Іү. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары


Стандарт «Шала туылған баланы қасықпен тамақтандыру»



бет11/26
Дата21.05.2022
өлшемі217,5 Kb.
#35208
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
4.11. Стандарт «Шала туылған баланы қасықпен тамақтандыру»
Мақсаты: Шала туылған баланы тамақтандыру
Көрсеткіші: сору рефлекстерінің болмауы (гипогалактиядағы қосымша тамақ беру)
Дайындаңыз: кішкентай қасық, резенке баллон, марлі салфеткалары, қолғап, бетперде, жылытылған ана сүті, 40 – 60°С суы бар лоток, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына ем-шараның мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.

  2. Бетперде тағыңыз.

  3. Лотоктағы суды 40 – 60°С дейін және ана сүтін 36 - 37°С дейін жылытыңыз.

  4. Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.

  5. Нәрестенің бас жағын көтеріп қырымен жатқызыңыз, жөргектен жасалған жастықшақты басынын астына қойыңыз.

  6. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.

  7. Мұрын қуысын қарап, қажет болса тазалаңыз.

  8. Сүттің температурасын тексеру үшін бірнеше тамшысын білектің сыртқы жағына тамызыңыз.

  9. Кішкентай қасықтың 2/3 бөлігіне сүт алып, қасықты жоғарыдан төмен қарай ерініне жақындатыңыз, одан кейін астынғы ерініне сәл тигізіңіз (бала рефлекторлы түрде аузын ашады), қасықты тіліне тигізіп сүтті құйыңыз.

  10. Үстінгі ерініне қасықты сәл басып шығарып алыңыз.

  11. Келесі сүтті берер алдында, нәресте алдынғы берген сүтті жұтып қойғанына көз жеткізгеннен кейін ғана сүтті тіліне құйыңыз.

  12. Тамақтандырып болған соң баланың аузында сүт қалмағанына көз жеткізіңіз.

  13. Тамақтандырып болған соң, нәрестенің салфеткамен аузын сүртіңіз.

  14. Кеудесіндегі салфетканы алып тастаңыз.

  15. Нәрестені оң жаққа қарай, басын сәл көтеріңкіреп жатқызыңыз.

  16. Қолданылған салфеткаларды КБУ-ға тастаңыз, қысқышты дезинфекциялық ерітіндіге, қасық пен ыдысты қайнату ыдысына салыңыз.

  17. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.

  18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет