ұғымдарға грамматикалық мағына оның оерілу тәсілінің
бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі
жиынтығы қүрайтын грамматикалық категория дегендер
енеді. Бүл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып,
тілдің грамматикалық қүрылысын қүрайды да, қалған жекеле-
ген грамматикалық единиңалар мен қүбылыстар, жүйелер осы
үғымдардан туындайды.
§ 5. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ Т ҮРЛЕРІ
Тілдегі әрбір сөздің (белгілі үғымды білдіре алатын
мәнді сөздің) нақты лексикалық мағынасымен бірге жал-
пы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық
мағынасы - нақты, үғымдық мағына яғни бір сөзден екінші сөзді
айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса грамматикалық
мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі
тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа
сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда
болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше бедгілі бір
грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылвГбіріктіретін
жалпы мағыналары болып табылады.
/X
.
Достарыңызбен бөлісу: