Сараптық жүйелердің ақпараттық технологиялары. Жасанды зердені пайдалануына негізделген компьютерлік ақпараттық жүйелердің ортасындағы кең өрлеу, сарапшы жүйелерді өңдеу саласында белгіленген. Сарапшы жүйелер менеджерге немесе маманға осы жүйелермен толықтырылған білімдер туралы кез келген мәселе бойынша сарапшылар кеңесін алуға мүмкіндік береді. Жасанды зерде - адамның ой-өрісінен шығатын жасанды деп аталатын іс-әрекеттерге жатқызатын компьютерлік жүйелердің қабілетін түсінеміз. Бірақта, бұл жерде бәрінен бұрын адамның ой-өрісімен байланысты қабілеттердің түрлері айтылған. Олар өзіне адамның жүйке жүйесін, оның естуін, көруін, танымын, оқуға қабілеттілігін моделдейтін жұмыстарды, жүйелерді құрады.
Сарапшы жүйелердің технологиясын пайдаланудың басты идеясы сарапшыдан оның білім алып және оларды компьютердің жадысына жүктеп, қажет болған жағдайда пайдалану.
Сарапшы жүйелерде және шешім қабылдауды қолдау жүйелерінде пайдаланылатын ақпараттық технологиялардың ұқсастығы сондай, олардың екеуі де шешім қабылдауды қолдаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бірақта, үш маңызды айырмашылық бар. Біріншісі, шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесінің аясында проблемаларды шешу оның пайдаланушының түсінік деңгейін бейнелейді және оның шешімін алу мен ұғыну мүмкіншілігімен байланысты. Сарапшы жүйелердің технологиясы, керісінше, пайдаланушыға оның мүмкіншіліктерінен асып түсетін шешімдерді қабылдауға ұсынады. Көрсетілген технологияның екінші айырмашылығы шешім алу процесінде сарапшы жүйелердің өз пікірлерін түсіндіре алу қабілеттіліктерімен айқындалады. Өте жиі осы түсініктер шешімге қарағанда, пайдаланушы үшін өте маңызды болып келеді. Үшінші айырмашылық, білім – ақпараттық технологияның жаңа компонентін пайдаланумен байланысты.
Сарапшы жүйеде пайдаланылатын ақпараттық технологиялардың негізгі компоненттері: пайдаланушының интерфейсі, білімдер базасы, интерпретатор, жүйені құру модулі.
Сурет 19. Ақпараттық технологияның сараптық жүйелердің негізгі компоненттері
Достарыңызбен бөлісу: |