Байланысты: Ы., Байм саева А. Б. Информатиканы теориялы негіздері
Интерфейсті басқару жүйесі. Ақпараттық технологияның тиімділігі мен икемділігі көбінесе шешім қабылдауды қолдау жүйесінің интерфейстің сипаттамасына тәуелді. Интерфейс пайдаланушы тілін, дисплей экранында сұхбатты ұйымдастыратын компьютердің хабарлама тілін, пайдаланушы білімін анықтайды.
Пайдаланушы тілі – пайдаланушы жүйеге қатысты перне тақтаның, экранда жазатын электрондық қарандаштардың, тышқанның, джойстиктің және т.с. сияқтылардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жүргізетін іс әрекеттер. Пайдаланушы тілінің қарапайым түрінің бірі кіріс және шығыс құжаттардың формасын құру. Пайдаланушы кіріс формасын алып, оны қажетті мәліметтермен толтырады да компьютерге енгізеді. Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі қажетті талдау жүргізеді де, нәтижені белгіленген үлгідегі шығыс құжат түрінде береді.
Хабарлама тілі – бұл пайдаланушы дисплей экранында (символдар, кесте, түс) көріп тұрған мәліметтер: принтерде басып шығарылған мәліметтер, дыбыс шығу сигналдары және т.б. Қолданатын интерфейстің тиімділігінің маңызды өлшеуші пайдаланушы мен жүйе арасындағы сұхбаттың таңдап алынған түрі болады. Қазіргі уақытта келесі сұхбат түрлері кең таралған: сұранысты - жауап беру режимі, командалық режимі, мәзір режимі, компьютермен ұсынылған өрнектердің бос орындарын толтыру режимі.
Пайдаланушы білімі – бұл пайдаланушы жүйемен жұмыс істей отыра білу керектігі.Оған пайдаланушының басында болатын іс-әрекет жоспары ғана емес, компьютермен беретін оқулықтар, нұсқаулар, анықтамалық мәліметтер жатады. Шешімдерді қабылдаудың қолдау жүйесінің интерфейсін жетілдіру әрбір көрсетілген үш компонентердің дамуындағы жетісіктерімен анықталады. Интерфейс келесі мүмкіншіліктерге ие болу тиіс:
пайдаланушының таңдау бойынша шешімді қабылдау үрдісінде оларды өзгерте отырып, сұхбарттың әр түрлі формаларымен іс-әрекеттер жасау;
мәліметтерді жүйеге әр түрлі тәсілдермен жіберу;
мәліметтерді жүйенің әр түрлі құрылғысынан әр түрлі форматта алу;
пайдаланушы білімін икемді қолдау (сұраныс бойынша көмек көрсету, айту).