І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай? қарым-қатынас педагогикалық тренингі



бет53/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай?


қарым-қатынас педагогикалық тренингі
Қазіргі кезеңде тренингтің үш түрі кеңінен оқу-тәрбие процесінде қолданылады. Олар:

  • когнитивтік тренингтер;

  • қарым-қатынас тренингтері;

  • релаксациялық тренингтер;

Тәрбие жұмысында көптеп қолданыста жүрген қарым-қатынас тренингін қарастырайық (1 сурет).
1-суретте қарым-қатынас тренингінің құрылысын бердік.
Қарым-қатынас тренингі үш технологияны біріктіреді:

  • өзара қабылдаушылық;

  • өзара түсінушілік;

  • өзара іс-әрекеттілік;

Қарым-қатынас тренингінің толық бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:

  1. Ұжым мүшелері өздерінің дербес қабілеттерін арнаулы тестілеуден өткізіп, біле алады. (Мысалы, арнаулы «Өрмекші-МИБ» әдістемесімен).

  2. Серіктестігін білу мақсатында өз презентациясын жасау арқылы өзара қабылдай алуы;

  3. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдары арқылы өзара түсінушілік;

  4. Бірлескен-жекеленген, бірлескен-жүйеленген, бірлескен-өзара іс-әрекеттілік жұмыстарды қамтитын өзара іс-әрекеттілік.

Іс-тәжірибе көрсеткендей-ақ, тренингке қатысушылардың саны 8-ден 12-ге дейін болғаны дұрыс.
Педагогикалық тренинг құрылысы төмендегідей болады:

  • тренингке дейінгі сыныптың көңіл-күйін анықтау; (1-сурет)

  • әр ойыншының білім, білігін тексеру;

  • үйренетін негізгі білімді жеке, ұжымдық оқыту формасын ойын элементтерін қоса пайдалану барысында меңгеру;

  • тренингтің ортасында сергіту не демалыс сәті, психологиялық бәсеңсу болуы шарт;

  • ауызша не жазбаша кері байланыстың болуы керек.

Егер тренингті дұрыс ұйымдастыра білмесек, тренинг оқыту – білімділік функциясын жоғалтып, көңіл көтеретін іс-шараларға айналып кетуі мүмкін.
Қарым-қатынас тренингін өткізу үшін арнаулы құрал-жабдықтар қажет:

  • қарым-қатынас барысында әрбір оқушының жеке басының мүмкіндіктерін анықтауға көмектесетін әртүрлі тестілер болуы керек;

  • әр топқа немесе әр оқушыға берілетін үлестірмелі тапсырмалар;

  • психологиялық жаттығулар;

  • рөлдік және іскерлік ойындар;

  • видеоаппаратуралар, техникалық құралдар, әр түрлі көрнекіліктер.

1 сурет














Қ арым-қатынастық тренинг

































































































Өзара қабылдаушылық технологиясы




Ө зара түсінушілік технологиясы




Өзара іс-әрекеттілік технологиясы





















































































Өз презентациясын жасау әдістері




Серіктестігін білу әдістері







Қарым-қатынастың тілдік құралы




Қарым-қатынастың тілдік емес құралдары




Бірлескен-жекеленген




Бірлескен жүйеленген




Бірлескен-өзара іс-әрекеттілік




  • тренингке қатысқан әр топтың, әрбір оқушының жауабын бағалауға арналған арнайы бланк-қағаздар және т.б.

М

С -өҰ Т-Б Т-Б







Б-шҚ Ш-И




2-сурет. Жеке тұлғалық қасиеттердің дөңгелектік диаграммасы.
Мұндағы:
М – мақсаткерлік;
Б-шҚ – батылдық және шешім қабылдаушылық;
Т-Бтабандылық;
Ш-И - Өз бетінше шешім қабылдауы және инициатива танытуы;
С-өҰ - өзіне деген сенімділік және өзін-өзі ұстай алуы;
_ _ _ _ 1-ші зерттеушінің нәтижесі;
______2-шi зерттеушiнiң нәтижесi;
Оқушының жеке дербес қабілеттерін анықтауға «Өрмекші - МИБ» дөңгелек диаграммасын пайдалануға болады (2-сурет). «Өрмекші - МИБ» дөңгелек диаграммасының ерекшелігі – жүргізілетін тест нәтижесін сәйкестендіру: бірі – сандық көрсеткіші ұпаймен, екіншісі – сапалық көрсеткіші – төмен, орта, жоғары деңгейлерімен беріледі.
Алынған нәтижелердің құндылығы арта түседі, егер бұған қосымша Л.С. Выготскийдің терминологиясын қолданатын болсақ. Осы диаграммаға алынған әрбір тестің нәтижесін әр оқушы үшін көрсететін болсақ, кәдімгі өрмекші шығады. Сонда шеңбердегі әрбір нүскелер «өрмекші» арасындағы зерттелетін зонаның «жақын даму зонасын» көрсетеді.

Қарым-қатынас тренингін өткізу ережелері


Қарым-қатынас тренингін өткізердің алдында ойыншыларды тренингтің өткізу ережесімен таныстырып алған жөн.
Қарым-қатынас тренингісінің ережесі:
Теңдік. Әрбір ойыншы тренинг кезінде өз ойын ортаға салуға, өз ойымен қалғандарымен бөлісуге құқы бар. Әрбір топ өздерінің білімдерінің күшті не әлсіз жақтарына қарамастан, өздерінің ой тұжырымдарын, аргументтерін беруге құқылы.
Қауіпсіздігі. Әрбір топ, әрбір ойыншы тренинг кезінде қарым-қатынас қашықтығын сақтауға міндетті: яғни қарсылас топтың не жекеленген ойыншының кейбір осал жақтарын тіке де, жанама да ашуға рұқсат етілмейді. Сырт көз тренинг барысында кімнің, өзін қалай ұстағанын аңғармауы керек.
Таңдау құқы. Тренинтің басынан соңына дейін кейбір іс-әрекетке қатыспай отыруына құқы бар.
Көмек. Топтың әрбір мүшесі тренинг барысында топтың басқа мүшелерінен, кей жағдайда қарсылас топтан, тіпті тренингті жүргізушіден көмек сұрай алады.
Кері байланыс. Тренинг жүргізуші мен тренингке қатысушы топтар арасындағы ең жағымды (жақсы) және жағымсыз (нашар) кезеңдеріне тоқталып, баға беруі қажет.
Шынайылық. Әрбір тренингке қатысушы ойыншы мәселені шешуде ашықтықтың (шынайы ақиқаттылық) өзіне тән дәрежесін таңдайды.
Осы және қазір. Тренингтің барысында көрсетілетін мәселені кешегі күнмен де, болашақта да қарамай, дәл қазір, осы жағдайда, осы уақытқа қатысты шешеді.
Белсенділік. Тренингтің белсенді ойыншылары өздеріне қажетті, өмірлерінде қолданыс табатын қасиеттер мен қабілеттерді жақсы меңгереді. Сондықтан тренингте әр оқушы белсенділік танытқаны жөн.
Жеке жауапкершілік. Тренингке қатысушы әрбір ойыншыдан өз іс-әрекетіне (рөліне) үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Тренинг барысында әрбір ойыншы өзінің мәселесін шынайы шешуге баруы керек, егер соңында ойыншы өзіне қанағаттанушылық сезімін оята алмаса, онда тренинг жүргізушіден үйге қосымша тапсырмалар алып, шынығуы қажет. Келесі болатын тренингке алдын-ала дайындалғаны жөн.
Өз атынан сөйлеу. Тренингке қатысушы әрбір топ арасында өзара келісушілік болуы шарт: егер бір нәрсе туралы айтсақ, сол айтқан мәселе туралы толық жауапкершілік аламыз, ал басқа ойыншылардың жеке ой-пікіріне түбегейлі әсер етуді көздейміз.
Әрбір тернингке қатысу. Барлық тренингке қатысу шарт, өйткені тренингтегі көтерілетін мәселелер бір-бірімен байланысты.
Кешігуге жол жоқ! Тренингке берілген әрбір минутты ұтымды пайдалану қажет. Көп білген емес, уақытты ұтымды пайдаланған, лезде шешім қабылдаған ұтады.
Үй тапсырмасы. Тренингке қатысушылардың білік, дағдыларын одан әрі шыңдау үшін үйге тапсырма беріледі.
Тренинг басталарда әлеуметтік педагог оқушыларды тренигті өткізу ережесімен толық таныстырып өтеді. Тренингке қатысушылар ережемен мұқият танысып шығып, қажетті ережелерді қолданып, тақырыпқа байланысты қосымша ережелерді қосуы мүмкін. Тренинг ойыншылар ұсынған өзгертілген ереже бойынша өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет