Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары



бет21/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде залалсыздандыру жүргізіңіз, қолғап киіңіз.
Төсеніш (клеенка) жайып, жаялықпен жауып қой.
Резеңке балонға 20-22сгр.С су жинаңыз (бөлме температурасында):
-Жаңа туылған балаға - 25-30мл;
-Емшек еметін бала жасына- 50-150мл;
-1-3 жасар балаларға- 150-50мл;
Баллонның ұштығын вазелин майымен майлау суландырудың әдісімен жағу.
Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.
Сол қолдың 1-2 саусағымен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта ұстау.
Резеңке құтынын сүңгісін жоғары қаратып, оң қолдың бас саусағымен астынан басыңыз.
Баллонның ұштығын жоғары қаратып қысу арқылы ауасын шығару және
баллонды босатпау.
Баллонды анальды тесікке кіндіктің бағытында енгізу, анальды тесіктен өткен соң сегізкөзге паралелльді тік ішекке қарай жылжыту.
Баллонды жайлап қысып суын жіберу.
Баллонды босатпай ұштығын тік ішектен шығарыңыз.
Сол қол арқылы баланың жамбасын қысыңыз.
Баланың жыныс мүшелерін жөргекпен жауып, нәжіс бөлінгенге дейін шалқасынан жатқызу.
Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелері жуу. Сүлгімен құрғатып сүртіп, тік ішек қатпарларын залалсыздандырылған өсімдік майымен өңденіз.
Қолданылған құралдарды зарарсыздандырылған сыйымдылық ерітіндіне салыңыз.
Алжапқышты шешіңіз, қолғаптарды КБУ ға салыңыз, қолыңызды жуып, құрғатыныз.


4.24. Cтандарт «Жел шығаратын түтікшенің койылымы»
Мақсаты: ішектен газды сыртқа шығару
Көрсеткіші: метеоризм
Кері көрсеткіші: асқазан ішек қансырауы , тік ішектің қабынуы, тік ішек ойық жаралары.

  • Дайындау: қолғап және алжапқыш, клеенка, жаялықтар, стерильді жел шығарғыш түтікше,вазелин майы, қалақша, жайма сумен, мақта түйіршіктері, марля майлықтар, дез.ерітіндісі бар құты.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

  3. Жөргектейтін столға клеенканы, сосын жаялықты жайыңыздар.

  4. Жел шығаратын түтікшенің тереңдігін белгілеңіз.

-1 жастағы балаларға дейін – 5-8см.
- 1-3 жастағы балаларға – 8-10см.
- 3-7 жастағы балаларға - 10-15см.
- 7 жастан асқан балаларға -20см.

  1. Жел шығарғыш түтікшенің ұшын вазелин майымен майлау.

6. Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.
7. Сол қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен жамбасын ашу.
8. Жел шығарғыш түтікшенің ұшын қысып ұстап анальды тесікке кіндіктің бағытында енгізу сосын құйымшаққа параллель бойынша белгіге дейін.

  1. 9. Жел шығарғыш түтікшенің екінші ұшын суы бар ыдысқа салу,

жел шығып жатқанына көз жеткізіңіз.
10. Жел шығарғыш түтікшенің ұшын жаялыққа ора, баланы жаялықпен қымтаңыз.
11. Жел шығарғыш түтікшені 30-60 минутқа қалдырыңыз.
12. Жел шығарғыш түтікшені орамалмен ұстап шығарып залалсыздандыратын ерітінді тұрған ыдысқа тастау.
13. Вазелин майлы тампонмен тік ішектің анустың айналасын өңде , баланы киіндір
14. Алжапқышты шешіңіз, қолғаптарды КБУ-ға салаңыз, қолдарды тазалап жуып, кептіреміз.
Ескерту: Жел шығаратын түтікшені еңгізер алдында 20-30мин бұрын тазалау клизмасы жасалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет