бала
және
білім
түлғалары) сол түрлену жүйесінің
бір түрі болып енбейді. Жіктелуде де, етістіктің шақ, рай т. б.
грамматикалық категорияларында да осылай. Екіншіден, атау
септік түлғасьга «басқа септіктерге негіз болатын түлға» деп
онда атау септік үғымы зат есімнің түбір (негізгі және туын-
ды түбір) түлғасы деген үғыммен барабар болып, тек септік
түрлеріне ғана емес, сонымен бірге зат есімнің басқа да түрлену
жүйелеріне (тәуелдену, көптелу, жіктелу) негіз болатын түлға
болатынын да естен шығармау керек. Онда ол (атау септік)
септік жүйесі шеңберінен сырт қалуға тиісті.
Рас, атау септігінің басқа септік түрлері сияқты арнайы
грамматикалық көрсеткіші (формалары) жоқ. Сондықтан
атау септік, түлғасы сырттай зат есімнің түбір түлғасымен
сәйкес, үқсас келеді. Бірақ, бүл екеуі бір емес. Атау септігінің
98
өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмағанмен, зат
есімнің түбір түлгасынан өзгеше болып келетін, басқа септік
түрлері білдіретіндей арнайы грамматикалық мағынасы бар
және сол арқылы формасыз атау септік түлғасы басқа септік
түлғалары сияқты семантикалық мән мен синтаксистік қызмет
атқарады, яғни сөз бен сөзді байланыстыруға қатысып түрады.
Міне, осы қасиеттері арқылы атау септігі қазақ тілінің септік
жүйесінде септіктің басқа түрлерімен тең дәрежедегі түлға
және парадигмалық түрленудің бір көрсеткіші болып табыла-
ды да, жоғарыда қазақ тілі грамматикалары көрсетіп, танып
жүрген атау түлғасындағы сөздің баяндауыш, анықтауыш
болу қызметтері, кейбір септеулік шылаулардың тіркесуі атау
септіктегі сөз емес, одан бүтіндей бөлек зат есімнің түбір
түлғасы больш табылады. Айталық, баяндауыш қызметін
атқарып түрған зат есім еш уақытта атау септігінде түрмайды,
ол жіктеліп (3-жақта арнайы көрсеткіші болмаса да, нольдік
формада түрып) жүмсалады. Жіктелген зат есім заттық,
субстантивтік мәннен гөрі номиналдық мәнді білдіруге яғни
субъектінің кім екенін білдіруге айналады, сөйтіп, зат есімнің
жалпы түрлену жүйесінің, соның ішінде септік жүйесінің
мәніне қайшы келеді. Тағы бір ескеретін ж айт- есім баяндауыш
тек зат есімнен ғана болып қоймайды. Сондай-ақ сын есім де,
сан есім де зат есім сияқты есім баяндау ыш қызметін атқарады.
Ол кезде сын есім де, сан есім де зат есім сияқты 1, 2-жақтарда
жіктік жалғауын қабылдап, ал 3-жақта жіктік жалғауынсыз
нольдік түлғада бастауышпен қиыса байланысады: мен үлкен-
мін, сендер жақсы-сыңдар, ол - білімді - 0 , біз бесеу-міз, сен
екінші-сің, олар - үшеу - 0 , т. б. Міне, осындай жіктеліп келіп
(3-жақта арнайы формасыз да) баяндауыш қызметін атқарып
түрған сын есім, сан есімдерді де атау септік түлғасында түр
деп дәлелдейміз бе? Бүлардың атау септік түлғасымен ешбір
байланысы жоқ екені өзінен-өзі белгілі.
99
Зат есімнің түрлену жүйелері, әсіресе, септік жүиесі мен оның
түлғалары заттық мағынаны білдіретін сөздерге (зат есімге)
жалғанып, заттық мағынаға тән әр түрлі грамматика лық мағына
үстейді, ал басқа сөз таптарына жалғанса, оған субстантивтік
(заттық) мән үстеп, сөйлемде зат есімнің қызметін атқартады:
Достарыңызбен бөлісу: |