыми қауымдастықтың мерзімді басылымдары. Түрлерін белгілеуге байланысты қолданатын терминдер қазіргі кездегі өз атауларына сəйкес келеді. Мерзімді басылымдарды олардың атқаратын қызметтеріне қарай жіктеуге болады. Мерзімді басылымдардың негізгі мақсаты — қоғамдық пікірді қалыптастыру.
Белгілі деректанушы-ғалым Қ.Атабаев мерзімді басылымдарды дереккөз ретінде зерттей отырып, қазақ баспасөз тарихын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруды ұсынады:
«1870–1917 ж. наурызы, «Түркістан уалаяты газетінің» шыққан күнінен патша өкіметінің құлатылған күніне дейінгі қазақ баспасөзінің тарихы.
1917 ж. наурызы — 1918 ж. ортасы. Уақытша үкімет тұсындағы демократиялық бастамалар кезіндегі ұлттық баспасөз.
1918 ж. ортасы — 1920 ж. аяғы. Демократиялық күштердің большевиктік авантюраға қарсы жанталасқан күресі кезеңіндегі баспасөз.
1921 ж. — 1991 ж. аяғы. Кеңес өкіметі немесе большевиктік диктатураның толық орнауы, тоталитарлық жүйенің қалыптасуы жəне коммунистік партияның шексіз үстемдік етуі жылдарындағы мерзімді басылым.
1991 жылдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі, тəуелсіз Қазақстан тұсындағы ұлттық баспасөз»