жіктеле алмайды, түбір күйінде басқа сөздермен грамматикалық
қарым-қатынасқа түсе алмайтындықтан, сөйлемде сол күйінде
қолданыла да алмайтын болса, етіс және болымсыз етістік
түлғалы етістікке де дәл осы қасиеттер тән: келтір, сөйле-т,
кел-ме, сөйле-ме дегендер, бір жағынан, сен кел-тір, сөйле-т, сен
кел-ме, сөйле-ме тәрізді 2-жақ бүйрық райдың жекеше, анайы
түлғасымен үқсас келіп екінші жағынан, мен келтір-мін, сөйлет-
пін,
келме-мін, сөйлеме-мін, сен келтір-сің, сөйлет-сің, келме-
сің, сөйлеме-сің тәрізді жіктеле алмайды да,
басқа сөздермен
грамматикалық байланысқа түсе алмай, сөйлемде сол күйінде
қолданылмайды. Ал етістіктің салттылық-сабақтылық мәні
жоғарыда көрсетілгендей, оның семантикалық сипаты болып
саналады да, бүл категорияның жасалуында грамматикалық
түлғалар міндетті түрде қатыспайды, ол сабақты етістіктің тура
объектісі (табыс септік түлғалы сөзді)
қажет етуі сабақтылық
мағынаны жасаудың тәсілі емес, керісінше сабақтылық
мағынаның салдары сол мағына болудың нәтижесі болып та-
былады: семантикалық сипата басым болып,
бірінші орында
түрады да, грамматикалық сипаты екінші орында ғана қалады.
Осы түрғыдан келгенде, көптік, тәуелдік, септік жалғаулары
түбір білдіретін грамматикалық заттық мағынаға ешбір нүқсан
келтірмей, оған сан-мөлшерлік,
немесе тәуелділік, немесе
меншіктілік-объектілік сияқты мағыналар гана үстеп көбінесе
оны сөйлемде басқа сөздермен байланыстыру, қарым-қатынасқа
түсіру қызметін атқарады. Етістіктің рай, шақ түлғалары да
түбір білдіретін грамматикалық қимыл, іс-әрекет мағынасына
ешбір өзгеріс енгізбей, сол қимьшдың орындалуының мезгілін
(шағын), ақиқатқа, шындыққа, бол мысқақатысын (модал ьді л ігін)
білдіріп, түбірдің грамматикалық сипатын, түлгасын (2-жақ
бүйрық рай түлғасымен сәйкес келуін) өзгертіп, жіктеліп келіп,
басқа сөздермен қарым-қатынас жасаудың негізінде сөйлемде
жүмсалуға негіз болады.
74
Морфологиялық сипаты
жағынан грамматикалық кате-
гориялардың бір тобын лексика-грамматикалық категория
деп атап, екінші тобын таза грамматикалық категория деп
бөліп көрсетудің осындай негізі бар. Осы тұргыдан келгенде
морфологияльщ жағынан грамматикальщ категориялардың
күрделі екенін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: