Биологиялық фактор - әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақат алудан, уланғыш заттардан және т.б. зиянды әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады.
Ұсақ әлеуметтік фактор – баланың өміріндегі қолайсыз жағдайлардан (ата-ананың көп жандалдасуы, ұрып-соғу т.б.) дұрыс тәрбие бермеуден және ананың жүкті кезінде көп уайымға салынуынан болады.
Кейде қиын бала жоқ деп жатамыз. Кейбір отбасында жалғыз бала болады да, оны тым еркелетіп өсіреді. Мұндай балалар өзін басқалардан артық санайды. Балада менсінбеушілік басым болады.
Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:
Қабылдамау
Гиперсоциалды
Қорқақ-секемшіл
Эгоорталықты
Қабылдамау – егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, сүю болмаса, бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне қарсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді.
Гиперсоциалды – мұндай ата-аналар – «дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйықтағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді.
Қорқақ-секемшіл – бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіңе «Мен ауырып қалмаймын ба?», «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен талапты шамадан тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқақ-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген нәрсеге қорқынышпен қарайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.
Эгоорталықты – бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік деңгейі жоғары болады. Баланың ортаға деген көзқарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уақытта оның айтқанын істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді.
Міне, осылай дұрыс тәрбиелемеуден баланың мінез-құлқы қиын болып қалыптасады. Сондықтан әрбір отбасы дұрыс тәрбие бермеуден алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейді.
Әлеуметтік педагог мектептегі қиын балалар және құқықбұзуға бейім балалардың ең алдымен, отбасылық жағдайын, баланың әлеуметтік ортада бейімделуін жоғарыдағы теорияларға негізделе отырып анықтауы қажет. Мектепте қиындық туғызып жүрген оқушының өзіндік ерекшеліктерін анықтай келе, ондағы негізгі себепті факторды саралап, әлеуметтік педагог, педагог-психолог және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары педагогикалық, психологиялық және құқықтық жұмыс атқарады.