Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері



бет26/44
Дата17.04.2022
өлшемі1,94 Mb.
#31253
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
Ы., Байм саева А. Б. Информатиканы теориялы негіздері

Модельдер базасы. Модельдер базасының мақсаты – кейбір объектілер мен үрдістерді сипаттау мен оңтайландыру. Модельдерді қолдану шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесінде талдауды жасауды қамтамасыз етеді. Модельдер, мәселенің математикалық талдауына негізделе отырып, нақты алгоритмдер көмегі арқылы шешімді дұрыс қабылдау үшін пайдалы ақпаратты табуға жағдай жасайды.

Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесінде модельдер базасы стратегиялық, тактикалық, оперативтік және математикалық модельдерден тұрады.



Стратегиялық модельдер жетістіктеріне қажетті ресурстардың көлемін, ұйымдардың мақсаттарын орнату, сондай-ақ осы ресурстарды сатып алу және пайдалану саясаты үшін басқарудың жоғарғы деңгейінде пайдаланылады.

Тактикалық модельдер бар ресурстарды пайдалануды бақылау мен бөліп тарату үшін орта деңгейінде басқарушыларымен қолданылады.

Оперативтік модельдер күндермен және апталармен өлшенетін, оперативтік шешімдерді қабылдауды қолдау үшін басқарудың төменгі деңгейінде пайдаланылады.

Математикалық модельдер математикалық әдістерді жүзеге асыратын, модельдік блоктардың, модульдердің және процедуралардың жиынтығынан тұрады.

Модельдер базасының басқару жүйесі келесі мүмкіншіліктерге ие болу керек: жаңа модельдер құру немесе қолданып жүргендерді өзгерту, модельдердің параметрлерін қолдау және жаңарту, модельдермен манипуляция жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет