4.13. Стандарт «Кювезді (инкубаторды) залалсыздандыру» Мақсаты: залалсыздандыру, санитарлық-гигиеналық режимді ұстану
Көрсеткіші: -жаңа көвезді орналастыру
-әр 3 күн, бала көп уақыт жатқан кезде
-жаңа бала еңгізгенде
-бала 5 күн аралығында жатпаған кезде
Дайындаңыз: кювез, залалсыздандыруға арналған жуу ерітіндісі, дистильденген су, халат, қолғап, стерильді ветошы бар бикс, бактериацидті шам, қаламсап, этикетка.
Іс-әрекет алгоритмі: Кювезді электр тоғынан өшіріңіз, баланы палатадан шығарып, жақсы желдетіліп тұрған, бактериацидті шамы бар бөлмеге шығарыңыз;
Кювезді тазалау мен залалсыздандыруға дайындаңыз: оттегі түтігін өшіріңіз, дымқылдату бөшкесіндегі суды төгіңіз, матрасты алып тастаңыз, оны тексеріңіз, фильтрді алып тастаңыз.
Таза арнайы киімді киініз: халат, қолғаптар.
Дезинфекциялық жуатын ерітіндіге батырылған ветошьпен кювездің үстін, матрастың астын, кювездің ұстағыштарын, сөрелерін, одан кейін сыртқы бетін 15 минут сайын 2 рет сүртіңіз.
Кювезді жауып, 1 сағатқа қалдырыңыз.
Халат пен қолғаптарды ауыстырыңыз.
Кювезді ашып дистилденген суға батырылған ветошпен жоғарыда айтылған реттілікпен кювездің сыртқы бетін қайтара жуыңыз.