І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


Адамдармен сыйыса аласыз ба?



бет74/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105
Байланысты:
1050 CNx (4)

4 Адамдармен сыйыса аласыз ба?

Әзіл түрінде жасалған осы тест сіздің адамдармен қаншалықты тіл табыса алатыныңызды және қоршаған ортамен қарым-қатынасыңызды анықтайды. Мысалы, ұжымда бір адаммен бірнеше жыл қатарынан бірге жұмыс істеп, оның шын мәнінде қандай жан екенін толық түсінбей кетуіңіз де мүмкін ғой. Ал кейде жаңа танысқан адамыңызбен алғашқы минуттардан бастап-ақ өзіңізді еркін әрі жеңіл сезінесіз.


Аталмыш тест «А» және «Б» сұрақтарынан құрылған 2 топтан тұрады. «А» тобының сұрақтарына жауап бере отырып, «а» және «б» нұсқасын таңдайсыз, ал «Б» тобының сұрақтарына «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап бере аласыз.


«А» тобының сұрақтары





  1. Біреудің айтқан уақытында кездесуге келмеуі –қитығыңызға тие ме?

а) Иә. Мен айтқан сөзінде тұрмайтын адамдарды жек көремін және мұндай оқиғаларға қатысты ақталуды мойындамаймын.
б) Әрине, мен сөзінде тұратын адамдарды жоғары бағалаймын, алайда, кездейсоқ оқиғалар бәріміздің басымыздан өтуі мүмкін.



  1. Төсекте жатып кітап оқығанды ұнатасыз ба?

а) Жоқ, ол өте зиян.
б) Иә, өте жақсы көремін.



  1. Сіз қызмет орныңызды қол жудыңыз делік. Енді қолыңызды сол жерде ілулі тұрған ортақ орамалмен сүртуге қалай қарайсыз?

а) қалтамнан алып, өз қол орамалыммен сүртінемін
б) иә, егер де ол сүлгі құрғақ болса, қолымды сүрте беремін.



  1. Таныс адамыңызды жолықтырғанда, оның бетінен сүйіп амандасасыз ба?

а) Жоқ, бұлай сәлемдесу тым фамилиарлы деп есептеймін.
б) Иә, бұлай жақындасу –жақсы қарым-қатынас орнатудың тиімді кепілі.



  1. Киноға екі билетіңіз бар. Ал, досыңыз осы жолы келе алмай қалды. Не істемексіз?

а) оның билетін сатып, өзім бара беремін
б) екеуін де сатып, келесі жолы барамын



  1. Жеңіл музыкаға қалай қарайсыз?

а) Жеңіл музыканы ұнатпаймын, тек дәстүрлі ән тыңдаймын
б) Жеңіл музыканы да жақсы көремін. Ол да өз бетінше керемет.

«Б» тобының сұрақтары





  1. Өтініштерді қиындықсыз орындайсыз ба?

  2. Кино көріп, өлең, музыка тыңдағанда көзіңізге жас алып, толқисыз ба?

  3. Үй ішіндегі жиhаздардың орнын өзгерткенді ұнатасыз ба?

  4. Кірпияз жансыз ба?

  5. Даулы мәселеде өзіңіздікі дұрыс екенін біліп, сабырлылық сақтау үшін дауды доғара аласыз ба?

  6. Дастархан басында тілек айтқан ұнай ма?

Диагноз
Егер «А» тобының сұрақтарына жауап бере отырып, 3 реттен кем емес «б» нұсқасын таңдасаңыз, ал «Б» тобының сұрақтарына 4 рет «иә» нұсқасын белгілесеңіз –сіз адамдармен сыйыса аласыз. Сіз біреудің көңіліне қарайлап, ортақ іске жұмыласыз. Сізге адамдармен үнемі аралас-құралас жүретін мамандық ұнайды. Сізден жақсы дәрігер, саудагер, ұұстаз шығар еді. Қоршаған ортаңыз сізді ұнатады.

Егер «А» тобының сұрақтарына 4 реттен кем емес «а» нұсқасын таңдап, «Б» тобына 4 реттен кем емес «жоқ» десеңіз, онда –адамдармен тіл табысуыңыз қиындау. Бірақ, бұл жаман дегенді білдірмейді. Сіз өзіңізді сыйлайсыз, шешім қабылдағыш әрі керек кезде «жоқ» деп айта аласыз. Достыққа берік, шыдамдысыз. Жалпы, сіз сияқты адамдарға әбден сенуге болады. Сіздің типіңіздегі адамдар көбінесе өз ісінде үлкен жетістіктерге жетеді.


Егер «А» тобының сұрақтарына 3 рет «а», 3 рет «б» нұсқасын таңдап, «Б» тобының сұрақтарында 3 «иә» мен 3 «жоқ» жауабы кездессе, яғни, екеуі де тең болса, қоршаған ортамен сіздің қарым-қатынасыңыз орнаған жағдайға байланысты өрбиді. Сіз қатал әрі бітімге келгіш бола аласыз. Мұнда бір ғана қауіп бар: сіз, бәлкім, өз пікіріңізден тез айнып шығасыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет