И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет52/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

жету, ірбіт(ке) шабу, т.  б.  ілік пен табыс септік формаларының 
түсіп  қалуы  жйі  кездеседі  және  бүлардың  өзіндік  ерекшелігі 
де  жоқ  емес.  Әрине,  бүл  септік  формаларының  түсіп  қалу-
қалмаи қолданылуының арасында аиырмашылық та жоқ емес. 
Ол  мәселе  грамматикамызда  біршама  толық  баяндалған.  Тек 
мына  бір  жайтқа  ғана  назар  аудара  кетуді  мақүл  көрдік.  Ол -  
ілік  септік  түлғасы.  Ілік  септік  түлғасы  өзі  жалғанған  сөзді 
тәуелдік  жалғаулы  сөзбен  қайшы  байланыстырып  түрады, 
басқаша  айтқанда,  ілік  септікті  сөз  бен  тәуелдік  жалғаулы 
сөздің  грамматикалық  байланысы,  мейлі  ілік  септік  жалғауы
48


тұрсын, мейлі түсіп қалсын, берік болады. Ілік септік жалғауы 
түсіп  қалғанда,  ол екі  сөздің мағыналық,  синтаксистік қарым- 
катынасында  өзгеріс  пайда  болады  -   ол  тіркес  түрақталып, 
номинациялық  қасиетке  бейімделеді.  Соның  арқасында  бүл 
жеке синтаксистік үлгі болып қалыптасып отыр. Мысалы, Арал 
теңізі, Абай көшесі, космос кеңістігі, почта қатынасы тәрізді 
тізбектер Аралдың теңізі, Абайдың көшесі, космостың кеңістігі, 
почтаның қатынасы деген түлғада ешбір қолданылмайды.
Тәуелдік  жалғауының  түсіп  қалуы  қазіргі  кезде  ілік  септік 
жалғаулы сөздің қандай сөз екеніне тікелей байланысты. Яғни 
ілік  септікті  сөз  біздің,  сіздің,  өзіміздің  деген  жіктеу,  сілтеу
есімдіп  оолса  ғана,  екінші  создегі  тәуелдік  жалғау  түсіп 
қолданылуы мүмкін: біздің ауыл, сіздің үй, өзіміздің жігіттер.
ырақ тәуелдік жалғауының түсіп қолданылуы кеиін ғана паида 
болған  құбылыс  емес.  Әр  кезеңдерге жататын  жазба нұсқалар 
тіліне көз жіберсек, ерте кезде тек бірінші (көпше),  екінші (сы- 
пайы)  жақ  тәуелдік  жалғауы  емес,  бірінші  (жекеше),  үшінші 
жақ көрсеткіші де түсіріліп қолданыла берген. Ақын-жыраулар 
шығармалары мен қазақ эпостарының тілінде Қобыландының 
Тайбурыл, Базарбайдың Төлеген тәрізді, сондай-ақ «Құтадғу 
білік»  (Юсуп  Баласағүн)  пен  «Дивану луғат -  ит турк»  (Мах- 
муд Қашғари) атты XI ғасыр жазба ескерткіштер тілінде мениң 
тилек, мениң йурек, кимиң тозар сияқты конструкциялардың
кездесуі пікірімізді долелдей түседі.
Нольдік тұлға сырт қарағанда түбір түлғамен сәйкес келген- 
мен,  соз түбірінің барлығы  жеке-жеке  грамматикалық нольдік 
форма бола алмайды, ол тек грамматикалық форма жасау ға негіз 
болады. Грамматикалық нольдік форма бол у үшін ол түл ға түбір 
күйіндегіден  өзгеше  грамматикалық  магына  білдіріп,  белгілі 
бір топтағы түрлену жүйесінің бір түрі болып саналып, сөйлеу 
процесінде белгілі бір түрақты өзіне тән қызмет атқаруға тиісті. 
Сондықтан да кейбір грамматикаларымызда «зат есімнің жеке- 
ше  түрі»,  «сын  есімнің  жай  шырай  түрі»,  «негізгі  етіс»  деген
49


жеке грамматикалық түлға ретінде беріліп жүрген атаулардың 
өзі дүрыс  емес деген Ы.  Е.  Мамановтың түжырымы өте  орын-
өзіне  тән  грамматикалық  (нольдік)  формасы  бар  бір  түрі  бола 
алмайды.  Грамматикалық  формалар -  сөйлеу  кезінде  сөздерді 
дәнекерлеп,  оларға  әр  түрлі  грамматикалық  мән-мағына 
үстеп,  бір-бірімен қатынасын көрсетіп түратын,  сөйлемде ғана 
қолданылатын  сөйлеу  (речь)  элементтері.  Сондықтан  нольдік 
түлғаның мағыналық, қолданылу, атқаратын қызметі жағынан
алғанда белгілі шеңбері болады.
Осы  түрғыдан  келсек,  атау  септіктің  табиғаты  бүлардан
бүтіндей  ерекше.  Атау  септіктің  арнайы  грамматикалық
көрсеткіші  болмағанмен,  түбір  түлғалы  сөзбен  екеуі  бір
емес. 
Олардың 
айырмашылығы 
сөйлемдегі 
қолданылу
ерекшеліктерінен, атқаратын қызметінен  айқын көрінеді.  Атау
септік  түлғасы  басқа  септік  формаларын  жасауға  негіз  болып
түрмайды, атау септік -  басқа септіктермен терезесі тең септік
түлғасы,  бүл  түлғалы  сөздің  сөйлемде  өзіне  тән  білдіретін
мағынасы  мен  атқаратын  қызметі  болады:  ол  —  қимылдың
грамматикалықсубъектісі, бастауышы болу, заттық-атауыпггық
мағына  білдіру,  баяндауыш  формасымен  өзінің  мағынасы
арқылы  белгілі  жақта  қиысып  түру.  Ғрамматикалық  мағына
білдірудің  бірден-бір  тәсілі  тек  қосымшалар  жалғану  ғана
емес  екені  тағы  белгілі.  Мына  сөйлемдерге  назар  аударайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет