I қаржылық есеп 5B050800 «Есеп және аудит»



бет4/16
Дата09.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#72751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
I ?àðæûëû? åñåï 5B050800 «Åñåï æ?íå àóäèò»

1.3 Қорлар есебі (ХҚЕС 2)

Тауар - материалды қорлар - мындай түрдегі активтер:



  • сатуға арналған дайын өнім тауары, сонымен қатар жолдағы тауарлар жатады;

  • өнімділігі, жұмысы мен қызмет бітпеген;

  • шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар және олардың қосалқы бөлшектері, конструкциялар мен бөлшектер, отын, ыдыс және оған материалдар, керекті бөліктер мен басқа материалдар қорлары;

Тауар- материалды қорлар өз құнының және қолданудың таза бағасының ең кіші көрсеткіштерімен бағаланады.
Өзіндік құн. ТМҚ тұрады:

  • ТМҚ сатып алудағы шығын, оған сатып алуға кеткен жеңілдіктерді, территориядан өтуге кететін шығынды, фрахт құнын (тиеу-түсіру шығынын және жолдағы тауарды сақтандыруға кеткен транспорттық шығын) санай отырып сатып алу құны кіреді;

  • өндіруге кеткен шығын, дайын өнімді өндіруге байланысты. (төлем, есептен шығару);

  • басқа шығындар.

Тауар-материалдық қорлардың есептік жүйелері.
Периодты ТМҚ. Периодты есеп жүйесін қолданған ккезде жыл ішіндегі ТМҚ есебі жүргізілмейді. ТМҚ фактілік барын қорларды хаттау нәтижесінде анықтайды, ол периодты өткізіліп отырады. ТМҚ қолданылған өзіндік құны инвентаризация аяқталмағанша анықталмайды, өйткені жіберілген ТМҚ өзіндік құнын есептеу өрнек бойынша шығарылады.
Есептік период басындағы қалдық қосу ТМҚ түсуі алу есептік период соңындағы ТМҚ қалдығы тең жіберілген ТМҚ өзіндік құны.
ТМҚ периодты есептеу жүйесінде қазіргі уақытқа ТМҚ белгілі бір түрлерінің мөлшерін детальды жазбасының жоқ болуы негізгі кемшілігі болып саналады.оларды көбінесе көтерме-бөлшектік саудалы кәсіпорындарда, біркелкі өнімді шығаратын өндірістік кәсіпорындарда және шикізат пен материалдар ассортиментін өздерінің өндірісі үшін қолданылады.
Бұл әдіс барысында «Тауарды сатып алу» есебі қосымша ашылады. Период аяғында қорлар сальдосы қолдануға дайын ТМҚ өзіндік құнын анықтау үшін қосылады.
Әр айдың аяғында инвентаризациялау жүргізіледі. Көптеген кәсіпорындар үзіліссіз есептің модифтіжүйесін қолданады. Бұл әдіс арқылы қорлардың мөлшерлік көрсеткіштерінің үлкеюі мен азаюы белгіленеді. Ол қордың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Есептің үзіліссіз жүйесі. Есептің үзіліссіз жүйесінде периодты есепте қолданылатын шығынның түсуі мен шығуының уақытша есебі ТМҚ баланстық шоттарда көрсеткіштері жүргізіледі. Мұндай жағдайларда үзіліссіз есепте жүйесі қолданылмайды:

  • басқаларға сату немесе өндірістік шикізаттарға тауар сатып алу қоры сатып алу шотында емес, ТМҚ шотында дебеттеледі;

  • тасымалдау шығыны, резервті сатып алуға қайтарым және жеңілдіктер «Қорлар» есебінде көрсетіледі;

  • -өзіндік құн сатылымы әр сатуда расталады.

ХҚЕС 2 қорларды бағалауда келесі тәсілді қолдануға болады:

  • арнайы сәйкестік тәсілі;

  • орташа өлшенген құндық тәсіл;

  • бірінші тауарлар бағасы арқылы қорларды бағалау тәсілі.

Қараша айы бойынша материалды құндылықтардың мөлшері және қозғалысы туралы мәліметтер 5 кестеде көрсетілген.

Кесте 5 - Қараша айы бойынша материалды құндылықтардың мөлшері және қозғалысы туралы мәлімет





Көрсеткіштер

Көлемі, дана

Бағасы, тңг

Сома, тңг

1.11 қалдық

1000

20

20000

Қарашада алынған
1 партия
2 партия
3 партия
4 партия

200
300


600
200

21
23


20
22

4200
335000


12000
4400

Кірістегі қорытынды

1300




27500

Қалдықпен қорытынды

2300

Орташа баға 20-65

47500

1 желтосанға қалдық

8100







Сәйкестіктің арнайы тәсілі ТМҚ өзіндік бірлігінің есебін болжайды. Ол көбінесе арнайы тапсырыстар мен жобалар үшін ауысымды және жасамды болып келмейді. Бұл тәсіл партия арқылы қорлар есебін құрастыру мүмкін болғанда қолданылады. Осы мысалда 8100 дана қалдығын болжамданған, 6 кестеде көрсетілген.

Кесте 6 - Шешуі





Ай басындағы қалдықтан

300 дана

20

6000

1 партия

100

21

2100

3 партия

300

20

6000

4 партия

200

22

4400




8100




18500

Осыдан ай ішіндегі шығындалған материалдар құны 281000 теңге (47500-18500).
Орташа есептелген құн тәсіл. Осы тәсілбарысында материалдық қорлар құны - ай басындағы бар қордың орташа құны және осы айда түскен ТМҚ құны.біздің мысалымызда материал бірлігінің орташа құны 20 теңге 65 тиын (47500 2300) болады, ай ішінде шығындалған материал 28910 теңге (2300-8100)=1400 20,65.
FIFO тәсілі - бірінші түскен тауар бағасы бойынша қорларды бағалау тәсәлә. Бұл тәсіл болжаумен негізделген, алдымен қорлардың фактілік өз құны шығындалған материалдарға енгізілуі тиіс. Ай аяғында қордың өз құны ақырғы жеткізілген тауарға сәйкес келеді, ал олардың сатылғандары бұрын жеткізілгендерге жатады. Ай аяғында 8100 бірлік қалдық былай бағаланады: 4 партия 200 22 = 4400, 3 партия 600 20=12000, 2 партия 100 23=2300.Қор шығын 1400 (18700) 47500-18700=28800 тең болады.Қорларды бағалаудың тәсілдерін салыстыру 7 кестеде көрсетілді.

Кесте 7 - Қорларды бағалаудың тәсілдерін салыстыру





Көрсеткіштер

Сәйкестендірудің арнайы тәсілі

Орташа құн тәсілі

FIFO тәсілі

Үлкен кіріс

30000

30000

30000

Қорлар шығыны
бірлік мөлшері
құны, теңге

1400
281000



1400
28910



1400
28800



Ай аяғындағы қорлардың қалдығы
бірлік мөлшері
құны, теңге

8100
18500

8100
18580

8100
18700

Сатудан кіріс

1000

1098

1200

Әр тәсілдің айырмашылықтары мен кемшіліктері бар және ешқайсысы ең қолайлысы және жетік деп қарастырылмайды. Бағаның тәсілін таңдау оның Балансқа, Есепке, қаржылық нәтижелерге, салықтық есепке әсеріне байланысты болады. FIFO тәсілі көбінесе Балансты құру үшін қолайлы, себебі есептік периодтың соңында қорлардың бағасы өтпелі бағаларға жақын болады. Осылайша кәсіпорын активтеріне нақты боп көрінеді. Сонымен қатар, тәсілді таңдау кезде есептелетін салықтың көлеміне жақсы әсер етуін ескеру керек.
Кәсіпорында бағаның есептеу тәсілдерін таңдау мүмкіншілігі бар, ол жылдан жылға қолданылуы тиіс. Салмақты негіздер пайда болғанда кәсіпорын таңдалған тәсілді жылдық есепте жаңа тәсілге өзгеруінің себептерін және өзгерту жолы бойынша өзгертуге құқығы бар.
Материалдарды синтетикалық есептеу.
Барлық материалдардың қорларының тәсілдерінің есебі негізгі, активті, инвентерлы 1300 «Қорлар» шотында жүргізіледі. Бөлімшелер құрамына келесі синтетикалық есеп кіреді:

  • 1311 шикізат пен материал;

  • 1312 сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша бұйымдар, конструкциясы мен бөлшектері;

  • 1313 отын;

  • 1314 ыдыс;

  • 1315 қосымша бөлшектер;

  • 1316 басқа материалдар;

  • 1317 өнделуге жіберілген материалдар;

  • 1318 құрылыс материалдар.

Әр есеп бойынша иеленуші субъект керекті субшоттар және материал есебі бойынша аналитикалық есептер ашуы мүмкін.

Кесте 8 – ТМҚ бойынша корреспонденциялар





Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден келген материалдық есеп айырысу құжатының келгеніне қарамастан кіріске алынды. Құны төленіп,ай соңында жолда қалған немесе жабдықтаушы қоймасынан әлі алынбаған материалдар ай аяғында қоймаға кіріске алынбай көрсетіледі. Келесі айдың басында бұл сома сторно етіледі. Төленген сома материалды құндықтарды алғанға дейін алашақ борыш болып саналады.

1300
бөлімшесі

3310

Кесте 8 жалғасы









1

2

3

Сатылып алынған материалдардың құны кассадан (қолма-қол ақшамен) төленді

1311-1315

1010

Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық құндылықтардың құны

1311-1315

1250

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз (тегін) келіп түскен материал

1311-1315

6220

Негізгі құралды бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған материалдық құндылықтар

1311-1315

6210

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға арналған материалдарды кіріске алу

1311-1317

8110,8310

Алынған материалдар және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі шоттардан төленеді

1311-1315

1060

Пайдалануаға болатын өндірістік ақаулардан алынған материалдарды кіріске алу

1311-1317

8110

Түгендеу кезінде артық шыққан материалдарды кіріске алу

1311-1315,1317

6220

Еншілес және тәуелді серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен кіріске алынған материалдар.

1311-1315,1317

3320-3340

Материалдық құндылықтарды дайындайтын жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы

1311-1315

3350

Өндіріс пен шаруашылыққа
пайдалану үшін жіберілген материалдар:
-негізі өндіріске;
- қосалқы өндіріске;
- цехқа (үстеме шығын);
- ұйымның әкімшілік шығындарына

8110
8310
8410
7210

1300 бөлім шоттары

Салынып жатқан (аяқталмаған) құрылысқа жіберу мақсатымен есептен шығарылған материалдар

2930

1311-1315,1317

Өндірістік ақауды жөңдеу үшін есептен

8110,8310

1311-1315

Кесте 8 жалғасы









1

2

3

шығарылған материалдар







Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептен шығару

7210

1311-1315,1317

Басқа ұйымға әрі қарай жөңдеуге берілген материалдар

1316

1311-1315,1317

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөңдеуден алынған материалдарына

1311-1315,1317

1316

Жөңдеуен алынған материалдар үшін есептелінген (төленілетін) сома

1311-1315,1317

3310,3320,3330,3390

Сатылған, есептен шығарылған материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құны

7450

1311-1315,1317

Түгендеу барысында жоқ болған табиғи кему мөлшерінен артық кем шыққан материалдарға жаапты адам табылмаған жағдайда

7210

1311-1315,1317

Түгендеу барысында жоқ болған материалдарға жауапты адам табылып, ол адамның төлеуге тиісті есептелінгшен сомасы

1250

1311-1315,1317

Басқа заңды тұлғаларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға немесе жеке адамдарға қайтарымсыз берілген материалдар

7450

1311-1315,1317

Шоттарда көрсетіледі:



  • жеткізушілердің акцепттелген есептік құжаттарына сәйкес түскен материалдардың құны қоймаға жіберілген;

  • есепсіз құжаттармен түскен материалдарды жазу (фактураланбаған түсулер) есептік құжаттарды алғанға дейін келісілген баға бойынша құжаттар түскен соң бұрында есепке алынған материалдардың құны қарастырылады және түскен материалдардың құны бір уақытта көрсетіледі. Жеткізушілерден түскен құжаттарға сүйене отырып ай аяғында түспеген материалдар жол үстінде қалып қойғандар немесе төленген есептік құжаттар бойынша жеткізушілерді қоймасынан шығарылмағандар есепке алынады (келесі ай басында есепке түскен материалдар қарастырылады).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет