И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет58/149
Дата01.04.2022
өлшемі10,59 Mb.
#29557
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   149
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

сез түрлендіретін  (сөз түрлендіргіш я форма тудырғыш) фор- 
малар  және  сез  тудыратын  (сөз  тудырғыш)  формалар  деп
54


үш  салаға  бөлген  дүрыс»  (Ы.  А.-ҚҚТ,  83-84).  Бүл  жерде  сөз 
түрлендіру  және  форма  тудыру  үғымдарының  бір-бірімен 
ара ласып  кеткенін  былай  қойғанда,  автор  қосымша  арқылы 
жасалған  жаңа  сөзді  де  сөз  формасы  деп  қарайды.  Сонда  мал 
мен  малш ы  бір  сөздің  екі  формасы  болмақ  па?  Әрине,  жоқ. 
Бүлар  жеке-жеке  сөздер,  демек,  екі  бөлек  сөздің  формаларын 
жасауға  неғіз  бола  алады:  малға,  малды,  малымыз,  т.  б.  және 
малшылар, малшының, малшымыздың, т. б. Сөз бен сөз форма- 
сы деген үғымдардың ара жігі, айырмашылығы олар білдіретін 
лексикалық мағынаның бір я бөлек-бөлек болуына негізделеді. 
М ал дегеннің лексикалық мағынасы (үй жануары) бір түрлі де, 
малшы дегеннің лексикалық мағынасы (малды бағатын  адам) 
бүтіндей  бөлек,  екінші  түрлі,  бүлар  бір  түбірден  өрбігенмен, 
бір  сөздің  формалары  емес,  жеке-жеке  сөздер.  Демек,  сөз  ту- 
дыратын  (сөзжасам)  қосымшалары  үстеліп  жасалған  сөздер 
сол  создің жеке  сөз  формасы  болмайды,  ол  сөзден  бөлек жаңа 
сөз  болып  есептеледі,  сондықтан  да  ол  морфологиядан  гөрі 
сөзжасам  мәселесінде  қаралуға тиіс.  Бүл -  бір.  Екіншіден,  сөз 
формасы деген үғым сөздердің белгілі бір грамматикалық топ 
қүраудың  амал-тәсілі  болатын  парадигмалық  жүйелермен 
түрлену  арқылы  туып,  морфологияның  негізгі  мәселелерінің
бірі болып қаралады.
Сөйтіп,  сөз  әр  түрлі  түлғалар  арқылы  түрленудің  (сөзге
түрлі  форма  тудыратын  түлғалардың  қосылуы)  нәтижесінде 
сөздің  көптеген  формасы  пайда  болады.  Сөздің  көптеген 
формаларының  ішінен  біреуі  сөздің  сол  формаларын  жасауға 
негіз  болады,  яғни  сөз  формалары  сөздің  негізгі  бір  формасы- 
нан  жасалады.  Ол  — көбіне  белгілі  сөз  табының  түбір  (негізгі 
және  туынды)  түлғасы  болып  табылады.  Мысалы,  зат  есімнің 
сөз формаларына (септік түлғаларына, тәуелдік, көптік, жіктік 
түлғаларына)  негіз  болатын  — зат  есімнің  түбір  түлғасы.  Сын 
есімнің  сөз  формасына  (шырай  түлғасына)  негіз  болатын  -  
сапалық сын есімнің түбір түлғасы. Басқа есім сөз таптарының
55


түрленуіне (субстантивтену арқылы септелу, көптелу, тәуелдену 
кейде жіктелу) негіз болатын — сол сөз табының түбір түлғасы. 
Дәл  осындай  етістіктің  соз  формаларына  (етіс,  күшейтпелі 
етістік,  болымсыз  етістік  және  рай,  шақ,  есімше,  көсемше) 
негіз  болатын  -   етістіктің  түбір  түлғасы  немесе  рай,  шақ, 
есімше,  косемше  түлғаларына  негіз  болатын  -   сонымен  бірге 
(яғни  түбірмен  бірге)  етістіктің  лексика-грамматикалық  (етіс, 
күшейтпелі  етістік,  болымсыз  етістік)  түлғалары,  ал  жіктелу 
түлғаларын  негіз  болатын  -   етістіктің  тек  функңиялық  (рай, 
шақ) түлғалары  болып табылады.  Айта кету  керек,  оқулықтар 
мен  көптеген  зерттеулерде  белгілі  бір  сөз  табының  түрлену 
формасына негіз  болатын түлға қате  көрсетіліп  жүр.  Мысалы, 
зат  есімнің  септелу  жүйесіне  негіз  болатын  форма  деп  атау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет