§ 8. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА МЕН
ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМАНЫҢ СӘЙКЕСТІГІЖӘНЕ
НОЛЬДІК ФОРМА
Тілімізде белгілі бір грамматикалық (категориялық
грамматикалық) мағына белгілі бір грамматикалық форма —
түлға арқылы берілетіні белгілі. Яғни грамматикалық мағына
мен грамматикалық форма (түлға) бір-бірімен тығыз байланы-
сты.
Сұрақ. Грамматикалық мағынаның грамматикалық фор-
мамен сәйкестігі дегенде әңгіме грамматикалық мағына
атаулының бәрі туралы бола ма, әлде оның бір түрі жайында
бола ма?
Жауап. Грамматикалық
мағына мен грамматикалық
форманың сәйкестігі сөз болғанда, әдетте категориялық
грамматикалық мағына негізге алынады, өйткені жоғарыда
көрсетілгендей, грамматикалық мағынаның осы түрі ғана ар-
найы грамматикалық форма арқылы беріледі.
Әрине, грамматикалық мағына мен грамматикалық форма
бір-біріне
сай келеді дегенде, сөздің құрамында ол екеуінің
саны да әрдайым бірдей болады деген қорытынды тумайды.
Кейде бір тұлғаның өзі бірнеше грамматикалық мағынаны
және керісінше бірнеше грамматикалық форма бір мағынаны
білдіріп те түрады. Мысалы,
кітабым стол үстінде жатыр
дегендегі
кітабым сөзі
кітап деген түбір мен
-ым деген тәуелдік
жалғауынан түрады.
Ал осы -ым деген бір тұлға үш мағынаны білдіреді:
1) тәуелдік мағына, яғни кітап деген зат екінші затқа тәуелді,
соның меншігі екенін білдіреді, бүл — негізгі мағынасы. Бүл
жағынан қарағанда кітабың, кітабы, кітабымыз, кітабыңыз, т. б.
сөздер қүрамындағы
-ың, -ы, -ымыз, -ыңыз деген түлғалардың
бір-бірінен мағынасы
жағынан ешбір айырмасы жоқ, бәрі де
тәуелділік, екінші затқа меншіктілік мағынаны білдіреді. Міне,
37
осыдан бір грамматикалық мағына, бірнеше грамматикалық
түлға арқылы берілетіні анық көрінеді. Бірақ
-ым қосымшасы
тек тәуелділік мағынаны білдіріп қоймайды, сонымен бірге
2) жақтық мағынаны да білдіреді. Яғни зат (кітап) қай жаққа
тәуелді екенін көрсетіп түр. Ол - айтушы жақ. (тілімізде үш
жақ бар екені белгілі:
айтушы жақ, тыңдаушы жақ және бөгде
жақ немесе бірінші, екінші, үшінші жақ). Әрбір жақтың өзі де
бірнешеге бөлінеді: көпше, жекеше және II тыңдаушы жақ -
анайы, сыпайы. Міне, сондықтан 3)
-ым түлғасы бірінші, ай-
тушы жақты білдірумен бірге сол затқа (кітапқа) ие бір-ақ адам
(жекеше), мен екендігін көрсетіп түр.
Сөйтіп, сөз таптарының әрбір грамматикалық форма -
түлғасы сөзге арнайы форма тудырушы косымша (жүрнақ,
жалғау) қосылу арқылы грамматикалық (категориялық
грамматикалық) мағынаны білдіреді. Ол грамматикалық
мағына сөйлеу процесінде, контекст ішінде айқындалады.
Сондьщтан да грамматикалық мағына мен грамматикалық
форма сәйкес болады дейміз.
Сүрақ. Грамматикалық
мағынасыз грамматикалық фор-
ма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық
мағына берілмейді дегенді қалай түсінеміз?
Жауап.
Грамматикалық
мағына
білдірмейтін
грам-
матикалық форма болмайды және грамматикалық форма-
сыз грамматикалық мағына да болмайды дегенді бүлардың
жаңағы қасиетінің негізінде ғана тек шартты түрде айта-
мыз. Өйткені кейбір жағдайларда қазіргі тілімізде ешбір ар-
найы грамматикалық түлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық
мағына беріліп түрады. Сондай-ақ кейде сөз қүрамында
белгілі бір грамматикалық форма болғанмен, ол
өз бетінше
грамматикалық мағына білдіре алмай, факультативті түрде
формасыз
форма
М ыса л ы
Достарыңызбен бөлісу: