Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмек алгоритмі»



бет26/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Балалар ауруы стандарттар

4.32. Стандарт «Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмек алгоритмі»
1. Баланы тыныштандырып, басын төмен қаратып отырғызу (аспирацияны, қан жұтуды алдын – алу(.
2. Денесін қысатын киімдерді шешу, баладан біркелкі және терең тыныс алуын сұрау.
3. Таза ауа келуін қамтамасыз ету.
4. Мұрын желбезегін қан ағып жатқан бөлігіне сәйкес қысу.
5. Мұрынның арқалығына және желкеге 30 мин тамырлардың тарылуы үшін салқын компресс қою.
6. Аяғына жылытқыш қою немесе аяққа ыстық ванна жасау.
7. Мұрынның тиісті жолына 3% сутегі асқын тотығына немесе 0,1% адреналин ерітіндісіне немесе 1% викасол немесе 5% аминокапрон қышқылына малынған ормалды кіргізу.
8. Егер қан тоқтамаса 25-30см турунданы алып, оны 3% сутегі асқын тотығына немесе 5% аминокапрон қышқылына малып, тиісті мұрын қуысына енгізіп, тампондап тастау. Турунданы 12-24 сағ қалдыру.
9. Викасол беру немесе бұлшық етке енгізу (кальций хлорид, аминокапрон қышқылы, дицинон, витамин «С»).
10. Егер жоғарыда аталған іс – шаралар нәтижесіз болса шұғыл түрде ауруханаға жеткізу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет