Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Балаға ылғалданған оттегіні мұрын катетері арқылы беру»



бет14/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Балалар ауруы стандарттар

4.14. Стандарт «Балаға ылғалданған оттегіні мұрын катетері арқылы беру»
Мақсаты: тіндердегі гипоксияны төмендету, қанның оттегімен қамтамасыз етілуін жақсарту.
Көрсеткіші: шала туылған бала, тыныс алу және қан айналымы ағзаларының аурулары, қауіпті жағдай.
Дайыңдаңыз: стерильді: қысқыш, марлі салфеткасы, лоток, мұрын катетері, қолғаптар, қайшы, шпатель, дистильденген суы немесе 70 спирті бар Бобров аппараты, изотоникалық ерітінді немесе дистилденген су, лекопластырь, дезинфекциялық ерітінді, ветошь, КБУ.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына ем-шараның мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.

  3. Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.

  4. Нәрестенің бас жағын көтеріңкіреп үстелдің үстіне жатқызыңыз.

  5. Бобров аппаратын дайындаңыз, оттегі көзіне жалғаңыз (‘Мейірбике ісі” деген стандартты қараңыз).

  6. Баланың жоғарғы тыныс алу жолдарын тексеріңіз, қажет болса мұрын жолдарын тазартыңыз.

  7. Мұрын катетерінің жарамдылық мерзімін, қақпағын бүтіндігін тексеріңіз, қақпақты стерильді қайшымен ашып, қысқышпен стерильді лотокқа катетерді салыңыз.

  8. Қысқышпен катетордың түбінен ұстап, еңгізу арақашықтығын құлақ сырғалығынан мұрын ұшына дейін өлшеп алыңыз да, лейкопластырьмен белгілеп қойыңыз.

  9. Катетерді 3 – 5 см арақашықта қаламның ұшын ұстағандай етіп алып, дистильденген суда немесе изотоникалық ерітіндіге батырып алыңыз.

  10. Катетерді беттің жоғарғы бөлігіне перпендикуляр ұстап, оны төменгі мұрын жолдарына белгіленген жерге дейін еңгізіңіз.

  11. Катетердің орналасуын бақылаңыз: тілінің түбірін шпательмен басқанда катетердің соңы жұтқыншақтан көрініп, 1 см тілден төмен орналасуы қажет.

  12. Лейкопластырьмен катетердің сыртқы бөлігін баланың бетіне бекітіңіз.

  13. Катетердің сыртқы бөлігін резеңке түтік арқылы Бобров аппаратындағы сұйықтықтың үстіңгі жағындағы қысқа түтікпен жалғаңыз.

  14. Оттегіні беру жылдамдығын реттеңіз, оттегіні беріу уақытын белгілеңіз (дәрігердің нұсқауымен).

  15. Белгіленген уақыт біткен соң оттегіні беруді тоқтатыңыз.

  16. Катетерді салфетканың көмегімен алыңыз да, мұрын қуысын тексеріңіз. Дезинфекциляық жолмен тамырларды тарылтатын ерітіндіні 2-3 тамшысын тамызыңыз.

  17. Дезинфекциялық ерітіндіге қысқышты, шпательді, қайшыны, катетерді салыңыз.

  18. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.

  19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет