Сүттің температурасын тексеру үшін бірнеше тамшысын білектің сыртқы жағына тамызыңыз.
Кішкентай қасықтың 2/3 бөлігіне сүт алып, қасықты жоғарыдан төмен қарай ерініне жақындатыңыз, одан кейін астынғы ерініне сәл тигізіңіз (бала рефлекторлы түрде аузын ашады), қасықты тіліне тигізіп сүтті құйыңыз.
Үстінгі ерініне қасықты сәл басып шығарып алыңыз.
Келесі сүтті берер алдында, нәресте алдынғы берген сүтті жұтып қойғанына көз жеткізгеннен кейін ғана сүтті тіліне құйыңыз.
Тамақтандырып болған соң баланың аузында сүт қалмағанына көз жеткізіңіз.
Тамақтандырып болған соң, нәрестенің салфеткамен аузын сүртіңіз.
Кеудесіндегі салфетканы алып тастаңыз.
Нәрестені оң жаққа қарай, басын сәл көтеріңкіреп жатқызыңыз.
Қолданылған салфеткаларды КБУ-ға тастаңыз, қысқышты дезинфекциялық ерітіндіге, қасық пен ыдысты қайнату ыдысына салыңыз.