4.2. Стандарт «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу» Мақсаты: Баланың физикалық дамуын бағалау
Дайындаңыз: Горизонталды бой өлшеуіш, таза жөргек (нәрестелерге - стерильді ), қолғап, дезинфекциялық ерітінді, өңдеу үшін ветошь, КБУ, баланың даму тарихы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Бой өлшеуіштің шкаласы өзіңізге қарап тұратындай етіп, тегіс, әрі қатты жерге қойыңыз.
3. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.
4. Бой өлшеуішті дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеңіз.
5. Өлшеуіштің үстіне шкала көрінетіндей етіп таза жөргек төсеңіз.
6. Баланы өлшеуіштің үстіне жатқызып, басын өлшеуіштің қозғалмайтын жағына тақаңыз, анасынан немесе көмекшіңізден баланың басын ұстауын сұраңыз.
7. Баланың аяғын тік созыңыз, бір қолыңызбен тізесін басып отырып (табаны сирақтарына перпендикуляр болуы қажет), бір қолыңызбен қозғалмалы тақтайшаны табанына тақаңыз.
8. Өлшеуіш шкаласындағы бойыңын көрсеткішін анықтап, баланы анасына беріңіз.
9. Баланың даму тарихына бала бойының көрсеткішін жазып және анасына хабарлаңыз.
10. Жөргекті алыңыз.
11.Бой өлшеуішті дезинфекциялық ерітіндіге батырылған ветошьпен сүртіңіз.
12.Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.
13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
4.3. Стандарт «Кеуде торының айналымын өлшеу» Мақсаты: Баланың физикалық дамуын бағалау
Дайындаңыз: сантиметрлік лента, салфетка, 70⁰ С спирт, қолғап, дезинфекциялық ерітінді, өңдеуге арналған ветошь, КБУ, баланың даму тарихы, қаламсап.
Іс –әрекет агоритмі: 1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.
3.Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.
4. Лентаны екі жағынан 700 С спритке малынған салфеткамен сүртіңіз.
5. Баланы үстелдің үстіне жатқызып немесе отырғызып, қолын жоғары көтеріңіз.
6. Лентаны артында жауырынның ұшынан, ал алдынан нәрестенің емшек ұшына қарай өткізіңіз.
7. Баланың қолын төмен түсіріп, лентаны тартып, қиысқан жерінде кеуде торының көрсеткішін анықтаңыз.
8. Өлшеген көрсеткішті баланың даму тарихына енгізіңіз және анасына хабарлаңыз.
9. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.
10. Қолыңызды жуып, кептіріңіз