септік түлғасы, сын есімнің шырай түлғаларына негіз бола-
тын форма деп жай шырай түлғасы, етістіктің түбір түлғасы
деп 2-жақ бүйрық рай (анайы) түлғасы, етіс түлғаларына
негіз болатын форма деп негізгі етіс тұлғасы көрсетіліп жүр.
Ең алдымен, белгілі бір парадигмалық түрлену жүйесіне негіз
болатын түлға сол түрлену жүйесінің ішіне соның бір түрі бо-
лып кіре алмайды, ол жүйенің шеңберінен тыс түрады, өйткені
ол - сол түрлену жүйесіне тек негіз болатын түлға. Мысалы,
бала-м, бала-ң, бала-сы тәрізді тәуелдіктің түрлену жүйесіне
неғіз болып отырған түлға бала болса, ол сол тәуелдіктің
түрлену жүйесі ішіне кірмейді ғой (нейтральды немесе белгісіз
жақ тәуелдік түрі деген жоқ қой). Екіншіден, белгілі түлға
сол түрлену жүйесінің бір түрі болып есептелсе, онда ол сол
түрлену жүйесіне негіз болатын түлға емес, басқалардай өзіне
тән білдіретін грамматикалық мағынасы бар бөлек форма
(кейде арнайы түлғасы болмаса, нольдік форма) болып сана-
лады. Сөйтіп барып ол сөз формасының бірі, түрлену жүйесі
қатарының бір түрі болып табылады. Сондықтан атау септік
түлғасы - басқа септік түлғаларына негіз болатын форма емес,
басқа септік түлғаларымен тең дәрежеде, септік жүйесінде
56
өзіндік орны бар жеке грамматикалық сөз формасы болатын
тұлға. А л жай шырай мен негізгі етіс дегендер - сөз түрлену (шы-
рай, етіс) парадигмасына зорлықпен енгізіліп жүрген жасанды
түлғалар, сапалық сын есім (өйткені шырай түлғалары барлық
сын есімңен емес, тек сапалық сын есімнен жасалады), етістік
түбірі тәрізді үғымның орнына жүмсалып жүрген түлғалар.
Ал етістіктің түбірі (негізгі және туынды) мен бүйрық райдың
анайы 2-жақ түлғалары да бір емес: етістіктің түбірі етістіктің
барлық түлғаларына негіз болатын түлға болса, бүйрық райдың
2-жағы етістіктің сол түбір түлғадан өрбіген түрлену жүйесінің
бір формасы, грамматикалық категориясының бір түрінің
көрсеткіші болып табылады. Бүл жерде етістіктің түбірі мен
бүйрық райдың екінші жақ түлғасы — сырттай сәйкес келген-
мен, грамматикалық сипаты жағынан бүтіндей бөлек-бөлек
тілдік қүбылыстар. Олардың өзіндік ерекшеліктері (атау
септіктің сипаты, зат есімнің түбір түлғасынан өзгешелігі,
септік жүйесінің бір түрі екендігі, етістіктің түбір түлғасы
мен бүйрық райдың екінші жақ түлғасы, жай шырай деген
мен негізгі етіс дегендердің шырай, етіс категорияларына еш
қатысы жоқ екендігі) сол түлғаларға байланысты жеке-жеке
тақырыптарда арнайы талданады.
Сырттай үқсас кейбір сөз формаларын шатастыруға себеп
больш отырған нәрсе - жеке сөздерде болатын сияқты сөз
формаларында да кездесетін омонимиялық қасиетті ескермеу-
ден туып отыр. Басқаша айтқанда, сырттай үқсас түлғаларды
олардың қандаи мәнді оілдіретінін анықтамаи, мағыналық
ерекшелігін ескермей, мағыналық байыбына бармай-ақ, сыртқы
қасиеттері арқылы оелгілі оір грамматикалық топқа телудщ
нәтижесінде осындай қателіктерге үрынып отырмыз. Яғни зат
есімнің түбір түлғасы мен атау септік түлғасы, етістіктің түбір
түлғасы мен бүйрық райдың екінші жақ түлғасы (басқаны бы-
лай қойғанда, егер етістіктің түбір мен бүйрық райдың анайы
2-жақ түлғасы бір болса, 2-жақ бүйрық райды білдіретін етіс,
57
болымсыз етістік, т. б. тұлғалардағы етістіктерді де түбір деп
тануға тура келеді ғой: сен оқы-т-қыз-ба, бар-ыңқыра т. б.),
сөздің омонимиялық формалары екенін де үмытпау керек. Жеке
сөздер қатарьшда болатын омонимиялық қасиет сөз формала-
рында да болуы мүмкін екенін ескерғенде ғана әсіресе сырттай
ұқсас формаларының сипаты дұрыс ашылмақ.
Сөз формаларьшың қазақ тілінде екі түрі бар: 1) сөзге
форма тудыратын қосымшалар жалғану арқылы жасалатын
синтетикалық формалар немесе сөздің синтетикалық форма-
Достарыңызбен бөлісу: |