менімен қайтатын тәрізді сөйлемдердегі әрбір сөзге, олардың
түлғаларына және сол түлға білдіріп түрған мағыналарға назар
аударайықшы. Морфологиялық жағынан бүл сөздерді мынадай
белшектерге бөлуге болады: он (ол, л дыбысына біткен жіктеу,
сілтеу есімдіктері септелгенде, л не түсіп қалады, не н дыбысы-
на айналып кетеді), үй, сөйле, ауыл, мен,
қайт дегендер сөздің
түбірі, -мен, -де,
-а көмектес, жатыс, барыс септік жалғаулары,
-с ортақ етіс,
-тын, -тін есімше жүрнақтары. Үйінде, аулына
сөздеріндегі
-і, -ы тәуелдік жалғауы (3-жақ),
одан кейінгі -н
түлғасы қазіргі грамматикаларымызда септік жалғауларының
қүрамында қаралып жүр: -нде -
жатыс септік, -на - барыс септік
болып, шындығында
-н —
септік жалғауының көрсеткіші емес,
түркологияда бүл тәуелдік жалғаудың 3-жағының қалдық фор-
масы деген пікір бар, яғни тәуелдік жалғауы 3-жақта қазіргідей
-ы, -і, -сы, -сі болмай,
-сын, -сін болған да, кейін соңғы
-н түсіп
қалған. Бүл арасы тіл білімінде әлі шешілген жоқ. Қайткен
күнде де 3-жақ тәуелдік түлғада түрған
сөзге барыс, жатыс
септік
жалғаулары жалғанғанда, бүлардың арасында пайда
болатын
-н септік жалғау қүрамында қаралғанмен,
белгілі бір
грамматикалық категорияның көне көрсеткіші болған. Бертін
келе өзі білдіретін грамматикалық мағынадан айырылып қалған
да, сөз қүрамында факультативтік
элемент ретінде сақталып
қалған. Бүл
-н түлғасы тек септік жалғауларының ғана алды-
нан емес, тәуелдік жалғаудың 3-жағынан кейін жалғанған -ша,
-ше, -дай, -дей жүрнақтарының алдынан да -нша, -нше, -ндай,
-ндей болып шыға келді: біреудің кез-і-нше, айту-ы-нша, бала-
сы-ндай, үн-і-ндей, т. б.
Сөйлемдегі онымен, менімен деген сөздердің қүрамында да
түбір (ол-он, мен) мен көмектес септік жалғаудың (мен) арасында
қазір ешбір грамматикалық мағына білдірмейтін
-ы, -і-түлғасы
жүмсалады. Тарихи түрғыдан қарасақ, бүл түлға (дүрысы
-ы,
Достарыңызбен бөлісу: