И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет2/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

Редакциядан
4


КІРІСПЕ
Жоғары оқу орындарында негізгі пән ретінде жүретін 
“Қазіргі қазақ тілі” курсының басты жөне негізгі сала- 
сы - грамматика болып табылады. Тілдің грамматикалық
қүрылысы тіл деңгеилерінің көлемі жағынан да, мазмүны 
жағынан да әрі күрделісі, әрі ауқымдысы екені даусыз, өйткені 
тілдің қоғамдық қүбылыс ретіндегі өзіндік ерекшеліктері
атқаратын қызметіндегі сан алуан жүктері, даму барысындағы 
диалектикалық заңдылықтары — бәрі-бәрі тілдің грамматика- 
лық қүрылысынан анық көрінеді. Сондықтан да “Қазіргі қазақ 
тілі” ғылыми курсының 80-95% грамматика болып табылады.
Осындай маңызды саланың көп қағидалары 50-60 жылдар- 
да қалыптасқан қалпында келе жатыр. Оқулықтар мен ғылыми 
грамматикаларда тілдің грамматикалық қүрылысының бас- 
ты үғымдары болып табылатын грамматикалық мағына
грамматикалық форма, грамматикалық категория, олардың 
тілдік қүбылыс ретіндегі орны және бүлардың бір-бірімен 
өзара сәйкестігі, байланысы, ерекшеліктері, әрқайсысының 
шекарасы, т. б. күні бүгінге дейін айқындалған жоқ. ¥сынылып 
отырған оқу қүралында бүл мәселелер нақты тілдік материал- 
дар арқылы ғылыми дәлелдеулер нәтижесінде талданып, сара- 
ланады. Тілдің грамматикалық қүрылысының басты, ең негізгі 
үғымдары - грамматикалық мағына мен грамматикалық фор- 
ма, олардың әрқайсысының жасалуы, тілде көрінуі, түрлері, 
бір-бірімен сәйкестігі осы ғылыми курстың бағдарламасына 
сай қүрылып, басқа деңгейлердегі кейбір үғымдармен, мысалы, 
лексикалық мағынамен, салыстырыла отырып талданды.
Бүл қүралдың екінші бір ерекшелігі — ғылыми баяндау, 
дәлелдеме әдеттегідей монолог түрінде емес, сүрақ және 
сүраққа жауап ретінде яғни диалог түрінде болуы. Бүл - тек 
оқытушының ғана емес, студенттердің де өз беттерімен оқып,
5


үйренуіне, әрмен қарай талдауды жалғастыра түсуіне, сөйтіп, 
ғылыми пікір қалыптастыруына көмек етеді.
Оқу қүралы филология факультеттерінің студенттеріне, 
аспиранттарға, филолог галымдарға үсынылады.
Автор
6




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет