Байланысты: Ы., Байм саева А. Б. Информатиканы теориялы негіздері
Пайдаланушының интерфейсі. Менеджер (маман) интерфейсті сарапшы жүйеге ақпараттар мен командаларды енгізу үшін және одан шығатын ақпараттарды алу үшін пайдаланылады. Командалар білімдерді өңдеу процесін бағыттайтын параметрлерді енгізеді. Ақпарат нақты айнымалыларға меншіктелген мәндер түрінде беріледі. Менеджер ақпаратты енгізу әдісінің төрт түрін пайдалана алады: мәзір, команда, табиғи тіл және өзіндік интерфейс.
Сарапшы жүйелердің технологиясы шығыс ақпараттар негізінде тек шешімдерді ғана емес, сондай-ақ қажетті түсініктерді де алу мүмкіншілктерін қарастырады. Түсініктің екі түрін ажыратады:
сұраныс бойынша берілетін түсініктемелер. Пайдаланушы кез келген сәтте сарапшы жүйеден өзінің іс-әрекеттерін түсіндіруді талап етуі мүмкін;
мәселенің алынған шешімінің түсініктері. Шешімді алғаннан кейін пайдаланушы оның қалай алынғандығы жөнінде түсініктемені талап етуі мүмкін. Жүйе есепті шешуге алып келетін өз талқылауының әрбір қадамын түсіндіруі тиіс.
Сарапшы жүйемен жұмыс істеу технологиясы қарапайым емес болғандықтан, осы жүйелердің пайдаланушы интерфейсі достық болады және сұхбат жүргізу кезінде қиыншылықтар туғызбайды.