Байланысты: І аралы ба ылаулар мен емтихандарды с ра тары Тарихи деректан
9. Жылнамалармен шежірелер Шежіре, жазушылар белгілі бір мағынада өз заманының тарихшы-ғылыми, саяси қайраткері сияқты болды. Олар сан алуан тарихи құжаттарды, өздерінен бұрын жазылған жылнама-шежірелерді жинақтьап, оған өз дәуірінің аса маңызды оқиғаларын қосып отырды. Шежірелер бірнеше дана етіліп көшірілген. Көп қолжазба-кітаптар осылайша пайда болды. Бұл шежірелерде белгілі жүз, тайпа олардың қандай аталар мен ұрпақтардың таралғаны айтылуымен қатар, сол замандардағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, ірі-ірі тарихи оқиғалар, елдің бір жерге қоныс аударуы,бір ел мен екінші елдің арасындағы қарым-қатынастар, елжұртына еңбегі сінген тарихи адамдар: хандар, батырлар, билер, шешендер, ақын-жыраулар және олардың ел есінде қаларлық деректер сақталып отырды.
Шежіре-құрғақ хронология немесе адам аттарының жалаң тізімі емес, ол-ұрпақтардың өткен өмірінен алуан түрлі тарихи мағлұматтар беретін құнды дерек. Шежіре деректері ру мен тайпалардың, жүздердің өзара, сол сияқты қазақтардың көршілес елдермен арасындағы қарым-қатынастары, қандастық, туысқандық жөн-жоралғы, әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, моральдық-этикалық, нормаларынан да мәліметтер береді. «Шежіре» деген термин арабтардың «шаджарат» яғни «бұтақ», «тармақ» деген ұғымнан туындап, рудың, тайпаның, бүкіл бір халықтың шығу тегін, таралуын баяндайды.
Көп заманнан бергі жазба түрге түсірілген шежірелерден қазақ ойшылдарының жақсы білгендерінің алғашқысы - Иранның ғұлама ғалымы, тарихшы Рашид ад-Диннің(1247-1318) парсы тілінде жазылған «Жами ат-тауарихы»(«Жылнамалар жинағы». Бұл шежіре Монғолдардың, Шыңғыс ханның және моңғолдар құрған мемлекеттердің тарихына арналып парсы, моңғол, қытай елдері ғалымдарының қатысуымен жазылған. Сонымен бірге онда моңғолдар жаулап алғынған дейінгі мұсылман елдерінің халықтары туралы да мол ақпарлар берілген. Атап айтқанда, «Жами ат-тауарихта» үйсін, қаңлы, арғын, дулат жалайыр, найман, керей, қыпшақ, қоңырат т.б ру-тайпалары, олардың елдерінен өзара және моңғолдармен, қытайлықтармен қарым-қатынастары сөз етіледі.
XVI ғасырдың 40-шы жылдары парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» шежіресінің қазақ халқының тарихына тікелей қатысты бар дерек. Оның авторы-Жетісудың ертедегі Дулат тайпасының әмірі Мұхаммед Хайдар Дулат (1499-1551). Шығармада, негізінен, XIV-XVI ғасырларда Моңғолстан мен Қашғарияда болған тарихи уақиғалар баяндалады, қазақ тарихының көптеген мәселелері туралы құнды материялдар берілген. Жәнібек пен Керейдің қоныс аударуының себептері, қазақтардың этникалық атаулары туралы Мұхаммед Хайдардың пікірлері хабарланған. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы кезендеріндегі қазақ хандары туралы кейбір мағлұматтар келтіріледі.