Мәліметтер базасы. Ол шешімдерді қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологияларында маңызды рөл атқарады. Пайдаланушы мәліметтерді математикалық моделдер көмегі арқылы есептеулер үшін пайдалануы мүмкін. Мәліметтер көздерін және олардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Мәліметтердің бір бөлігі ақпараттық жүйенің операциялық деңгейінен түседі. Оларды тиімді пайдалану үшін мәліметтер алдын ала өңделінуі керек. Ол үшін екі мүмкіндік бар:
шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесінің құрамына енетін фирманың операциялары туралы мәліметтерді өңдеу үшін мәліметтер базасын басқару жүйесін пайдалану;
шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесінен тыс өңдеу жүргізу, ол үшін арнайы мәліметтер базасын құру керек.
2. Фирманың операциялары туралы мәліметтерден басқа шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесімен жұмыс істеуі үшін басқа да ішкі мәліметтер қажет, мысалы персоналдарды ауыстыру туралы мәліметтер, инженерлік мәліметтер өз уақытында жинақталу, енгізілу және қамтамасыз етілу керек мәліметтер және т.б.
3. Басқарудың жоғарғы деңгейіндегі әсіресе шешімдерді қабылдауды қолдау үшін сыртқы көзден алынған мәліметтер маңызды орын алады. Қажетті сыртқы мәліметтер ішінде ұлттық және әлемдік экономикадағы бәсекелестер туралы мәліметтерді көрсетуге болады. Ішкі мәліметтермен салыстырғанда сыртқы мәліметтер оларды жинауға арналған мамандырылған ұйымдардан алынады.
4. Қазіргі уақытта мәліметтер базасына тағы бір мәліметтер көзінен хаттарды, келісім-шарттарды, бұйрықтарды т.с.с. құжаттарды енгізу туралы мәселе кеңінен зерттелуде. Егер бұл құжаттардың мазмұны жадыға жазылса және содан кейін кейбір кілттік сипаттамалар бойынша (жабдықтаушы, тұтынушы, мезгіл, қызмет түрлері т.б.) өңделсе, онда жүйе жаңа қуатты ақпарат көзін алады.
Мәліметтерді басқару жүйесі келесі мүмкіншіліктерге ие болу қажет:
агрегаттық және сүзгілеу процедураларын қолдану арқылы әр түрлі көздерден алынған мәлімет комбинацияларын құру;
мәлімет көздерін жедел қосу немесе алып тастау;
пайдаланушының терминінде мәліметтің логикалық құрылымын құру;
пайдаланушыны жұмыс баламалығын эксперименталды тексеру үшін ресми емес мәліметтерді пайдалану және іс-әрекеттер жасау;
фирма аясында жұмыс істейтін бұл мәліметтер базасын басқа операциялық мәліметтер базасынан толық логикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |