І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


Жағымсыз жағдайлардың құрбандарының бірнеше түрі бар



бет42/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105
Жағымсыз жағдайлардың құрбандарының бірнеше түрі бар:
- шын, нақты құрбандар;
- потенциалды құрбандар;
- латенттік құрбандар.
Шын нақты құрбандар – мүгедектер, психосоматикалық кемістіктері, ауытқушылығы бар балалар мен жасөспірімдер, мемлекеттің қоғамдық ұйымындағы қамқорлықтағы балалар.
Потенциалды құрбандар – мінездеме акцентуациясы бар балалар жасөспірімдер мемлекеттенн мемлекетке, өңірден өңірге, ауылдан қалаға, қаладан ауылға көшетін мигранттардың балалары. Экономикалық, моральды білім деңгейі төмен отбасында туылған балалар метистер немесе бір территориядағы аз ұлттар.
Латенттік құрбандар – әлеуметтік жағымсыз жағдайлардың себептерін өздігінен, өз бойындағы қабілет дарын нышандарын аша алмағандар.
Виктимогендік – адамдарды құрбандарға айналдыруы мүмкін қауіпті объекті жағдайлар.
Виктимизация – адамның әлеуметтік жағымсыз жағдайлардың құрбандарға айналдыру процесі және нәтижесі.
Виктимдік – адамның қоғамдық жағымсыз жағдайларына үйірсек және жақын болуы.


Қиын бала және отбасы тәрбиесінің әсері
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен, балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-құлқының қалыптасуында қиындықтар пайда болады.
Егер зерттелу нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі қалыпты болады.
Қиын балаларға кімдерді жатқызуға болады? Сабақтан көп қалатын, тәртібі мен білімі нашар, адамгершілігі төмен, қарым-қатынас жасай алмайтын, ойлау қабілеті төмен, ашуланшақ, мұғалім талабын орындамайтын оқушыларды қиын балаға жатқызамыз. Осындай оқушыларды мектептің педагог-психологтары анықтап, олармен жұмыс жүргізуі тиіс.
Көбінесе баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл – отбасы кемшілігі.
Бала мінез-құлқының қиын болып келуі 2 факторға байланысты:
Мінез-құлықтағы қиындықтар



Биологиялық фактор



Ұсақ әлеуметтік фактор




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет