1.3 Дебиторлық берешектер және өзге де активтер есебі
Дебиторлық қарыз (ДҚ) - ақшалай қаражат, тауар, қызмет алу үшін сатып алушыларға және басқа тұлғаларға қойылатын талап.
ДҚ қаржылық есепті (ҚЕ) құру үшін өтпелі (қысқа мерзімді) немесе қайтарымсыз (ұзақ мерзімді) болып сұрыпталады. Сонымен қатар ДҚ саттық және саттық емес боп сұрыпталады.
Саттық ДҚ - бұл, қарапайым шаруашылық іс-әрекеттер жасау кезінде сатып алынған тауарлар мен қызметтер үшін клиенттер төлейтін сома.
Саттық ДҚ ең қолайлы ДҚ және есеп бөлімшелері мен вексельдерді алу үшін топталуы мүмкін. Алуға арналған шоттар өз алдына «ашық шот» болады, олар қысқа мерзімді несиелерді ұзарту нәтижесінде пайда болады. Алуға арналған вексельдер - бұл келешекте белгілі бір уақытқа белгілі бір соманы төлеуге берілетін жазбаша уәде. Саттық емес ДҚ әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында пайда болған және жазбаша уәделі төлемді жасау немесе тауар не қызмет көрсетуде болады. Мысалы:
міндетті тұлғаларға және жұмысшыларға берілген өтем ақылар;
көмекші мекемелерге төленген өтем ақылар;
алуға арналған дивиденттер мен пайыздар;
сақтандыру компанияларға;
соттағы айыпталушыға;
тауарды қайтарылуы жөнінде мемлекеттік органдарына;
қайтаруға жататын заттар үшін сатып алушыларға (контейнерлер, қорапталған сөмкелер) талаптар қойылады.
ДҚ тек қана онымен байланысты кіріс танылғанда бірақ танылады.
Алуға арналған есептер басқа компаниялардағы ақша құралдарына, тауарларға, қызметке және т.б. ақшалы емес активтерге наразылығын өзіне қосады.
Алуға арналған есептер компанияның күндегі іс-әрекетінде қабылданған тауарлары мен қызметтері үшін клиенттердің қарыздық сомасын көрсетеді.
Саттық ДҚ деп аталатын бұл шоттар есептік - фактуралармен немесе басқа құжаттармен расталады.
Көбінесе өтеу уақыты ретінде 30 күннен 90 күнге дейін саналады, бұл уақыт өтіп кеткен жағдайда алуға арналған есеп мерзімсіз болып саналады.
ДҚ тек қана онымен байланысты кіріс танылғанда бірақ танылады. ДҚ күмәнді қарыздарға, ақшалай жеңілдіктерге, сатылған тауардың қайтарылуына түзетулердің бастапқы құнымен бағаналанады, осының нәтижесінде алуға арналған шоттың таза бағасы анықталады.
Операциялардың нәтижесі мен басқа жағдайлардың есеп әдісіне сәйкес олардың орындалу фактісімен расталады, ал ақша қаражаты немесе эквиваленті алынған немесе төленген кезде расталмайды.
Тауарға деген өзіндік құқық сатушыдан сатып алушыға өткен периодта кіріс мойындалу тиіс.
Көбінесе кәсіпорын, егер белгілі бір уақытта төлем қабылданса, онда есеп - фактуралық бағаны түсірген сомаға жеңілдік жасайды.
Ақшалай жеңілдік қолдану көлемін ұлғайту және клиенттің төлемді ертерек төлеуге ынталандыру үшін қолданылады, бұл күмәнді қарыздарды қысқарту үшін ыңғайлы.
Мысалы, «Көктем» компаниясы өз клиенті «Жаз» компаниясына 5 % мөлшердегі ақшалай жеңілдік ұсынды. Шарттары: 10 күн ішіндегі тауар үшін төлем төлеу, төлемнің максималды мерзімі 30 күн, тауардың бастапқы құндылығы 10000, қолданысқа жіберілген тауардың өзіндік құны 7000, тауар 1 шілдеде тиелді.
Қолданыстан келген кіріс көрсеткіші.
Дт 1210 Кт 6010 соммасы 10000.
Жіберілген өнімнің өзіндік құнын жою Дт 7010 Кт 1330 соммасы 7000.
9 шілдеде сатып алушы тауар үшін төледі Дт 1030, 6030 Кт 1210 соммасы 10000.
Егер сатып алушы 9 шілдеде тауардың жартысына төлесе, ал қалғанын 25 шілдеде төлейді. 9 шілдеде Дт 1030, 6030 Кт 1210 соммасы 5000.
25 шілдеде Дт 1010 Кт 1210 соммасы 5000.
Тауар сатумен айналысатын және қолданысқа жіберудің көлемін ұлғайтумен айналысатын фирмалар тауарды сатады және несие беруге ықпал жасайды, яғни сатып алушыларға тауар құнын 1 айдан кейін және толығымен сатып алғасын төлеуге құқығын береді. Сатулардың төлемдерін қабылдау барлық түрмен қабылдануы мүмкін, тек қана ақшалай төлем қабылданбайды, себебі есептің төленбей қалуына әкелуі мүмкін. Төленбеген алуға арналған есептер - бұл кіріс жоғалтулары болып табылады, себебі олар алуға болатын активтерді азайтады, сәйкесінше, кіріс пен акционерлік қаражат азая түседі.
Төлемділік жүйесін бақылау қаншалықты жетік және тиімді болмасын компанияда әрқашан несиені мерзімінде төлемеген сатып алушылар болады.
Сатып алушылардың мерзімінде төленбеген есептері күмәнді қарыздар болып саналады және шығынға ұшыратады.
Күмәнді қарыздарды есептеу кезінде сәйкестену ережесіне сүйену керек, яғни шығындар сатулардың көлеміне сәйкес болуы керек. Тауарларды несиеге сату барысында компания қарыздың төленбейтіні туралы білмейді. Олардың төлену мүмкіншілігін жою үшін бір немесе бірнеше жыл керек, бірақ осынын нәтижесінде пайда болған шығындар пайда болған уақыт мезетіне сәйкес шығындалғанына көрсетіледі. Сондықтан күмәнді қарыздың шығыны бойынша есептеу периодына болжамданады және бұл шамамен алғандағы көрсеткіштер өтпелі қаржы жылындағы шығынды көрсетеді.
Мысалы: сатудың ең үлкен бөлігін компания несиеге беріп, жылдың аяғында ДҚ 500000 а.б. құрды.
Күмәнді қарыздарды жою Дт 7440 Кт 1290 соммасы 20000.
Кіріс жоғалтулары мен кіріс азаюы үмітсіз қарыздың шығынын есептеу арқылы табылады. Есептеу кезінде жабылмаған ДҚ-ның негізгі себебі болып есептеудегі шығындардың көрсеткішін анықтау саналады.
Жойылмаған ДҚ-ны есептеудің 2 тәсілі бар.
Тікелей жою тәсілі, осы тәсілге сәйкес үмітсіз талаптар 7440 шотына үмітсіз талаптарды анықтау моментінде жойылады.
Резервті тәсіл, осы тәсілге сәйкес қолданудың төленбеген есептерінің күтілетін сомасының бағасы жүргізіледі. Бұл саналған сома есептеуден шығын сияқты және алуға арналған шоттардың айнымалы азаюы сияқты көрсетіледі, бұл периодта қолданыс есептеледі.
Егер кәсіпорында жойылмаған ДҚ-ны өшіру тікелей жою тәсілімен орындалса, онда үмітсіз ДҚ 7440 шоты есебінен немесе осы шоттардан ақшалай қаражат түспеген жағдайда жойылады. Бұл тәсілдің кемшілігі болып үмітсіз ДҚ пайда болу кезінен бастап қана жойылуы саналады.
Сәйкестік принципі қолдану өткен кезде күмәнді ДҚ шығындары сол уақытта ұсталғанды талап етеді. Бұл әдіс кәсіпорында үмітсіз ДҚ пайда болуынын мүмкіншілігі аз болғанда қолданылады.
Резервті тәсіл, күмәнді қарыздарға байланысты шығындар күмәнді қарыздар бойынша резервті құру жолдарымен көрсетіледі. Ол жылдың аяғында ДҚ хаттауының көрсеткіштерінің негізінде құрылады, 1290 пассивті шотында көрсетіледі.
ДҚ ҚЕ күмәнді талаптар бойынша резервті есептеуде болады.
ҚЕ құру моментіне қандай есептердің төленбейтіні белгісіз болғандықтан, болжамдық шығынды білу мүмкін емес.
Күмәнді қарыздарды бағалаудың екі әдісі бар. Күмәнді талаптармен резервті құру кезінде кәсіпорын өз қарауы бойынша есептік саясатта екі әдісі бірін таңдауға және қарастыруға құқылы:
несиеге толық қолдануынан пайыз әдісі (кіріс пен шығыс туралы есеп)
төлеу мерзімі бойынша ДҚ есептеу әдісі (бухгалтерлік баланс).
Бірінші әдістің мақсаты күмәнді ДҚ шығынының пайда болу нәтижесінде нақты өлшеулер болып табылады. Екінші әдістің мақсаты ДҚ-ң таза бағасын нақты өлшеу болып табылды.
Несиеге толық қолдануынан пайыз әдісі (кіріс пен шығыс туралы есеп)
Бұл әдістің мәні күмәнді қарыздардың жіберудің толық көлеміндегі пайыз анықтау болады. Қарыз бойынша резервті пайыз анықтау үшін тауардың қолданысқа берілу көлемі мен өткен жылдардағы төленбеген есептер сомасын талдау керек және үмісіз қарыздар сомасы мен қолдану көлемінің орташа пайыз сәйкестігін анықтау керек. Содан кейін алынған пайыз өтпелі уақыттағы қолданыс көлеміне қолданылады және осымен резерв сомасын есептеуге қолданылады.Үлгі. 1 жылға қолданысқа жіберу көлемі 1049 мың. теңгені құрайды. Қарыздың пайыз талдау үшін бес есептік период таңдалған. Қолданудың толық көлемінің күмәнді талаптарының пайыз анықтау кестесі (мың.теңге)
Кесте 3 - Пайыз анықтау
Кезеңдер
|
Қолдану көлемі
|
Күмәнді талаптар сомасы
|
Пайыз
|
Бірінші
|
890
|
19
|
2,1
|
Екінші
|
997
|
12
|
1,2
|
Үшінші
|
1002
|
16
|
1,6
|
Төртінші
|
1019
|
14
|
1,4
|
Бесінші
|
1032
|
21
|
2,0
|
Қорытынды
|
4940
|
82
|
1,66
|
Бес период ішінде орташа пайыз:
.
Бұдан күмәнді талаптар бойынша резерв сомасы:
Есептік жыл соңында 7440 шотының дебеті бойынша және 1290 шотының кредиті бойынша (күмәнді талаптар резерві) 17,4 мың.теңге сомасына жазба жасалады.
Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу әдісі.
Қарызды төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптардың пайыз анықтауында негізделеді. Бұл пайыз анықтау үшін келесі категориялар арқылы алуға арналған есептерді сұрыптау керек:
төлеу мерзімі келмеген есептер;
1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімді есептер;
31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімді есептер;
61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімді есептер;
90 күннен көп төлеу мерзімді есептер.
Әр категорияға күмәнді талаптардың болжамды пайыз анықталады.
Үлгі. Хаттау нәтижесінде төленбеген ДҚ мөлшері 700 мың.теңгені құрайды. Төлеу мерзіміне қарай бұл мөлшерді келесідей бөлуге болады:
бірінші категория - 200 мың.теңге;
екінші категория - 170 мың.теңге;
үшінші категория - 100 мың.теңге;
төртінші категория - 150 мың.теңге;
бесінші категория - 80 мың.теңге.
Пайыз және күмәнді талаптар сомасын анықтау кестесін мысалға келтіреміз: Күмәнді талаптардың есептерді алу әдісі бойынша төлеу мерзімі арқылы резерв көлемін анықтау кестесі.
Кесте 4 - Резерв көлемін анықтау
ДҚ төлеу мерзімі
|
Сома, мың. теңге
|
Күмәнді деп саналатын талаптар, %
|
Күмәнді талаптар сомасы, мың. теңге
|
Төлеу мерзімі келмеген
|
200
|
14
|
5
|
1
|
28
|
10
|
1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімді
|
170
|
16
|
10
|
3
|
27,2
|
17
|
31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімді
|
100
|
12
|
20
|
5
|
12
|
20
|
61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімді
|
150
|
27
|
40
|
10
|
40,5
|
60
|
90 күннен көп төлеу мерзімді
|
80
|
43
|
50
|
30
|
34,4
|
40
|
Қорытынды
|
700
|
|
|
|
|
|
1290 шоты бойынша есеп алуға журнал-ордер № 10 беріледі.
Резервті құру есептерді алу әдісі бойынша төлеу мерзімі арқылы алынған күмәнді талаптар сомасы бухгалтерлік есеп көрсеткішінде есеп беру периодының басындағы құрылған резерв сомасына төмендейді.
Егер төлету шаралары бәрі қолданылса және сәтсіз болса, онда бухгалтерлік есепте саналатын үш жыл өткен соң ұзақ мерзімді ДҚ-ны кәсіпорын жоюы мүмкін. Ол күмәнді талаптар бойынша құрылған резерв, период шығыны немесе несиеге берілген тауар сатылымының шығыны арқасында жойылады және екі жыл ішінде баланстан кейінгі есептерді ескеру керек.
ДҚ тауар қорының айырмашылығында - бұл төлемнің түсуіне бірінші қадамы. Бірақ ақырғы уақытта осы «қысқа қадам» жасалынбай қалуда.
Сатып алушыдан сатушыға жүргізілетін акцептсіз қарыз төлемі мүмкін болмайды, себебі өзара есеп алысудың негізгі түрі акцептсіз ретте қарастырылған, яғни сатып алушының келісімі бойынша.
«Вексельді үндеу» ҚР заңындағы міндеттерін орындамау жағдайлары көп болғандықтан, келісім - цессия - міндеттемеде ымыра талабы түрінде қарастырылған.
«Цессия келісімі» (латын тілінен саззю - ымыра) нормативті - құқылы құрал болып табылады. Ол төленбейтін төлемдер мәселелерінің шешімінде кеңінен қолданылады. Цессия келісімі бойынша бір заңды тұлға (цедент) талап ету құқығын қандай міндеті болмасын (тауарды жеткізу, істелген жұмыс үшін төлем және т.б) басқа заңды тұлғаға (цессионарийге) толық немесе жартылай көлемде береді.
Көп таралған түрлердің бірі компаниямен факторингтелген ДҚ сатылуы болады. Факторингтік компания - бұл белгілі бір қаражатқа кәсіпорыннан ДҚ-ды сатып алатын қаржылық компания немесе банк. Ол қарызды тікелей тауарды сатып алушылардан тартып алады.
Достарыңызбен бөлісу: |