емен,
батыр
емен,
хан
емеспін,
Атақты артық туған
144
жан
емеспін
(Абай). Ес білгелі ондай зор денелі әйелді мең
кездестіріп көрген
емен
(С. Мұқанов), т. б. (Ы. А. - ҚҚТ, 76).
Ең алдымен, бұл - ауыспалы осы (келер) шақ
-ма (ба, па)-
й-мын, -ме (бе, пе)-й-мін
тұлғасынан емес, есімшеден болған
болжалды келер шақтың
-ма-с-пын, -ме-с-пін ,-ба-с-пын,
-бе-с-пін, -па-с-пын, -пе-с-пін
деген болымсыз тұлғасынан
ықшамдалып қалыптасқан. Сондықтан да бұл тұлға үзілді-
кесілділік, жігерлілік реңк білдіреді, яғни мүндай мән осы
түлғаның ықшамдалғаннан кейінгі пайда болған қасиеті емес,
толық түрінде де бар ерекшелігі: бармаймын - бармаспын -
барман. Бармаймын десе, бару қимылының бірінші жақ тарапы-
нан болмайтыны ғана көрсетілсе, бармаспын десе, мақсаттық,
үзілді-кесілділік мән (кейде болжалдық мән де болуы мүмкін)
айқын сезіледі. Екіншіден, -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен
формасының келер шақ есімше түлғасынан ықшамдалғанын
е
көмекші етістігінің қолданылуы да, яғни
-е-мес-пін
бар да
-е-мей-мін
деген жоқ екендігі де, дәлелдеп тұр. Жоғарыда
берілген мысалдағы: бай емен, батыр емен, бірақ хан е-ме-с-пін
(е-ме-й-мін емес) болуы пікірімізді айқындай түседі. Үшінші,
бүл түлға көбіне өлең-жырларда, айтыста жиі кездеседі. Соны-
мен бірге бүл түлғалы етістік орта ғасырлық кезеңдегі жазба
әдебиеттер тілінде (мысалы, «Мухаббатнаме», «Гулстан бит-
түрки», т. б.) де қолданылып отырған.
Етістіктің бұйрық рай тұлғасы ерекше жіктеледі, ол - етістік
тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол
ерекшелік, біріншіден, бүйрықрайдажіктікжалғаудыңбүтіндей
өзгеше болуында болса, екіншіден, етістіктің түбір түлғасы
мен бұйрық рай (2-жақ жекеше анайы) тұлғаларының сырттай
ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігінде, яғни түбір сөз форма-
ларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі түлғасы
да,бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы - түбірден
бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының
бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі
145
мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы түрі омоним форма-
лар болады. Сөйтіп, бүйрық райдың жіктелуінде 1-жақ жеке-
ше
Достарыңызбен бөлісу: |